Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Электр тогымен туындайтын төтенше жағдайлар



бет109/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   264
3.5 Электр тогымен туындайтын төтенше жағдайлар

Электр тогы – бұл зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалу үрдісі.

Адам үшін айнымалы және тұрақты ток қауіпті. Ол бұлшық еттердің тартылуына, тыныс алу және жүрек-тамыры жүйелерінің тіршілігін бұзуға, тыныс алудың немесе жүрек соғысының толық тоқтауына әкеліп соғуы мүмкін. Жүрек соғысының тоқтауынан 5-6 минуттан кейін, оттегінің жетіспеу нәтижесінде ми клеткаларынің тіршілігі тоқтай бастайды. Көрсетілген уақыт ішінде, жүрек жұмысын қалпына келтіру мақсатында жансақтау әрекеттерін істеу керек.

Электр тогының әсері адам организмінде бір қатар физиологиялық және рефлекторлық өзгерістерге әкелуі мүмкін: естен тану, тыныс алудың тоқтауы, клеткалардағы қайтымсыз өзгерістер, жүйке жүйесінің бұзылуы, сонымен қатар, күйік, қанның ыдырауы, терінің жыртылуы және т.б.

Тұрмыстық жағдайда жиілігі 50 Герц (Гц), кернеуі 220 Вольт (В) айнымалы электр тогы қолданылады. Электр тогының ұзақ (2 секундтан көп) әсер етуінен қатты жарақаттану мүмкіндігі артады.

Электр тогымен жарақаттанудың негізгі себептері:

- ток өткен сымдарға байқаусызда тиіп кету;

- ақаулы тұрмыстық электр приборларын және электр қондырғыларын іске қосу;

- техника қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы.

Егер ток өткен сым жерге үзіліп түссе, оның аймағында электр тогы ағымының аймағы түзіледі. Қауіпті аймақтан аяғыңызды жерден көтермей немесе бір аяқтап секіріп шығу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет