Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет97/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   264
Қауіпсіздік ережелері. Зымыранның күштілігінен онымен ерекше абай болу керек. Зымыранды жерге емес, мойны жіңішке бөтелкеге немесе темір құбырдың кесіндісінің 1/3 бөлігінің ішіне салып орнату керек (ол ұшпай жерде салют атуы мүмкін).

Күн - горизонтальды осьті айналатын, жан-жағына ұшқын шашатын, түрлі-түсті шеңбер жасайтын өте әсерлі фейерверк. Сатылымда бұйым шегемен бірге сатылады. Ол күннің ортасындағы саңылауға кигізіліп, 1,5 метрден кем емес биіктікте тік тірекке шегеленеді. Тіректі ағаштан жасауға болады.

Қауіпсіздік ережелері. Оны тек қана далада жағыңыз. Күнді орнату кезінде оның айналуына кедергі тигізбейтіндігін тексеріңіз.

Тыйым салынады:

- ақаулы пиротехникалық өнімдерді пайдалануға: жыртылған, майысқан, дымқылданған, сырты немесе фитилі зақымдан;

- фейерверктерді қалтаға салып жүруге, оларды алауда жағуға, бөлшектеп оларға механикалық әсер етуге;

- мас күйінде пиротехникалық өнімдермен көңіл көтеруге және олардың жанында шылым шегуге;

- жылынатын аспаптардың жанында сақтауға;

- ағаш бұталарының, электр сымдарының астында және тез жанғыш заттардың жанында фейерверкті қолдануға;

- фитильді тұтату кезінде пиротехникалық құралға еңкеюге болмайды;

- істемей қалған құралды екінші рет тұтатуға;

- үлкендерсіз балаларға қолдануға.

Жарылыс қауіпті заттарды тауып алған кездегі іс-әрекеттер:

- тиіспеңіз, тасымалдамаңыз, қорабын ашпаңыз, лақтырмаңыз;

- 100 м кем емесе қашықтыққа шегініңіз;

- күдікті зат туралы милицияға, құтқарушыларға, өрт қызметкерлеріне хабарлаңыз;

- ұялы телефонды қоданбаңыз;

- мамандардың келуін күтіп, оларға тапқан жеріңізбен уақытын айтыңыз.

Жарылыс кезінде адам, жарылыс энергиясынан, ұшқан бөлшектерден, өрттен зақымдануы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет