Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының



бет13/27
Дата07.01.2022
өлшемі5,95 Mb.
#17124
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Ағаш желімдерінің түрлері
Ағаш бөлшектердің желімдеудің түрлері:
а). Мал өнімдерінен алынатын – табиғи желім.
ә). Синтетикалық яғни жасанды желім.
2. Табиғи желім түрлері;
(шел желімі, мүйіз желімі).
3. Желімдердің жасалуы;
4. Синтетикалық яғни жасанды желімдер;
(ПВА желімі, БФ – 2 желімі, нитро желімі).

5. Синтетикалық желіммен жұмыс.
Мұғалім: - Біз өткен сабақтан бастап желім, ағаш бөлшектерін желімдеу деп жатырмыз. Желімді қалай жасайды, қандай түрлері бар деп тоқталмақпын. Біздің ата – бабамыз яғни, қазақ халқының өмірінде мал шаруашылығының пайдасы, маңызы бар. Ашыққанда ас болған да, шөлдегенде сусын болған да, тоңғанда киім болған да, үй болғанда да – бәрі малдың арқасы. Тіпті қазір сөз еткелі отырған желімнің өзінде халқымыз малдан алған.

Желімдер негізінен екі түрге бөлінеді;
(плакаттан көрсету)
1. Мал өнімінен алынған табиғи желімдер.
2. Синтетикалық яғни жасанды желім.

Бұрынғы ағаш шеберлері желімді өздері жасаған. Ағаш бөлшектерін өңдеуге мал өнімдерінен жасалған ағаш желімі немесе мал сүйегінен жасалған мөлдір желім, казеин желімі қолданылады. Табиғи желім. Мал терісінің шелінен де желім жасалады. Суға қоймалжың етіп қайнатылады. Қайнап жатқанда тұз қосуға, әк немесе бор қосуға болады. Бұл желім құрғақ түрінде болады, қыздыру арқылы дайындайды.
Ал, малдың кепкен майсыз сүйегінен, мүйізі мен тұяғынан сүйек желімін алуға болады. Бұны да, алдымен минералды тұздарын жою үшін өңдеп алады. Содан кейін арнаулы ыдыста қайнатады. Осының нәтижесінде қоюланады. Оны қайнатқан кезде үнемі араластырып отыру керек. Бұл желім көбінесе ағаш шикі - затын желімдеуге арналған.
Бұдан кейін тоқталатын табиғи желімнің түрі – казеин. Казеин желімі – сүт белоктарынан яғни, майы алынған сүзбеден жасалады. Әуелі сүтті ірітіп, оны қайнатып сүзбе алады, желімнің түсі ашық та, қошқыл да бола береді.
Оны сатуға ұнтақ түрінде беріледі. Сатып алғанда шірік иісі шықпау керек. Казеин желімінің бір кемшілігі онымен ағаш бұйымдарын жапсырғанда, түсін өзгертіп, қарайтып жібереді. Сондықтан казеин желімі шыршадан, қайыңнан жасалған бұйымдарды ғана желімдеу керек.
Казеин желімін жасау үшін, сүттен алынған минералды тұз керосин, тотияйын, цемент қоспасы, борды қосып араластырып белгілі бір ыдысқа суға араластырып қайнатылады. Содан пайда болған қоспаны құрғатып, кептіріп, үгіп – үгіп ұнтақ желім жасайды. Ал, пайдаланарда үй температурасындағыдай суға тұз немесе мүсәтір спиртін қосып араластырады. Ешқандай түйіршік болмау керек, қаймақтың қоюлығындай – ақ, сұрғылттау, күлгіндеу болғанда пайдалануға болады, 3 – 7 сағатқа дейін тұрса пайдалануға жарамайды. Желімдейтін бұйымды алдын – ала дайындап бірден жағу керек.
Казеин желімі ағаштан жасалған бұйымды қарайтып, түсін өзгертіп жібереді, сондықтан шыршадан, қайыңнан жасалған бұйымдарды пайдалану керек. Өндіріс те тақта түріндегі желімдерде кездеседі. Оны пайдаланғанда ұсақтап – ұнтақтап сумен араластыру арқылы пайдаланады.
Ал, енді синтетикалық желімге тоқталатын болсақ, суға төзімді, қара күйе, микробтар бүлдіре алмайды.
Синтетикалық желімдермен жұмыс жасағанда, оқтын – оқтын есік ашып отыру керек, дұрыс ашық алаңда жұмыс істеу керек.
ПВА, нитрожелім, БФ - 2, момент деген желімдер бар?
ПВА (Поливинилацетат желімі) ағашты, қағаз бұйымдарын, мақта т. б. шикізат - тарды желімдеуге пайдаланады. Сақтау мерзімі 6 ай.
Нитрожелім – дегеніміз нитроцеллюлоза мен шайырлардың органикалық еріткіштеріндегі ерітіндісі. Ал, ағаш бөлшектерді бір – біріне жапсыруға қолданыла қоймайды. Қайта ағашқа мата, тері жапсырғанда қолданады. Шайырлы желім қатарына МК - 1, МК - 60, МК - 70, ВИАМ - 6, ВИАМ - Ф - 9, ВИАМ - 3.
Ағашты жақсы желімдейді. «Марс» желімімен ағашты, қағазды, тері, мата, металл, керамиканы желімдеуге болады.
«Феникс», «Момент» осы «Марс» желіміне ұқсас. БФ - 2 сықпа түріндегісін пайдаланған дұрыс.

Ағаш бөлшектерін желімдеу.


Желіммен құрастырып-бекіту шабақты, кертікті, ойық-кертікті, шегемен бекіту сияқты тәсілдермен ұштастыра жүргізіледі, сондай-ақ жекелеген элементтерден, қабаттап жапсырылатын бөлшекетрден дайындалған ағаш материалдарын әзірлеу үшін қолданылады.
Бөлшектерді желімдеп құрастыру желімнің мөлдір, жұқа қабаты мен ағаштың үстіңгі беттерін жабыстырып тұратын күштің арқасында мүмкін болады.
Ағаш материалы өзінің беттескен қабатында қатайып кепкен желімнің ұсақ бөлшектерін қысып ұстайды, ал желімнің ұсақ бөлшектері ағаштың саңлауларына еніп, ұшы-қиыры жоқ, сансыз талшықтары арқылы екі үстіңгі қабатты бір-бірімен жабыстырады.
Желіммен жабыстыру арқылы құрастырып-бекітудің бірнеше түрі бар. Желімдеп, жапсырудың мықтылығын тексерудің өндірісте қолданылатын тәсілі осы принципке негізделген. Ол үшін бір-бірімен желімдер, жапсырылған екі бөлшектен жасалған үлгі бұйымды қақ айырып көреді. Егер бұйым желімдеп, жапсырылған жігінен жарылмай, ағаштың тұтас жерінен жарылса, онда желімдеу сапасының жоғары болғаны.

4.    Желімдеу түрлері.


Жасалуы жағынан мал өнімдерінен әзірленетін желімдер және синтетикалық желімдер деп бөлінеді. Ағаш бөлшектерді өңдеуге мал өнімдерінен жасалатын ағаш желімі немесе мал сүйегінен жасалған мөлдір желім, казеин желімі қолданылады.
Мал терісінің шелінен де желім жасалады. Ол – шел желім. Ал малдың кепкен, майсыз сүйегінен, мүйізі мен тұяғынан сүйек желімін жасауға болады. Шелден жасалған желіммен ылғал тимейтін бөлшектерді ғана желімдеу керек.
Желімдеу техникасы.
Желімдеу ісінің  негізіне желімнің ағаш бөлшектерге сіңіп, таралу процесі жатады. Желім жіңішке жіп тәрізді талшықтарымен үстіңгі қабаттарды бір-бірімен берік байланыстырады.
Желімдеп құрастырудың беріктігі мен сапасы ағаш материалының дымқылдығы 12-15 пайыздан аспайтын кезде жоғары болады. 8-10 пайыз болған кезде өте жақсы, берік желімделеді. Өйткені, ол желімнің құрамындағы суды өз бойына таратып алады.

Өсімдік желімдері


Өсімдік желімдері - белоктан (мәселен,  соядан жасалған легумин), крахмалдан (крахмал, декстрин), сондай-ақ смоладан, камади мен бальзамнан (гуммиарабик, табиғи каучук, гуттаперча, шеллак т. б.) жасалады.

Жануарлар өнімдерінен жасалған желімдердің коллагенді (глютинді), казеинді, альбуминді желім деп аталатын түрлері бар. Коллагенді желімді сүйектен, шелден және балықтан жасайды. Синтетика негізінде жасалған желімдер неғұрлым көбірек қолданылады, бұлар жүйелі түрде жетілдіріліп, көп шығарылып келеді. Оларды өндіру үшін синтетикалық смола, эмульсиялар, латекстер, каучуктер және шикізаттардың басқа түрлері пайдаланылады. Желімдеу алдында бет жағын мұқият тазартады және еріткіш заттың көмегімен майын кетіреді. Желімдеу жақсы нәтиже беру үшін желімдеу жөніндегі ережелерді қатаң сақтау керек.


Ағаш бұйымдарын желімдеу


Ағаш бұйымдарын желімдеу үшін ағаш  желімдерін (шелден немесе сүйектен жасалған), казеинді немесе синтетикалық әмбебап  желімдерді пайдаланады. Ағаш желімдері  плитка немесе ұнтақ күйінде шығарылады. Ағаш бұйымдарын желімдеу үшін ең алдымен бетіне дымқыл шүберек жауып (шамамен 2 сағат), ескі желімді жұмсартады  да, содан кейін оны ағаштан пышақпен қырып тастайды. Ерітінді дайындау үшін плиткалы ағаш желімді ұсақтап, үстіне су кұяды да,  (шамамен желімнен 5 см болатындай) сол күйінде 6-12 сағат бойы қояды, бұдан соң судың бір бөлігін төгіп, желімді қайнатады.

Желім күйіп кетпес үшін отқа оның өзін ғана қоюға болмайды (желімі бар ыдысты ыстық су құйылған екінші бір ыдысқа салу керек). Желімнің дайын болғандығын білу үшін жаққышпен әйнекке немесе тақтайға жағып көреді, сөйтіп оның жабысқақтығын тексереді. Желімді қажетіне қарай 1—2 күнге жететіндей мөлшерде әзірлеу керек, өйткені ол тез кеуіп кетеді. Ескі желімді жаңасымен араластыруға болмайды. Бұйымның желімделетін тұсын әбден кептіріп алған жөн. Желімдеу кезінде температура 12°С ден 20° аралығында болуы тиіс, себебі жоғары температурада желім сұйылып, қатты жабыстырған кезде бөлшектердің сыртына шығып кетеді. Ал температура төмен болған жағдайда желім қоюланып, бөлшектердің қуыс-қуысына бармайды.

Жапсырылатын бөлшектер тегіс болуы керек, ол үшін қырғыш немесе түрпімен өңдеу қажет, содан кейін майда шарық қағазбен (100—140) ысқылайды, шаң тозаңды щеткамен сыпырады және суға немесе ацетонға малынған шүберекпен сүртеді. Желім ерітіндісін 50— 60°С-қа дейін қыздырған жөн, ыстық желім ағаш саңылауларына жақсы сіңеді. Ағашқа желімді 0,1—0,15 мм-ден қалың жағуға болмайды. Әдетте, желім бұйымдардың екі бетіне де жағылады. Ағаш тарамысы бір-біріне ұзына бойынан беттесетін болса, желімді бір қабат, ал көлденең ұстасатын жағдайда екі қабат (екінші қабат біріншісі кепкен соң жағылады) жағу керек. Жағылған желімнің салқындауын және шамалы кебуін күту қажет, саусақты тигізіп байқаған кезде жабысатындай және жіп терізді созылатындай болуы тиіс.

Содан кейін бөлшектерді желім қабаты барлық тұста біркелкі болатындай бір-біріне егей қиюластырады, бұдан соң шаттауыққа қысып қояды немесе таспамен қысып буып тастайды. Желім тым қою болған жағдайда желім қабатын жұқарту үшін қысымды көбірек түсіреді. Ағаш 2—3 сағатқа дейін, ал фанера 4—5 сағатқа қысылған күйде тұруы тиіс.

Ылғал жерде тұратын заттарды суға төзімді желім-казеинмен желімдейді. Казеин ұнтағын суық суға ерітіп, желім жасайды (ұнтақтан су екі есе көп болуы тиіс). 

Ұнтақты суға біртіндеп салып, әбден ерігенше мұқият араластырады. Дайын желімді 3—4 сағаттан артық сақтауға болмайды. 


Ағаш бұйымдарды казеинді желіммен желімдеген дұрыс. Үй тұрмысында ағаш бұйымдарды желімдеуге "Поливинилацетатты жартылай универсалды",«Момент—1»,Универсалды эпоксид желімін», «ЭПО», «ЭДП», «Марс», «Дубок», «Уникум» жөне «Феникс» желімдерін пайдаланған жөн. 
Пысықтау сұрақтары:
1. Желімнің қандай түрлері бар? (табиғи, синтетикалық желім).
2. Мал өнімдерінен алынған желімді не дейді? (табиғи).
3. Табиғи желімдердің түрлері қандай? (шел желім, сүйек желім, казеин).
4. Сүйек желім қалай жасалады?
5. Шел желімі қалай болады?
6. Синтетикалық желім түрлерін ата?
7. Казеин қалай алынады?
8. БФ – пен қалай, нені желімдеуге болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет