Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының


Кәсіпорындық стандарттау. Стандарттау жұмысын ұйымдастыру. Стандарт түрлері



бет20/27
Дата07.01.2022
өлшемі5,95 Mb.
#17124
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Кәсіпорындық стандарттау. Стандарттау жұмысын ұйымдастыру. Стандарт түрлері.

 

      Кәсіпорындық стандарттау жұмысын ұымдастыру кәсіпорынды басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оның тағайындалу жүйесіне кіреді. Бұл жүйенің басты мақсаты стандарттау әдістемесі мен құралдар арқылы өндірістің техникалық ұйымдардың деңгейін жоғарлату. Стандарттау жұмысын жақсы жолға қоюы кәсіпорынның барлық салаларының жан-жақты дамуына қызмет етеді. Ол еңбек өнімділікті жоғарыда, өнім сапасын жақсартуға, өзіндік құнды төмендетуге және сол сияқты қабілетті кәсіпорынның фабрика, ғылыми-зерттеу жобалау немесе техникалық ұйымдарды бірлескен масштабы стандарттау жұмысын жүргізуін кәсіпорынның стандарттау дейміз. Стандарттың бұл түрін өзіндік мәні бар және мемлекеттік стандарттау жүйенің құрамдас бөлігі болып саналады. Кәсіпорындардың стандарттау унификациялау жолымен, материалдарды техникалық қамтамасыз етуді жеңілдетеді. Кәсіпорындарды стандарттау жұмысының сипаттамасы мынанадай факторларға байланысты:



1.      Кәсіпорындарда өндірісітік өнімінің ерекшеліктеріне.

2.      Өнімді өндіру масштабы (жекелей, сериялы, жалпылама).

3.      Кәсіпорынның мамандандырылу формасына.

Кәспорынының стандарттау органның құрылымы және жұмыцстар әдісі мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттармен анықталады. Кәсіпорындар стандарттау жұмыстарын ғылыми-техникалық ұйымдастырылу әдістерімен және жетекшілік жұмыстары стандарттау бойынша конструкторлы техникалық немесе ғылыми-зерттеу бөлімдермен жүзеге асырылады. Стандарттау бойынша бұл қызметтің негізгі мақсаты темендегідей:

1.         Өндірілетін өнімге стандарттарды немесе басқа да құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру.

2.         Ғылым-техникалық прогрестің мемлекеттік немесе салалық стандарттаудың және басқа да заңдастыру құжаттарының талаптарына кәсіпорындарға орнатылған стандарттар, ережелер, нормалар сәйкестігін қамтамасыз ету.

3.         Кәсіпорынның техникалық шартын және стандартты ендіруге қолданылатын материалдардан бұйымдардың немесе құралдардан унификациялау жұмыстарын жүргізу.

4.         Өндірістік процестердің параметрлері мен нормаларын стандарттау.

5.         Кәсіпорындарда әзірленген техникалық құжаттарға бақылау нормасын іске асырау.

 

Кәсіпорынның негізгі нормативті құжат болып кәсіпорын стандартты саналады. Бұл стандарт осы кәсіпорындарда жасалатын бөлімдермен, түйіндерге, экспериментті жұмыстар қорытындысында әзірленеді. Кәсіпорындар стандарттың 3 түрін дайындалып қолданады:



1.      Шек қоятын

2.      Толықтыратын

3.      Нұсқаулық

Шек қоятын кәсіпорындардың стандартты мемлекеттік немесе салалық стандарттау негізінде дайындалады. Ролар кәсіпорын қажеттілігіне қарай мемлекеттік немесе саалалық стандарт орнатылған өлшемдерді типтерді қолдануды шектейді.

Толықтыратын кәсіпорындардың стандартты мемлекеттік немесе салалық стандарттар орнатқан көрсеткіштерді тұтынушы талабын қанағаттандыру үшін және стандартты жетілдіру мақсатында орнатылды. Енгізілген толықтырулар мемлекеттік немесе салалық стандарт орнатылған көрсеткіштерді төмендетпей, нашарлатпауы қажет.

Кәсіпорындарды нұсқаулық стандартты. Бұл стандартталатын объектіге мемлекеттік немес салалық стандарттар болмаған жағдайда әзірленеді.

Кәсіпорын стандарттардың әзірлеу барысында келесі жағдайлар басшылыққа ұсынады:

1. Кәсіпорын стандарты тек қана мемлекеттік немесе салалық стандартты келтірілмеген объектілерге әзірленуі керек.

2. Кәсіпорын стандартты техникасының жоғары деңгейіне сәйкес келуі керек.

3. Кәсіпорын стандарттын бекіту, стандарттау бойынша базалық өніммен келістірілуі тиіс.

4.Кәсіпорын стандартты осы стандарттың объектіге әсер етуші күші бар мемлекеттік немесе салалық стандартың негізге ала отырып жасалуы тиіс.

Кәсіпорын стандартын дайындағанда оның жобасына міндетті түрде түсіндірме, жазба келтірілуі тиіс. Онда келесі сілтемелер көрсетіледі:

а) орнатылған стандарттың негізгі мақсаты мен міндеті;

б) стандарттылатын объектіге қысқаша сипаттама және қолданылу шарты;

в) стандарт жобасында келтірілген техника-экономика көрсеткіштерін, сапасын олардың шетелдік және отандық стандартымен салыстырушы сараптау;

г) стандартты әзірлеу барасындағы қолдануға информация көзі;

Кәсіпорын стандарттың жобасы түсіндірме, жазбасымен бірге осы стандартқа қызығушылығы бар цехтарға, бөлімдерге, лабораторияларға және басқа да кәсіпорындардың қызметкерлерге пікір білдіруге жіберіледі. Пікірде көрсетілген ескертумен қосымшаларды сараптаудан өткізіп, өз қорытындысын шығарғаннан кейін оны өз қызметкерлерінің кеңесіне ұсынылады. Кеңесте қабылданған шешім хаттамамен бекітіледі. Кей жағдайда кәсіпорын стандарттау жобасы мемлекеттік қадағалау инспекциясымен келісімді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет