Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#7869
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Байдалинова Б.А.
Есту және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы мен 
патологиясы
Оқу құралы 
Павлодар, 2009
1

Б 18
УДК 616.8-092
ББК 52.5
Б 18
Баспаға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми Кеңесі 
ұсынған 
Пікір жазғандар:
Мұқатаева Ж.М. – биология ғылымдарының кандидаты, доцент
Даржуман Г.К. – биология ғылымдарының кандидаты, доцент
Байдалинова Б.А.
Есту және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы мен патологиясы: Оқу 
құралы. – Павлодар: ПМПИ, 2009. – 103 б
Бұл  оқу  құралында   бағдарламағы   сәйкес   есту  және   сөйлеу   мүшелерінің 
анатомиясы, физиологиясы мен патологиясының тақырыптары қарастырылады. 
Аталған   оқу   құралы   педагогика   институты   010105   «Дефектология» 
мамандығының   күндізгі   және   сырттай   бөлімінде   оқитын   1   курс   студенттеріне 
арналған, сондай-ақ, педагог пен психологтерғе көмекші құра бола алады. 
ББК 52.5
© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2009
© Байдалинова Б.А., 2009 
2

3

БІРІНШІ БӨЛІМ
ЕСТУ МҮШЕСІНІҢ АНАТОМИЯСЫ, ФИЗИОЛОГИЯСЫ 
ЖӘНЕ ПАТОЛОГИЯСЫ 
Есту   мүшесі   жануар,   адам   организмдері   мен   сыртқы   орта 
арасындағы   байланысты   және   тепе-теңдікті   қамтамасыз   ететін 
рецепторлық аппараттар қатарына жатады. 
Осы   аппараттарды   анализаторлар   немесе   талдағыштар   деп 
атайды.   Анализаторлар   туралы   ілімнің   дамуына   көп   үлес   қосқан 
орыстың ұлы ғалымы, физиолог И.П.Павлов.
И.П.Павловтың   ілімі   бойынша   әрбір   анализатор   үш   бөлімнен 
тұратын   біртұтас   жүйе.   Ол   осындай   бөлімдер:   а)   сезгіш   немесе 
перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 
б) өткізгіш бөлім, сезгіш жүйке деп те аталады; в) орталық, немесе 
қыртыс   бөлімі,   яғни   ми   қыртысындағы   сезім   орталықтары,   сезім 
аймақтары деп те аталады.
Анализатордың перифериялық бөлімі белгілі бір тітіркендіргіш 
әсерін   қабылдайтын   жүйке   жасушаларынан   тұрады.   Оларды 
рецепторлар   деп   атайды.   Олар   сырты   энергиядан   қозу   энергиясын 
түзетін трансформаторлар болып табылады. 
Өткізгіш   бөлім   рецепторларда   пайда   болған   қозуды   ми 
қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
Орталық, немесе қыртыс бөлімі анализатордың жоғарғы бөлімі 
болып табылады. Ол ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім 
орталықтарынан   құралған.   Осы   қыртыс   бөлімінің   орталықтарында 
жоғары   дәрежелі   талдау   мен   талқылау   жасалып,   қозу   сезімге 
айналады. 
4

I ТАРАУ
ЕСТУ МҮШЕСІНІҢ АНАТОМИЯСЫ 
1. Салыстырымды анатомия және эмбриология бойынша 
қысша мәліметтер 
Төменгі   сатыдағы   жануарлардың   қарапайым   құрлымдарынан 
пайда болған адамның есту мүшесі құрлысы мен қызметі жағынан өте 
күрделі.   Әр   түрлі   пішінді   болып   келетін   осы   құрлымдар   «есту 
қармалауыштары»   (медузаларда),
 
«есту   шұңқыры»   (буылтық 
құрттарда),   «есту   көпіршігі»   (моллюскаларда,   кейбір   шаян 
тәрізділерде)   деп   аталады.   Осындай   қарапайым   мүшеге   мысал: 
басаяқты моллюскалардың – есту көпіршігі (1 сур.). Осы қабыршақты 
көпіршік шеміршекті сауытта орналасқан. Көпіршіктің қабырғасы екі 
жағынан   сезгіш   клеткаларына   дифференциацияланатын   эпителимен 
қапталған.   Осы   клеткаларға   мидан   шығатын   сәйкес   жүйке 
талшықтары келіп түседі. 
1 Сурет. Басаяқты моллюскалардың есту көпіршігі (сызба нұсқасы):
п – ми сауыты қабырғасының шеміршекті қабатындағы қуыс; с – есту 
көпіршігі; н – есту жүйкесі.
Бұрын   есту   мүшесі   болып   саналған   есту   көпіршігі   негізінен 
тепе-теңдік   сақтайтын   мүше   болып   табылады.   Омыртқасыз 
жануарлардың   ішінде   тек   буынаяқтыларда   ғана   есту   мүшелері   бар, 
оны тимпаналдық мүшелер деп атайды. 
Омыртқалы   жануарларда   есту   аппараты   қабыршақты 
лабиринтте  орналасқан,  ол сондай-ақ  тепе-теңдікті  сақтайтын  мүше 
болып   табылады.   Балықтарда   лабиринт   қарапайым   құралған.   Ол 
бастың артқы бөлімінің сыртқы ұрық жапырақшасынан (эктодерма) 
дамиды. Мұнда шұнқұр түзу арқылы қысылу пайда болады, одан есту 
көпіршігі   дамиды.   Алғашқыда   есту   көпіршігі   сыртқы   ортамен 
байланысып тұрады, сосын ол толығымен үзіледі (2 сур.) және одан 
үш қабыршақты жарты шар тәрізді каналдар, сопақша және дөңгелек 
5

келген   екі   қапшық   түзіледі   (3   сур.).   Дөңгелек   қапшықтың   төменгі 
бөлімінде  лагена   пайда   болады,   сүтқоректілерде   одан   ұлудың 
шиыршық   каналы   дамиды.   Омыртқалы   жануарларда   есту 
аппаратының   күрделенуі  

  тек   лабиринттің   әртүрлі   бөлімдерінің 
дифференциация   сызығы   бойынша   ғана   емес,   сонымен   қатар   есту 
толқындарын тасмалдау үшін қосымша бөлімдердің сызығы бойынша 
жүреді. Осы қосымша бөлімдер ортаңғы құлақ ретінде, сосын жоғары 
сатыдағы жануарларда сыртқы құлақ ретінде қызмет етеді. 
2 Сурет. Есту көпіршігінің даму сызбанұсқасы:
А, Б – эктодерманың біртіндеп тереңдеуі; В – көпіршіктің толығымен үзілуі.
3 Сурет. Балықтың қабыршақты лабиринтінің сызбанұсқасы:
о–сопақша қапшық; с – дөңгелек тәрізді қапшық; п, к –жарты ай тәрізді 
каналдар; л- лагена.
Адамда есту мүшесінің бастамасы ұрықтық дамудың төртінші 
аптасында эктодерманың екі симметриялы тереңдетілуі түрінде бітеді. 
Осы шұңқырлар біртіндеп шар тәрізденіп, сыртқы беткейден бөлініп, 
есту көпіршігіне айналады. Содан кейін көпіршіктердің жоғарғы және 
төменгі бөлімдерінің дифференциациясы жүреді: жоғарғы бөлімнен 
− 
жарты шар тәрізді каналдардың бастамасы, ал төменгі бөлімнен 

 ұлу 
каналының бастамасы пайда болады. Ішкі құлақпен қатар (лабиринт) 
ортаңғы   және   сыртқы   құлақтың   дамуы   жүреді.   Ішкі   құлақ   сыртқы 
ұрық   жапырақшасынан   (эктодерма)   пайда   болса,   ортаңғы   және 
сыртқы құлақ бірінші желбезек саңылауларынан дамиды. 
6

2
. Есту талдағышының перифериялық бөлімі
Қандай болмасын талдағыштар сияқты есту мүшесі, немесе есту 
талдағышы   үш   бөлімнен   тұрады:   перифериялық,   өткізгіш   және 
орталық. Есту талдағышының перифериялық бөліміне құлақ жатады, 
оны анатомиялық жағынан үш бөлімге бөледі: сыртқы, ортаңғы және 
ішкі құлақ. 
Сыртқы құлақ. Сыртқы құлақ құлақ қалқанынан (
4
 сур.) және 
сыртқы   құлақ   түтігінен   тұрады.   Құлақ   қалқаны   воронка   тәрізді 
шеміршекті   пластинкамен,   сырты   терімен   қапталған.   Құлақ 
қалқанының   төменгі   бөлімінде   шеміршек   болмайды.   Сыртқы   құлақ 
түтігі шеміршекті (сыртқы) және сүйекті (ішкі) бөлімдерден тұрады. 
Сыртқы есту түтігінің жалпы ұзындығы ересек адамдарда шамамен 
2
,
5
 см. Шеміршекті бөлімнен сүйекті бөлімге өту кезінде сыртқы есту 
түтігі иін түзеді. 
4 Сурет. Құлақ қалқаны.
Сыртқы   құлақ   түтігі   терімен   қапталған.   Шеміршекті   жауып 
жатқан теріні түктер жауып жатыр және осы терінің құрамында май 
бездері мен күкіртті бөліп шығаратын без бар. Сыртқы есту түтігінің 
диаметрі біркелкі бірдей емес.
Жасөспірімдер мен ересек адамдарға қарағанда сәби балаларда 
сыртқы  құлақ түтігі қысқа,  өйткені оның сүйекті бөлімі дамуға әлі 
үлгерген жоқ, ол тек сүйек сақинасы түрінде болады, мұнда дабыл 
жарғағы   бекітілген.   Жаңа   туған   нәрестелер   мен   сәбилерде   сыртқы 
есту   түтігі   саңылау   тәрізді;   бала   өскен   сайын   есту   түтігі   біртіндеп 
сопақтана бастайды. 
Дабыл   жарғағы.   Дабыл   жарғағы   сыртқы   құлақ   пен   ортаңғы 
құлақты бөліп тұратын пластинка. Есту түтігі жағынан дабыл жарғағы 
жұқа   эпидермиспен,   ал   ортаңғы   құлақ   жағынан   кілегейлі   қабатпен 
қапталған. 
Дабыл   жарғағының   пішіні   дөңгелек-сопақша   пішінді, 
қалындығы   шамамен  

 
0
,
1
  мм.   Дабыл   жарғағының   мөлшері   жас 
ұлғайған   сайын   сондай   өзгермейді:   жаңа   туған   нәрестенің   дабыл 
7

жарғағының   мөлшері   шамамен   ересек   адамдікіндей.   Дабыл 
жарғағының   орналасуы   балалардың   дамуына   қарай   өзгереді.   Екі 
айлық   балада   ол   сыртқы   есту   түтігінің   жоғарғы   қабырғасының 
жалғасы   сияқты   горизонтальды   орналасқан,   горизонтальды 
жазықтықта 
10−20
º бұрыш құрайды, ал жасы үлкен балаларда 
40−45
º 
бұрышқа жетеді. 
Дабыл жарғағының үлкен бөлігі сағаттың шынысы сияқты есту 
түтігінің түбінде орналасқан сүйекке бекітілген, оны  созыңқы бөлім 
деп   атайды.   Ал   дабыл   жарғағының   кіші,   алдыңғы

жоғарғы   бөлігін 
босаңқы, немесе шрапнеллді жарғақ деп атайды. Дабыл жарғағының 
созыңқы бөлігі үш қабаттан тұрады:  
1
) эпидермистен тұратын, есту 
түтігіне бағытталынған сыртқы қабат;  
2
) циркулярлы және радиарлы 
(сәулелі) фиброзды  талшықтан  тұратын  ортаңғы  қабат;  
3
) кілегейлі 
қабаттан   тұратын   ішкі   қабат.   Дабыл   жарғағының   фиброзды 
қабығының   циркулярлы және  радиарлы  талшықтары  өзара  оралған, 
бұл дабыл жарғағының созыңқы бөліміне серпімділік қасиет береді; 
ауа қысымы біртіндеп жоғарлаған кезде төзімді болады. 
Шрапнеллді жарғақта фиброзды қабат болмайды. Медициналық 
байқау кезінде дабыл жарғағы дөңгелек-сопақшалы пластинка түрінде 
болады. Дабыл жарғағының негізгі түсі 

 маржанды сұр. Осы жалпы 
көріністе   осындай   танымдық   пунктерді   ажыратады   (
5
  сур.).   Дабыл 
жарғағының алдыңғы

жоғарғы бөлігінде сары

ақ түсті балғашықтың 
қысқа өсіндісі шығып тұрады. Осы өсіндінің алдынан және артынан 
сұр

ақ түсті сызықтар өтеді 

 алдыңғы және артқы қатпарлар, олар 
дабыл жарғағының созыңқы бөлімін босаңқы (шрапнеллді) бөлімнен 
бөліп тұрады. Қысқа өсіндінің астыңғы және артқы жағынан үшкір 
айдарша тәрізді балғашықтың сабы байқалады; ол дабыл жарғағының 
ортасына   қарай   бағытталады,   оны   кіндік   деп   атайды.   Кіндіктің 
астынан және алдынан үш бұрыш тәрізді жарық рефлексі өтеді, оның 
үстіңгі   бұрышы   кіндікке,   ал   негізі  

  дабыл   жарғағының 
алдыңғы

төменгі   жағына   бағытталынған.   Осы   рефлекс   дабыл 
жарғағының иілген беткейінен жарық сәулелернің түсуі нәтижесінде 
пайда болады. 
Дабыл жарғағында болатын өзгерістерді көрсету үшін, шартты 
түрде екі сызық өткізу арқылы оны төрт бөлімге бөледі (
6
 сур.): біреуі 
балғашықтың   сабы   бойымен   өтіп,   дабыл   жарғағының   шетіне   дейін 
жетеді, басқасы кіндік деңгейінің тік бұрышынан өтеді. Осы сызықтар 
арқылы   дабыл   жарғағын   төрт   секторға,   шаршыға   бөледі: 
алдыңғы

үстіңгі,   алдыңғы

төменгі,   артқы

  үстіңгі   және   артқы
− 
төменгі.
8

5 Сурет. Дабыл жарғағының танымдық пунктері:
а– тартылып тұрған бөлім; б –босаңсып келген бөлім (шрапнеллді жарғақ); 1 
–жарық рефлексі; 2 – балғашықтың қысқа өсіндісі; 3–дабыл жарғағының 
артқы қатпары; 4– алдыңғы қатпар; 5– балғаша сабы; 6– кіндік.
6 Сурет. Дабыл жарғағының бөлімдерге бөлінуі:
1 – артқы

 үстіңгі; 2 – артқы

 төменгі; 3– алдыңғы

үстіңгі; 4– 
алдыңғы

төменгі.
Ортаңғы құлақ. Ортаңғы құлақ ауа өткізгіш қуыс жүйе болып 
табылады. Ол дабыл қуысынан, есту түтігінен (евстахиев түтігі) және 
сүйекті ұяшықтары бар емізікше тәрізді өсіндіден тұрады (7 сур.). 
7
 
Сурет. Ортаңғы құлақ қуысы:
1 –есту түтігі; 2 –дабыл қуысы; 3–үңгір; 4–емізікше тәрізді өсіндінің ұяшығы.
Дабыл қуысы бұл жүйенің орталық бөлімі болып саналады, ол 
самай сүйегі қуысының шамамен 
1
 куб.см. көлемін алып жатыр. 
9

Дабыл   қуысында   алты   қабырғаны   ажыратады.  Сыртқы 
қабырғасы дабыл жарғағы болып табылады.  Ішкі  қабырғасы дабыл 
қуысын ішкі құлақтан бөліп тұрады. Қалған қабырғалар сүйекті болып 
келеді. Ішкі қабырғада екі саңылау бар, оны сопақша тәрізді (диаметрі 
3
-
4
 мм) және дөңгелек тәрізді (диаметрі 
1
-
2
 мм) терезелер деп атайды. 
Сопақша   терезеге   үзеңгінің   негізі   сақина   тәрізді   байланыс   арқылы 
бекітулі.   Дөңгелек   тәрізді   терезе   серпімді   қабыршақпен   қапталған, 
оны екінші дабыл жарғағы деп атайды. Жоғарғы қабырғасы, немесе 
дабыл   қуысының   қақпақшасы   дабыл   қуысын   ми   сауыты   қуысынан 
бөліп   тұрады.   Төменгі   қабырғасы   ірі   қан   тамырымен   ұштасады. 
Алдыңғы қабырғасының төменгі жағында евстахиев түтігіне әкелетін 
саңылау бар. 
Дабыл қуысының жоғарғы және төменгі қабырғалары өте жұқа 
болады,   кейбір   жағдайда   жас   балаларда   бұл   қабырғаларда   саңылау 
байқалады.   Осы   кезде   дабыл   қуысының   кілегейлі   қабаты   ми 
қабатымен,   немесе   вена   тамырымен   жанасып,   дабыл   қуысынан   ми 
қабатына немесе вена қабырғасына қабыну процесінің өту мүмкіндігін 
жоғарлатып, организмге қауіп тудырады. Дабыл қуысының ішкі және 
артқы қабырғаларының астында бет жүйкесінің каналы орналасқан. 
Осы   канал   мен   дабыл   қуысының   арасындағы   арақашықтық 
анатомиялық жақын болуына орай бет жүйкесі ортаңғы құлақта пайда 
болатын қабыну процесіне түсуі мүмкін, ал ортаңғы құлаққа операция 
жасаған кезде бет жүйкесін зақымдау қауіпі туады. 
Дабыл   қуысында   балғаша,   төсше   және   үзеңгішеден   тұратын 
есту сүйекшелерінің тізбегі болады (8 сур.). Балғашаның басы, сабы 
және  екі өсінділері  ( қысқа  және ұзын)  бар.  Төсше  денеден,  қысқа 
және ұзын  өсінділерден, ал үзеңгі  екі аяқтан,  бастан  және  негізден 
тұрады.   Балғашаның   сабы   дабыл   жарғағының   фиброзды   қабатында 
оралған, саптың төменгі жағы дабыл жарғағының ортасында кіндікті 
түзеді,   ал   қысқа   өсінді   алдыңғы-жоғарғы   бөлімде   шығып   тұрады. 
Балғашықтың   басы   төсше   денесімен   байланысады,   ал   төсше   өзінің 
ұзын өсінділері арқылы үзеңгінің басымен байланыс түзеді. Үзеңгінің 
негізі, жоғарыда айтылғандай, сопақша терезеге кіріп, ортаңғы құлақ 
пен ішкі құлақты байланыстырады. 
Дабыл жарғағы мен есту сүйекшелерінің тізбегіндегі белгілі бір 
қысым   екі   бұлшық   еттер   арқылы   қамтамасыз   етіледі.   Бұл   дабыл 
жарғағын   созып,   тартып   тұратын   және   үзеңгіше   бұлшық   еттер. 
Олардың   біріншісі   -   балғаша   сабына,   ал   екіншісі   -   үзеңгі   басына 
бекітілген. 
Есту   түтігі   –
 дабыл   қуысын   мұрынжұтқыншақпен 
байланыстыратын, ұзындығы 3,5 см жететін (ересек адамдарда) канал. 
10

Есту түтігінің дабыл қуысымен байланысқан жері дабыл қуысының 
алдыңғы қабырғасында, ал мұрынжұтқышақ – мұрынжұтқыншақтың 
бүйір   қабырғасында   орналасқан.   Есту   түтігінің   дабыл   қуысымен 
байланысқан жері сүйекті, ал мұрынжұтқыншақпен байланысқан жері 
шеміршекті   болып   келеді.   Есту   түтігі   түкті   эпителимен   қапталған. 
Түтіктің   шеміршекті   қабырғасы   бір-бірімен   жиі   жанасады,   жұтқан 
кезде   жұту   бұлшық   еттерінің   жиырылуы   арқылы   олардың 
арақашықтығы алшақтайды да, дабыл қуысына мұрынжұтқыншақтан 
ауа өтеді. 
Ересек адамдар мен жасөспірімдерге қарағанда балалардың есту 
түтігі қысқа және кең. 
Емізікше   тәрізді   өсінді  сүйекті   болып   келетін,   құлақ 
қалқанының   самай   сүйегінде   орналасқан   өсінді.   Емізікше   тәрізді 
өсіндіде бір-бірімен саңылаулар арқылы байланысатын ұяшықтар бар 
(7   сур.).   Осы   ұяшықтардың   формасы,   көлемі   мен   саны   өзермелі, 
олардың біреуі ірі, тұрақты болады, оны үңгір (антрум) деп атайды. 
Үңгір   дабыл   қуысымен   саңылау   арқылы   байланысады.   Үңгір   ми 
сауыты қуысынан сүйек пластинкасы арқылы бөлініп тұр. 
8
 
Сурет. Есту сүйекшелері:
1 –балғаша; 2 –төсше; 3–үзеңгі.
Балаларда,   шамамен   үш   жасқа   дейін   емізікше   тәрізді   өсінді 
дамымаған, бірақ жаңа туған балаларда үңгір болады. 
Ортаңғы   құлақтың   барлық   қуысы   (дабыл   қуысы,   евстахиев 
түтігі   және   емізікше   тәрізді   өсіндінің   ұяшықтары)   ауаға   толы,   ал 
олардың   қабырғасы   кілегейлі   қабатпен   қапталған.   Ортаңғы   құлақта 
ауа алмасуы евстахиев түтігі арқылы жүреді; жұту қозғалысы кезінде 
ауа   мұрынжұтқыншақтан   евстахиев   түтігіне,   содан   дабыл   қуысына 
және емізікше тәрізді өсіндінің ұяшықтарына барады. 
Ішкі құлақ, немесе құлақ лабиринті самай сүйегіндегі каналдар 
жүйесі   мен   қуысты   бөлім   болып   табылады.   Ол   кіре   берістен, 
жартылай айналмалы каналдардан  және ұлудан тұрады.  Лабиринтті 
сүйекті   (9   сур.)   және   жарғақты   деп   ажыратады,   сүйекті   лабиринт 
11

жарғақтының   футляры   сияқты.   Жарғақты   лабиринт   эндолимфа   деп 
аталатын   сұйықтықпен   толы,   ал   жарғақты   және   сүйекті 
лабиринттердің арасындағы кеңістік перелимфамен толы болады. 
9 Сурет. Сүйекті лабиринт:
1 –кіре беріс; 2 –жоғарғы жартылай айналмалы канал; 3–сыртқы жартылай 
айналмалы канал ; 4–артқы жартылай айналмалы канал; 5- ұлу.
Кіре   беріс  лабиринттің   орталық   бөлімі,   ол   екі   жарғақты 
қапшықтардан тұрады: дөңгелекті және сопақшалы. Дөңгелек тәрізді 
қапшық   ұлумен,   ал   сопақшалы   қапшық   жартылай   айналмалы 
каналдармен байланысады. 
Жартылай   айналмалы   каналдардың   саны   үшеу:   үстіңгі, 
артқы   және   сыртқы.   Олар   үш   өзара   перпендикуляр   жазықтықта 
оналасқан.   Әрбір   каналдардың   бір   ұшы   тегіс,   ал   басқа   ұшы 
кеңейтілген (ампула түрінде) болады. 
Кіре беріс және жартылай айналмалы каналдар вестибулярлық 
аппаратты құрайды. Ол кеңістіктік талдағыштың, немесе тепе-теңдік 
мүшесінің   перифериялық   бөлімі   болып   табылады.   Кіре   беріс   және 
жартылай   айналмалы   каналдарда   вестибулярлық   жүйкенің 
рецепторлық   аппаратын   құрайтын   арнайы   жүйке   жасушалары 
орналасқан. Кіре берістің қапшықтарында осындай рецептор отолитті 
аппарат   болып   табылады,   яғни   рецепторлық   жүйке   жасушалары 
құрамында   ерекше   кристаллдары   бар   (отолиттер)   қабыршақпен 
қапталған.   Ал   жартылай   айналмалы   каналдарда   рецептор   әрбір 
каналдың   ампуласында   айдаршықты   құрайтын   арнайы   талшықты 
жүйке   жасушаларынан   тұрады.   Тік   жазықтықтағы   қозғалыста   кіре 
берістің қапшықтарында отолиттердің араласуы жүреді, ал айналмалы 
қозғалыста   жартылай   айналмалы   каналдарда   эндолимфаның 
араласуынан   сезімтал   талшықты   жасушалар   аппулярлы 
айдаршықтарға   қозуды   әкеледі.   Рецепторлық   аппараттың   қозуы 
вестибулярлық жүйке талшықтары бойынша орталық жүйке жүйесіне 
жеткізіліп,   оған   жауап   ретінде   тепе-теңдікті   сақтауға   қабілетті 
рефлекторлық реакция пайда болады. 
12

Ұлу  екі жарым есе айналым жасайтын спиральды сүйек түтігі. 
Ұлу каналының ұзындығы 3 см. жетеді. 
Ұлудың сүйекті каналы саты деп аталатын екі қабатқа бөлінген. 
Олардың арасын бөліп тұратын спиральды сүйекті айдарша (10 сур.). 
Осы айдаршаның шеткі жағында серпімді жарғақ – негізгі мембрана 
(11сур.). Жоғарғы қабат сатының табалдырығы деп аталады, ол кіре 
беріспен байланыс жасап, ал кіре беріс сопақша терезе арқылы дабыл 
қуысымен байланысады. Төменгі қабат –  дабыл сатысы  – дөңгелек 
тәрізді   терезе   арқылы   дабыл   қуысымен   байланысады.   Ұлудың 
жоғарғы   бөлімінде   табалдырықты   және   дабылды   сатылары   өзара 
жіңішке   саңылау   арқылы   байланысады.   Табалдырықты   саты 
рейснерлі мембрана деп аталатын жіңішке жарғақты қабыршақпен екі 
қаналға   бөлінген:   табалдырықты   сатысына   және   ұлудың   жарғақты 
каналына,   немесе   ұлу   жолына.   Ұлу   жолы   эндолимфаға,   ал 
табалдырықты және дабылды сатылары перилимфаға толы болады. 
10 Сурет. Сүйекті ұлудың вертикальды кескіні:
1 –сүйекті колонкалар; 2 –спиральды сүйекті айдарша; 3–саты кіре берісі ; 4– 
дабылды саты.
Ұлу   жолында  кортиев   мүшесі  орналасқан.   Оның   негізгі 
функционалды   бөлігі   сезгіш   түктермен   аяқталатын   ереше   жүйке 
жасушалары   (есту   жасушалары)   болып   табылады.   Осыған   орай 
оларды түкті жасушалар деп те атайды (11сур.). Осы жасушалар есту 
анализаторының перифериялық бөлімі, немесе есту рецепторы болып 
табылады. Есту жасушаларының саны жиырма мыңнан асады. Есту 
жасушарынан   басқа   кортиев   мүшесіне   бірнеше   қатар   тірек 
жасушаларынан   тұратын   ұстап   тұратын   аппарат   кіреді.   Кортиев 
мүшесінің   үстіңгі   жағында,   оған   жақын  жабын,   немесе   кортиев 
мембранасы орналасқан.
13

11 Сурет. Ұлудің бір иінінің көлденең кескіні:
1 - негізгі мембрана; 2 - есту жүйкесінің талшығы; 3 - ұлудың сүйекті 
қабырғасы; 4 - есту жасушалары; 5–ұстап тұрытын жасушалар; 6 - жабын 
мембранасы; 7 - рейснерова мембрана; П - саты кіре берісі; Б - дабылды 
саты; У – ұлу жолы.
Кортиев   мүшесі   әр   түрлі   ұзындықты   бірнеше   (жиырма   бес 
мыңнан   аса)   көлденең   талшықтардан   тұратын  негізгі   мембранада 
орналасқан.   Осы   талшықтар   өте   серпімді,   бірақ   бір-бірімен   әлсіз 
байланысқан. Негізгі мембрананың пішіні ұлудың негізінен жоғарыға 
қарай біртіндеп кеңейетін спиральды иілген лента тәрізді (12 сур.). 
12 Сурет. Негізгі мембрананың құрлысы:
1 –спиральды сүйекті айдарша; 2 –жоғарғы үн аймағы; 3–ортаңғы үн 
аймағы; 4–төменгі үн аймағы.
3. Есту талдағышының өткізгіш бөлімі
Есту   талдағышының   перифериялық   бөлімі   орталық,   немесе 
қыртыс   бөлімімен   төрт   кесіндіден,   немесе   неврондардан   тұратын 
өткізгіш жүйке жолдары арқылы байланысады. 
Кортиев мүшесіне ұлудың спиральды сүйекті айдарша негізінде 
орналасқан спиральды жүйке түйінінен жүйке талшығы жақындайды. 
14

Осы   түйін   екі   өсіндісі   бар   (биполярлы   жасушалар)   жүйке 
жасушасынан   тұрады;   солардың   бір   өсіндісі   кортиев   мүшесіне 
бағытталып,   түкті   жасушалар   тобына   жақындайды,   ал   басқа   өсінді 
есту жүйкесінің құрамына кіреді. Есту жүйкесі жиырма мыңнан аса 
жүйке талшықтарынан құралған, олардың әрбіруі осьтік цилиндрден 
және   миелинді   қабат   деп   аталатын   ерекше   май   қабатынан   тұрады. 
Сонымен, есту жүйкесі жеке оқшауланған сымнан тұратын телефон 
желісі сияқты. Есту жүйкесі ішкі құлақтан шығып, ішкі есту жолдары 
арқылы   ми   сауыты   қуысына   барып,   ми   негізіне   енеді.   Мұнда   есту 
жүйкесінің талшықтары сопақша мидың есту ядроларына бағытталып, 
осында бірінші неврондар аяқталады (13 сур.). 
13 Сурет. Естудің өткізгіш жолдары мен орталықтарының сызбанұсқасы:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет