3.2 ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ
СИПАТЫ
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастау-
ыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін
арнайы жағдайлар жасалады [18]. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында
қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында
келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;
2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу
үлгерімі);
3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын
таңдау;
5) оқыту формасын таңдау;
6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;
7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;
8) арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың,
логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың,
тифлопедагогтың);
9) педагог-ассистентің көмегі;
10) әлеуметтік – педагогикалық көмек.
ерекше білім беру қажеттіліктердің әрқайсысының сипаты:
1. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту. Оқу жоспары мен оқу
бағдарламасы келесідей негізге сүйеніп өзгертіледі:
- мектеп кеңесінің шешімімен;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысымен.
егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше
анықтаса, онда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары
негізінде мектеп кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні
бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады. мұндай шешімнің негізі ҚР
"білім туралы" заңының 47 – бабы, 2-тармағы - "ұйым кеңесінің шешімімен
жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бой-
14
ынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде
оқыту" болып табылады.
Дегенімен, мектеп кеңесінің шешімімен қысқартылған бағдарлама
бойынша оқыту тек белгілі бір кезеңге (2-3 оқу тоқсанынан артық емес)
қолданылатын уақытша шара болып табылатынын атап өткен жөн. Осы
кезең ішінде мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі
қажетті көмек көрсетеді, оның түпкі мақсаты оқушыларды әдеттегі
бағдарлама бойынша оқуға көшіру болып табылады. егер белгіленген
мерзім барысында балада оқу бағдарламасын одан әрі қысқартуды талап
ететін оқытудың тұрақты қиындықтары сақталса, онда мұндай оқушыны
пмпк-ке тексеруге жіберу қажет. балаларды жеке бағдарлама (жмбс
бағдарланбай) бойынша оқыту пмпк-тің ұсынысы негізінде ғана іске
асады. себебі, мұндай бағдарламамен оқытуға баланың ақыл-ойындағы
ауытқушылықты анықтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі. ақыл-ойы кем
балаларды жалпы сыныпқа қосу мен оқыту үшін ақыл-ойы кем балаларға
арналған арнайы типтік бағдарламасы бойынша және баланың мүмкіндігі
негізінде жеке оқу бағдарламасы құрастырылады.
психикалық және дене дамуының бұзылымы бар баланы арнайы сы-
ныпта оқыту үшін бұзылым түрі бойынша ҚР «білім беру» заңына [5, б.
19, 3т.], пмпк-нің тұжырымдамасына, ата-анасының (заңды өкілдерінің )
келісіміне сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламасы негізінде жүзеге
асырылады.
2. Оқытудың нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың
оқу үлгерімін). Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі
көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет:
- оқушы арнайы, қысқартылған немесе жеке бағдарламамен оқытылған
кезде;
- оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда.
мұндай ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру пмпк
ұсынысы негізінде жүзеге асырылады: «жеке амал және баланың оқу
үлгерімін бағалаудың вариативтілігі». егер оқушылар (ебҚ 2 және3 топ ба-
лалары) үшін мектеп өз бетінше оқу бағдарламасын уақытша қысқарту ту-
ралы шешім қабылдаса, онда дәл сол мектеп кеңесі баланың оқу үлгерімін
бағалаудың нұсқауларын және жеке тәсілдерін ұсынады.
ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту кезінде кез келген нәтиже оң бо-
лып саналады. Оқушының жетістіктерін бағалау акценті жеке бағдарлама
шеңберінде қойылады.
бағалау тәсілдері (рәсімдері) мен бақылау материалдарын өзгерту
ықтималдылығы 2-кестеде көрсетілген.
15
2-кесте. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері мен бақылау
материалдарын өзгерту.
Достарыңызбен бөлісу: |