Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#7869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

тілді деп аталады.
Көптеген
 
дауыссыз
 
дыбыстардың
 
туындауында 
артикуляцияның негізгі тәсіліне қосымша артикуляция қосылады. Ол 
тіл мойынының ортаңғы бөлімінің қатты таңдайға көтерілу түрінде 
болады, оны палатализация деп атайды (латынның palatum – таңдай), 
палатализацияның   акустикалық   нәтижесі   дауыссыз   дыбыстардың 
жұмсаруы болып табылады. 
Дауыссыз   дыбыстардың   жіктелуі.  Дауыссыз   дыбыстардың 
жіктелу   негізінде   осындай   белгілер   жатыр:   1)   шу   мен   дауыстың 
қатысуы;   2)   ар   тикуляция   тәсілі;   3)   артикуляция   орны;   4) 
палатализацияның болуы немесе болмауы.
Дауыс пен шудың әсерінен туындайтын дауыссыздар  үнді  деп 
аталады. Үнді дыбыстырға м, м', н, н', л, л', р және р' жатады. 
Үнді   дыбыстар   қалған   дыбыстарға   қарама-қарсы,   оларды   ұяң 
дауыссыздар   деп   атайды.   Үнді   дыбыстарға   қарағанда   ұяң 
дауыссыздар күшті шу қатысында туындайды. 
Ұяң   дауыссыздар   өз   алдына   екі   топқа   бөлінеді.   Дауыстың 
қатысуынсыз   тек   бір   шудан   пайда   болатын   дауыссыздар.   Оларды 
айтқан кезде дауыс саңылауы ашық, дауыс қатпарлары тербелмейді. 
Артикуляция   тәсілі   бойынша,   яғни   активті   және   пасивті 
дыбысталу   мүшелері   арасындағы   кедергілердің   пайда   болу   тәсіліне 
қарай дауыссыздар бес топқа бөлінеді:
1. қатаң: п, п', б, б', т, т', д, д', к, к', г, г'.
2. ызың: ф, ф', в, в', ' с, с', з, з', х, ш, щ, ж.
3. қатаң-ызың, немесе аффрикатты: ц, ч. 
4. үнді: м, м', н, н', л, л'.
5. діріл: р. 
4. Бала тілінің негізгі даму сатылары
Бала   тілінің   дамуы   дыбыс   аппаратының   бұлшық   еттерінің 
күрделі   шартты   және   шартсыз   қлзғалысына   сәйкес   қалыптасады. 
Тілдің   дамуы   үшін   басқа   адамдармен   болатын   қарым-қатынастың 
маңызы   зор.   12-16   жасқа   дейін   адамдармен   араласпай   өскен 
балалардың   адамға   лайықты   сөйлеу   қабілеті   болмайды.   Олар   тек 
жануарлар сияқты жеке сөздерді айтып, біраз сөздердің  мағынасын 
түсінгенімен, яғни аздап сөйлеп үйренгенімен, ол екінші сигналдық 
77

дәрежеде   қалыптаспайды.   Бұған   дәлел   маймылдар   тәрбиелеген 
адамның балалары. Сәби кезінен бастап, жануарлардың тәрбиесінде 
болып,   адамдармен   қарым-қатынасы   кеш   басталған   балалардың 
ересек   адамдардай   сөйлеу   қабілеті   болмайды,   оларды   адам   кейпіне 
келтіріп тәрбиелеу де, сөйлеп үйрету де қиын, кейде мүлде мүмкін 
болмайды.   Ал   ертерек,   кішкентай   кезінде   табылған   балаларды 
сөйлетуге болады.
Жаңа   туған   бала   дыбыс   аппаратының   шартсыз   қимыл 
рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. Екінші айдан 
бастап   дауыстай   алады,   ересек   адамға   еліктеп   кейбір   дауысты 
дыбыстарды   қайталай   бастайды,   үшінші   айға   жеткенде   гуілдейді, 
былдырлап   сөйлегісі   келеді.   Гуілдеу   мен   былдырлау   оның   дыбыс 
аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды. 
Бес-алты   айдан   кейін   еліктеу   арқылы   жеке   дыбыстарды,   сөз 
буындарын   айта   бастайды.   Алты-жеті   айда   ересектердің   сөздерін 
қайталауға   тырысады.   Бірақ   бұл   кезде,   әсіресе   жарты   жасқа   дейін, 
балаларда   бірінші   сигнал   жүйесі   ғана   дамығандықтан   сөздің 
мағынасы   жеке   дыбыс   ретінде   қабылданады,   бала   сөздің   нақты 
мағынасын   түсінбей-ақ   айта   береді.   Ал   жарты   жастан   аса   сөздің 
мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды. 
Тілдің шығуында дыбысты есту қабілетінің маңызы зор. Есту 
қабілеті ерте жойылған балалардың тілі шықпайды. 
Жақсы  еститін баланың тоғыз  айында  былдырақтап  сөйлегені 
түсінікті жеке сөздерге айналады. Екі жасқа дейінгі баланың сөйлеуі 
оның   ана   тіліне   байланысты   емес.   Екі   жастан   соң   ғана   ана   тіліне 
байланысты артикуляция байқала бастайды. 
Бір жарым жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, 
баланың   тілі   қалыптаса   бастайды.   Баланың   ми   қыртысында   дыбыс 
орталығы   мен   сөйлеу   орталығының   арасында   жүйкелік   байланыс 
пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, екі-
үш   сөздің   басын   құрау   қабілеттері   пайда   болады.   Дені   сау,   жақсы 
дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, 
үш жаста 1500, төрт жаста 4000, бес-алты жаста 4-5 мыңдай сөз қоры 
жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне, 
қозу   мен   тежелудің   қасиеттеріне   байланысты   балалардың   сөз 
қорының   мөлшері   әр   түрлі.   Сөз   қоры   баланың   басқа   адамдармен 
қатынасына, табиғатына, яғни генетикалық тұқым қуалаған қасиетіне, 
болмысты білуге арналған ынтасына, тәрбиесіне, өмір сүріп жатқан 
ортасының мәдениетіне байланысты. Баланың алғашқы сөздері оның 
көңіл-күйіне   негізделген,   өмір   қажеттілігінен   шыққан   сөздер   болса, 
78

кейіннен   сыртқы   ортаны   тануына,   өзінің   өмір   тәжірибесіне 
байланысты. 
Бала   тілінің   дамуына   үш   пен  төрт   жастың   арасының   маңызы 
ерекше. Бұл кезде тіл байлығы көбейтуге, сөздің мағынасын дұрыс 
түсіндіруге   көбірек   көңіл   бөлген   жөн.   Төрт   жаста   баланың   тіл 
байлығы   молайып,   сөзге   байланысты   нақтылы   сапасы   артады.   Осы 
кезде   баланың   сөздерді   дұрыс,   анық   айтуына   көбірек   назар   аудару 
қажет,   онымен   көбірек   сөйлесіп,   қателерін   жөңдеу   маңызды.   Бұл 
мерзім   ата-анасынан   шыдамдылықты   талап   етеді,   өйткені   баланың 
мәлімен алуға ынтасы күшті, сұрақты көп қояды. Бір сұраққа берілген 
жауап   екінші   сұрақты   тудырады   да   ересек   адамның   жауап   беруге 
шыдамын   таусады.   Дегенмен,   баланы   дөрекі   төқтатып   тастамай, 
сыпайы, көңілін басқа нәрсеге аударып жіберген жөн. Жалпы алғанда 
ауызша сөз қорының дамуы бес-жеті жасқа дейін созылады.
Мектеп   жасына   дейінгі   балалардың   тіл   байлығын   дамытуда 
түрлі   ойыншықтарды,   әңгімелердің,   балалармен   қыдырып   жүрген 
кезде сыртқы ортамен танысуының маңызы үлкен.
Жеті жасқа дейінгі балалардың белгілі бір жағдайға, нақтылы 
әсерге   байланысты   сөздері   жақсы   сақталады.   Бұл   кездегі   баланың 
санасы нақтылы тітіркендіргіштің әсерінен дамиды.
Бастауыш   сынып   оқушыларында   жазбаша   тілді   дамытуда 
ауызша   тіл   маңызды   орын   алады.   Баланы   жауап   беруге   үйретуден 
бастап, оның «ішінен» сөйлеу қабілеті дамиды. Ішкі ойын дәл жеткізу 
қабілеті   баланың   жеке   басының   санасының,   ақыл-ойының   дамуына 
байланысты. Мұнда баланы дұрыс сөйлетіп, ойын дәл айтуға үйретуде 
мұғалімнің,   тәрбиешінің   орыны   ерекше.   Сондықтан   оқушы   тек 
кітаптағы   сөздерді   жаттап   айтуды   ғана   машықтамай,   оның   ойлау 
қабілетін, дарынын дамыту керек. Жастардың ойы ішкі тіл байлығына 
байланысты, сондықтан мұғалім талапшыл болса, онда оқушылардың 
тілі дұрыс жаттығып, жақсы дамиды.
Баланың   жасы   ұлғая   келе   абстрактылі   ойлау   жақсы   дами 
бастайды,   сөйтіп   баланың   сана   сезімінің   артуы   күшейген   сайын 
екінші сигнал жүйесінің маңызы арта түседі, бірінші сигнал жүйесінен 
басымырақ болады. 
Баланы оқыту барысында тіл байлығы дамып, сөйлеу қабілеті, 
санасы арта түседі. Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру арқылы 
оның   жоғарға   жүйке   әрекетін   жақсы   дамытуға   болады.   Бұл   кезде 
тәрбие жұмысын мұғалімдер мен ата-аналардың бір-бірімен келісіп, 
жөнге қойғаны аса маңызды болады. 
79

III ТАРАУ
СӨЙЛЕУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ПАТОЛОГИЯСЫ
Есту   мүшелерінің   патологиясын   жоғарыда   сипаттағандай   осы 
тарауда тек педагогтер үшін практикалық маңызы зор патологиялық 
процестер   қарастырылады.   Әсіресе   дауыс   пен   сөйлеу   қызметінің 
бұзылыстарына   әкелетін   сөйлеу   мүшелерінің   құрлысы   мен 
қызметіндегі өзгерістер. Осы тарауда кемшіліктердің (дефектілердің) 
дамуы,   сонымен   қатар   шеткі   сөйлеу   аппаратының   аурулары   толық 
қарастырылады.   Ал   сөйлеу   қызметінің   орталық   механизмдер 
патологиясы невропатология курсының міндеті.
1. Мұрын мен мұрын қуысының аурулары
Мұрынның   мүлде   жоқ   болуымен,   мұрын   ұшының   қысылып 
келуімен, екі мұрынның болуымен туа пайда болған ауытқулар сирек 
кездеседі және мұрын қуысының туа, жүре пайда болған өзерістері 
сияқты сондай практикалық маңызы зор емес.
Мұрын қуысының тарылуы мен өсіп кетуі. Кейде бір немесе 
екі жақ мұрын қуыс жолдарының тарылуы туа пайда болуы мүмкін. 
Басқа жағдайларда туа пайда болған тарылу тек мұрын кіре берісінде 
болып, таңаудың толық өсіп кетуімен (атрезия) аяқталуы байқалады. 
Салыстырымды   түрде   сирек   кездесетін   аномалия   –   таңауды 
кеңейтетін   бұлшық   еттердің   әлсіздігінен   туындайтын   мұрын 
қанаттарының инспираторлық (дем алу) сорылуы. Ондай жағдайларда 
таңау   дем   алу   кезінде   кеңеймейді,   керісінше,   мұрын   қанаттары 
мұрынның   ішіне   қарай   сорылады,   ал   бұл   мұрын   қуысына   ауаның 
кіруіне кедергі келтіреді.
Атрезия   кейде   хоана,   яғни   мұрын   қуысы   мен   жұтқыншақ 
қуысын байланстыратын тесіктің маңында байқалады. Атрезия толық 
және толық емес, бір жақты және екі жақты болуы мүмкін. 
Көп   жағдайларда   мұрындағы   өскіндер   көптеген   өткір   және 
созылмалы жұқпалы аурулардың (дифтерия, мерез және т.б.) негізінде 
мұрында дамитын жаралы процестердің нәтижесінде пайда болады. 
Осындай   өскіндерді   тек   операциялық   жол   арқылы   жоюға 
болады, хоана тесігінің атрезиясына жасалатын операция өте күрделі 
болып табылады. 
Мұрын   жарақаты.  Әсіресе   балалық   шақта   мұрын   жарақаты 
жиі   кездеседі.   Жарақат   мұрынның   сүйекті   қаңқасының   сынуымен 
пайда болады.
80

Мұрын   сүйектерінің   жарақаты   нәтижесінде   мұрынның 
деформациясы байқалады. Кеңсірік шеміршегінің зақымдалуы кезінде 
кілегей   қабатының   астында   өте   жиі   қанның   кетуі,   немесе   көп 
жағдайларда   абцесске   айналатын   гематом   болады.   Кеңсірік 
шеміршегінің абцессі  балаларда мұрын мойынының жалпақтануына 
әкеледі.   Бұл   мұрын   деформациясын   (ер   тоқымды   мұрын),   кейде 
мұрынның резонаторлық қызметінің бұзылуын тудырады. 
Кеңсірік шеміршегінің жарақаты кезінде абцисстің дамуын және 
кейіннен   мұрынның   деформациясын   алдын   алу   үшін   ерте   кезден 
бастап емдеген жөн. Сондықтан кеңсірік шеміршегінде гематомның 
пайда болуына күмән болса (бір жақ мұрын қуысының бітелуі), онда 
баланы тез арада дәрігер-отоларингологқа көрсету қажет. 
Сыртқы   мұрынның   деформациясын   емдеу   пластикалық 
операциялар   арқылы   оның   пішінің   түзетуге   негізделген.   Ондай 
операциялар   бет   қаңқасының   дамуы   аяқталғаннан   кейін,   яғни   18 
жастан кейін жасалады. 
Кеңсірік   шеміршегінің   қисаюы.
 Мұрынның   кеңсірік 
шеміршегі   қалыпты   жағдайда   сирек   тік   болып   орналасады,   ол   оң 
жаққа немесе сол жаққа қисайып орналасқан (36 сур.). Кейде кеңсірік 
шеміршегінің   қалың   болуы   байқалады.   Ал   басқа   бір   жағдайларда 
мұрынның кеңсірік шеміршегі дем алуды қиындату дәрежесіне дейін 
қисаяды. 
36 Сурет. Кеңсірік шеміршегінің қисаю түрлері.
Мұрынның   кеңсірік   шеміршегінің   қисаюына   мен   ондағы 
тікендердің   шығуына   себеп   болатын   мұрын   қаңқасының   әр   түрлі 
бөлімдерінде сүйектердің біркелкі өспеуі болып табылады: мұрынның 
қақпақшасы мен түбіне қарағанда мұрынның кеңсірік шеміршегі тез 
дамып   бітеді.   Ерте   балалық   шақта   кеңсіріктің   қисаюына   әр   түрлі 
жарақаттар себеп болады (мұрынмен құлаған кезде).
81

Кеңсірікті   операциялық   жолдармен   түзетеді.   Операция 
кеңсіріктегі қисайған бөлімдерді жоюға негізделген, мұнда тек сүйек-
шеміршекті   пласинкалар   жойылады,   ал   кілегейлі   қабат   сақталады. 
Мұндай операциялар да тек 17-18 жастан кейін ғана жасалады. 
Мұрындағы бөгде заттар. Мұрындағы бөгде заттардың болуы 
балаларда   байқалады.   Өйткені   олар   ойынаған   кезде   әр   түрлі   ұсақ 
заттарды   мұрынға   салады:   тас,   мойыншақтар,   түйме,   шие   дәні, 
бұршақтар және т.б. 
Осы   бөгде   заттар   бір   кейде   екі   мұрын   қуыстарын   бітеп, 
мұрынның   кілегейлі   қабатының   іріңді   қабынуын   тудырады.   Бала 
мұрынынан ірің иісі бар бөліністер бөлінсе (әсіресе ірің тек бір жақтан 
ғана бөлінетін болса), бұл ондағы бөгде заттардың болуын білдіреді. 
Көп   жағдайларда   бөгде   заттар   мұрынның   төменгі   бөлімінің 
басында қалып қояды, тәжірибелі дәрігердің көмегімен ол заттарды 
алып   шығуға   болады.   Мұрыннан   бөгде   заттарды   тез   арада   алып 
тастауға   асықпаған   жөн,   оның   мұрында   бірнеше   күн   болуында 
ешқандай қауіптілік жоқ. Сондықтан бөгде заттарды өздігінен алуға 
тырыспау   қажет.   Пинцет   немесе   әр   түрлі   ұстағыштар   арқылы 
мұрындағы бөгде заттарды алу оның әрі қарай тереңірек итерілуіне 
мүмкіндік береді. 
Өткір тұмау. Мұрын кілегей қабатының өткір қабынуы, немесе 
өткір тұмау жиі кездесетін аурулардың бірі болып табылады. Өткір 
тұмау   жеке   ауру   түрінде,   немесе   жалпы   жұқпалы   аурулардың 
(қызылша, скарлатина, дифтерия, грипп және т.б.) бір белгісі ретінде 
байқалуы мүмкін. 
Көп жағдайда өткір тұмаудың пайда болуына кілегейлі қабатқа 
енген   ауру   тудыратын   микроорганизмдер   себеп   болады.   Тұмаудың 
пайда болуында суық тиюдің маңызы зор, ол ылғалды, желдетілген 
бөлмеде болғанда пайда болады. 
Өткір   тұмаудың   белгілеріне   осылар   жатады:   мұрын   мен 
мұрынжұтқыншақта   құрғақ   және   ашу   сезімдердің   болуы,   түшкіру, 
дене қызуының сәл көтерілуі. Мұрын қуысын осы кезде бақылағанда 
кілегей қабаттың ісініп, қызаруы байқалады. Бірнеше сағаттан кейін 
(кейде  2-3  күннен кейін) мұрындағы  құрғақ  сезім  жойылып, сұйық 
бөліністер  бөлінеді. Олар біртіндеп қоюланып, кілегейленеді,  содан 
іріңді   болады.   Кілегейлі   қабаттың   ісінуі   мұрынның   бітелуін 
тудырады, сырқат адам дем ала алмай басын ауыр сезінеді, әлсіздік 
пайда   болады.   Қабыну   процесі   өте   жиі   мұрынның   қосалық 
қуыстарының   кілегейлі   қабатына   өтіп,   бастың   ауыр   сырқатын 
тудыруы мүмкін. 
82

Мұрынның   бітелуі   дауыс   тембрін   өзгертеді.   Қабыну   процесі 
есту   түтігі   арқылы   ортаңғы   құлаққа   тарап,   «ортаңғы   құлақтың 
катары», «ортаңғы құлақтың өткір іріңді қабынуын» тудырады. 
Нәрестелердегі өткір тұмаудың маңызы өте зор. Нәрестелерде 
мұрынның кілегейлі қабаты сондай ісінбесе де, мұрын қуысын толық 
жауып   тастауы   мүмкін,   өйткені   оларды   мұрын   жолдары   өте   тар 
болады.   Мұрынның   бітелуі   тек   мұрын   арқылы   дем   алуын 
қиындатпайды (жаман ұйқы, ауыз бен жұтқыншақтағы құрғақтылық), 
ол ауыз арқылы дем алу қажеттілігін тудырып, қалыпты емуге кедергі 
келтіреді. Өткір тұмауды әр түрлі медикаментозды құралдар арқылы 
емдейді. 
Организмді шынықтыруға бағытталынған алдын алу шаралары. 
Қандай   болмасын   ауа   райында   ашық   ауада   балаларға   серуендеу 
қажет.   Киім   сондай   жұқа   немесе   қалын   болмау   керек.   Ауада 
гимнастикалық   жаттығуларды   жасаған   жөн,   сонымен   қатар   жазғы 
және   қысқы   спорт   түрлерімен   айналысу   организмді   одан   сайын 
шынықтырады. 
Созылмалы   тұмау.  Өткір   тұмау   бірнеше   рет   қайталанса, 
созылмалы   түрге   ауысуы   мүмкін.   Мұрынның   кілегей   қабатының 
созылмалы қабыну процесстері өткір аурудың салдарынан ғана емес, 
зиянды   әсерлердің   ұзақ   әсер   ету   салдарынан   да   дамиды.   Ондай 
зиянды әсерлерге осылар жатуы мүмкін: суық немесе ыстық ауамен 
ұзақ   уақыт   бойы   дем   алу;   мұрынды   қатты   тітіркендіретін   ауа 
құрамындағы шаң, тозаң, газ түрінде болатын бөлшектер. 
Созылмалы   тұмау   тыныс   алу   жолдарының   көршілес 
бөлімдеріндегі   қабыну   процестерінің   нәтижесі   болуы   да   мүмкін, 
мысалы,   мұрынжұтқыншақта   аденоидтардың   шығуы.   Созылмалы 
тұмаудың үш формасын ажыратады: 1) қарапайым созылмалы тұмау; 
2) гипертрофикалық тұмау; 3) атрофикалық тұмау. 
Қарапайым   созылмалы   тұмау   мұрынның   жиі   бітелуімен   және 
кілегейлі   бөліністің   бөлінуімен   сипатталады.   Жатқан   кезде 
мұрындағы ісіну кеңейеді; сырқат адамдар шалқасынан жатқан кезде 
екі жақ мұрын қуыстарының бітелуін, ал бүйір жаққа жатқанда бір 
жақ мұрынның (төменде жатқан) бітелуін сезінеді. 
Созылмалы тұмау кезінде мұрынның кілегейлі қабатының өсіп 
кетуі   (гипертрофия)   жиі   байқалады.   Кілегейлі   қабат   жеке-жеке 
бөлімдерде   қалыңдайды.   Әсіресе   мұрынның   төменгі   бөлімдерінде 
қалындау   болады   (37сур.).   Осыны   байқаған   кезде   ол   дөнестеніп 
келген   құлпынайға   ұқсайды.   Аурудың   осы   формасын 
гипертрофиялық тұмау деп атайды. Гипертрофиялық тұмау кезінде 
83

мұрынның   бітелуі   тұрақты   және   бастың   орналасуына   байланысты 
өзгермейді. Кілегей қою және қиын бөлініп шығады.
37 Сурет. Төменгі мұрын қалқанының гипертрофиясы
Созылмалы   тұмаудың   нәтижесінде   (қарапайым   және 
гипертрофиялық) ортаңғы құлақтың катарасы пайда болады. 
Төменгі   мұрынның   ұзақ   уақыт   бойы   ісінуі   және   артқы 
ұштарының гипертрофиясы есту түтігінің өткізгіштігін бұзуы мүмкін, 
ол ортаңғы құлақтың созылмалы катарасының дамуына әкеледі. 
Атрофиялық тұмау  мұрынның қалындауымен емес, керсінше 
жұқаруымен сипатталады. Мұндай ауру зиянды затардың үнемі әсер 
етуінен дамиды. Мысалы, ыстық ауамен мұрынның кілегейлі қабатын 
құрғату,   силикатпен,   цементпен,   шылыммен   және   шаңның   басқа 
түрлерімен   дем   алғанда.   Кейбір   жағдайларда   атрофиялық   тұмау  ең 
ақырғы саты ретінде гипертрофиялық тұмаудан дамуы мүмкін, осы 
кезде өсіп кеткен дәнекер ұлпасының солып қалуы жүреді. 
Атрофиялық   тұмаудың   айқын   формасында   кілегейлі   қабат 
жұқарып, құрғақ қабықтармен жабылады, ал мұрын жолдары кеңейуі 
соншалықты одан мұрынжұтқыншақты анық көруге болады. 
Атрофиялық тұмау кезіндегі белгілер: сырқат адам мұрын мен 
мұрынжұтқыншақта құрғақтылықты сезінеді, кейде иіс сезбей, басы 
ауырады. 
Созылмалы   тұмауды   тудыратын   барлық   себептерді   жою 
арқылы,   яғни   суықтың   және   ыстықтың   әсерін,   ылғалды   және   өте 
құрғақ ауаны, шаң мен түтінді жою арқылы осы ауруды алдын алуға 
болады. 
Гипертрофиялық   тұмау   кезінде   хирургиялық   жолмен   кілегей 
қабатындағы   гипертрофиялық   бөлімдерді   жоюдан   кейін   мұрын 
арқылы дем алуды қалпына келтіруге болады.
Атрофиялық   тұмау   кезіндегі   емдеу   кілегей   қабатындағы 
құрғақтылықты және мұрында пайда болатын қабықшаларды жоюға 
бағытталған.   Ол   үшін   мұрынның   кілегей   қабатына   сода   ертіндісін 
жағады, тамызады немесе шашыратады. 
Озен.  Озен   мұрын   мен   төменгі   тыныс   жолдарының   кілегей 
қабатының кенеттен атрофияға ұшырауымен жүретін созылмалы ауру 
84

болып табылады. Озеннің атрофиялық тұмаудан ерекшелігі мұнда тек 
мұрынның   кілегейлі   қабаты   ғана   емес,   сонымен   қатар   мұрынның 
сүйекті қаңқасы атрофияға ұшырайды, сондықтан озен кезінде мұрын 
жолдары одан сайын кеңейген болып келеді. Озенға жағымсыз иісі 
бар   қабықшалардың   пайда   болуы  тән.   Иіс  сезу   бөліміне   таралатын 
кілегейлі   қабаттың   атрофиясының   салдарынан   озенмен 
сырқаттанатын   адам   иіс   және   дәм   сезбейді.   Кейде   озен   кезінде 
мұрыннан жағымсыз иіс шығып тұрады, бұл қолайсыз жағдайларды 
тудырады. 
Озеннің   пайда   болу   себептері   қазіргі   кезде   әлі   толық 
зерттелмеген.   Осы   аурулардың   дамуында   сыртқы   орта 
факторларының,   әсіресе   материалдық   және   тұрмыстық   жағдайлар 
маңызды орын алады. 
Озенді емдеу қабықашаларды механикалық жолмен жоюға және 
кілегейлі қабатты сілтілі ертіндімен шаюға негізделген. 
Мұрын полиптері. Мұрын полиптері жұқа аяқшаларда отырған 
дөңгелек   пішінді   ісінген   түзілістер.  Олар   көбнесе   ортаңғы   мұрын 
жолдарынан шығады. Полиптер сұр түсті, кейде сары-қызғылт түсті, 
тегіс беткейлі консистенция. Оның мөлшері әр түрлі болып келеді: бір 
сырқатта көптеген ұсақ бұршақ тәрізде полиптер болады, басқа бір 
сырқаттарда   бүкіл   мұрын   қуысы   бір   ірі   полиптерге   толы   болуы 
мүмкін. Полиптер қосалқы мұрын қуыстарының ауруларында дамиды. 
Сырқат  адамдар дем  алудың қиынға  соғуын сезінеді. Бас  жиі 
аурады,   мұрынның   бітелуіне   орай   дауыс   өзгереді,   есту   қабілеті 
төмендейді. Полиптерді хирургиялық жолдармен емдейді. 
Ринолалия.  Мұрын   қуысының   дауыстың   пайда   болуы   мен 
артикуляциясына қатысуы бұзылған кезде дауыс тембрі мен сөйлеу 
дыбыстарының   патологиялық   өзгерісі  ринолалия  деп   аталады. 
Ринолалияның   екі   түрін   ажыратады   –   ашық   және   жабық.   Ашық 
ринолалия   кезінде   барлық   сөйлеу   дыбыстарының   дыбысталуы   тек 
ауыз арқылы ғана емес, мұрын арқылы да өтеді; ал жабық ринолалия 
кезінде ауа тек ауыз арқылы ғана өтеді. 
Мұрын қуысы өткізгіштігінің бұзылысын тудыратын мұрынның 
толық екі жақты атрезиясы және басқа да патологиялық процесстер 
мұрын резонансын толық істен шығуына әкеледі. Осы кезде жабық 
ринолалия   пайда   болады.   Дауыс   мұндай   жағдайда   өзіннің 
обертонынан айырылып, дауыс естілмейді. 
Егер   мұрын   қуысының   бітелуін   тудыратын   кедергілер 
мұрынның немесе мұрынжұтқыншақтың артқы бөлімінде орналасса, 
онда оны артқы жабық ринолалия деп атайды. Ал кедергілер мұрын 
қуысының алдыңғы бөлімінде орналасса, онда оны алдыңғы жабық 
85

ринолалия   деп   атайды.   Алдыңғы   жабық   ринолалия   кезінде   мұрын 
резонансы кейде сақталады. 
Жабық   ринолалия   кезінде   әсіресе   мұрын   дыбыстарының 
дыбысталуы бұзылады. Мұрын толығымен бітелген кезде м және н 
дыбыстарының орнына сәйкес б және д дыбыстары айтылады (мама 
сөзінің орнына – «баба» , няня сөзінің орнына – «дядя» және т.б.); егер 
мұрын толығымен бітелмесе, онда м дыбысы мб және н дыбысы нб 
ретінде естіледі. 
Жабық ринолалия мұрын қуысы өткізгіштігінің бұзылуынсыз-ақ 
байқалады,   оны   функционалды   жабық   ринолалия   деп   атайды. 
Осындай ауытқу кейде керең балаларда пайда болады. 
Жабық ринолалияны емдеу мұрын мен мұрынжұтқыншақтағы 
кедергілерді   жоюға   негізделген.   Осыдан   кейін   міндетті   түрде 
логопедиялық жаттығуларды жүргізу қажет; бір логопедиялық жұмыс 
арқылы функционалды жабық ринолалияны емдеуге болады. 
Ашық ринолалия жабық ринолалияға қарағанда жиі кездеседі. 
Мұрын дыбыстарынан басқа сөйлеу дыбыстарын қалыпты шығарған 
кезде   жұмсақ   таңдай   жұтқыншақтың   артқы   қабырғасына   жанасады 
және   ол   осылай   жұтқыншақтың   ауыз   бөлімін   мұрынжұтқыншақпен 
байланыстырады.   Осындай   байланыстың   арқасында   дыбыс   шығару 
кезінде   пайда   болатын   ауа   ағыны   ауыз   арқылы   бағытталып, 
нәтижесінде сөйлеу дыбыстары өзінің қалыпты тембріна ие болады. 
Осы   тембр   сондай   өзгермейді,   жұмсақ   таңдай   жиырылған   кезде 
жұтқыншақтың   артқы   қабырғасынан   алшақтағанда   3-5мм   саңылау 
қалса   да;   ауаның   дыбыс   ағыны   осы   жағдайда   тар   саңылау   арқылы 
мұрынға   емес,   ауызға   бағытталады.   Сөйлеу   сол   кезде   түсініксіз 
болады. 
Ринолалия   кезінде   сәйкес   емдеуді   жүргізеді.   Операцялық 
кезеңнен кейін міндетті түрде логопедиялық жаттығулар ұсынылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет