Сазды жанартаулар - дүркін-дүркін немесе сирек атқылап, өзінен сұйық балшық және әр түрлі газ бөліп шығаратын жанартаулар. Бұлар мұнайлы және жанартаулы аймақтарда, сол сияқты өзен атырауларында кездеседі. Апшерон, Тамань, Керчь түбектерінде, Шығыс Грузияда, Италияда, Исландияда, Жаңа Зеландияда, Орталық Америкада кездеседі.
Страто жанартаулар - конусы лава тасқындарының, яғни жанартау қиыршықтары мен күлдері қабаттарының кезектесіп орналасуынан құралған жанартаулар, басқаша оларды аралас конустар деп атайды. Олар көбінесе биік болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |