Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет6/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   264
Төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргiзiлетiн және адамдардың өмiрiн сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемiн азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрi таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтiру жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстар.

Төтенше жағдайлардың алдын алу - алдын ала жүргiзiлетiн және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерiн мүмкiн болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмiрiн сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерiн кемiтуге бағытталған шаралар кешенi.

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шараларға мыналар жатады:

- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеліп соғуы мүмкiн аварияны, зiлзала мен апатты болжау және олардың қауіпi туралы хабарлау;

- төтенше жағдайлар саласындағы бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары;

- төтенше жағдайлар саласындағы техникалық регламенттерге талдау жасау.

Төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми зерттеулердiң негiзгi мiндеттерiне мониторинг әдiстерiн әзiрлеу мен төтенше жағдайлардың деректер банкiн жасау, төтенше жағдайларды болжау, алдын алу әдiстерiн, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу кiредi.

Жағдайды қадағалау, бақылау мен төтенше жағдайларды болжау қызметi (сейсмологиялық қызмет, сел жүретiнiн хабарлау, радиациялық қауiпсiздiктi бақылау жүйелерi және басқалар) арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың жанынан құрылады және төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiне енгiзiледi.

Төтенше жағдайлар саласындағы бiлiмдi насихаттау iсiн арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады. Бiлiмдi насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланылуы мүмкiн.

Халықты оқытып-үйрету мектеп жасына дейiнгi мекемелер мен жалпы орта бiлiм беретiн мекемелерде, жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлердегi ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру, бiлiктiлiктi арттыру және кадрларды қайта даярлау ұйымдарында, төтенше жағдайдағы iс-қимылға дайындау және азаматтық қорғаныс орталықтарында, жұмыс орнындағы ұйымдарда жүргiзiледi.

Төтенше жағдайлар пайда болған кезде қатер төнуiн, шығындар мен залалды мүмкiндігінше азайту үшiн мынадай қорғану шараларын жүзеге асыру керек:

- сейсмикалық жағынан берiк құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық берiктiгiн күшейту;

- гидротехникалық және инженерлiк-геологиялық қорғану шаралары;

- көлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көлiкте төтенше жағдайларды болғызбау үшiн коммуникациялар жүйелерiн жетiлдiру;

- қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi қорғану шаралары;

- өрттерге (жарылыстарға), iндеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауылшаруашылық өсiмдiктерiмен, орман кеселдерімен және зиянкестерімен зақымдануына жол бермеу шаралары;

- арнайы уәкiлдiк берiлген органдардың мiндеттi күшi бар нұсқамаларында көздеген басқа да шаралар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет