Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата19.01.2017
өлшемі1,27 Mb.
#2265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Дəріс
 бойынша сұрақтар: 
 
1.
 
Психика дегеніміз не? 
2.
 
Психиканың қандай даму сатылары бар? 
3.
 
Адам психикасының пайда болуы мен дамуы? 
4.
 
Адамдар 
психикасы 
мен 
жануарлар 
психикасының айырмашылығы қандай? 
5.
 
Ф. 
Энгельстің 
пайымдауынша, 
адамның 
жануарлар  дүниесінен  бөлініп  шығуына  əсер 
еткен қандай шешуші факторлар бар? 
3-дəріс 
Жеке
 адам жəне іс-əрекет психологиясы. 
 

Жоспар: 
Дəріс
 бойынша сұрақтар: 
 
1.
 
Адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  дегенді 
қалай түсінесіз? 
2.
 
«Топ»,  «ұжым»  ұғымдарының  мəн-мағынасы 
неде? 
3.
 
Адам əрекетінің жалпы сипаттамасы қандай? 
4.
 
Оқу  əрекеті  дегеніміз  не?  Төменгі  сынып 
оқушыларының оқу əрекетінің ерекшелігі неде? 
5.
 
Ойын  əрекеті  дегеніміз  не,  ойынның  бала 
психикасын қалыптастырудағы ролі қандай? 
6.
 
Еңбек  əрекеті  дегеніміз  не?  Төменгі  сынып 
оқушылары  еңбегінің  психологиялық  маңызы 
неде? 
7.
 
Дағды дегеніміз не? 
8.
 
Əдет дегеніміз не, оның қандай түрлері бар? 
9.
 
Дағды  мен  икемділік  ұғымдарының  бір-бірінен 
айырмашылығы неде? 
10.
 
 Дағды  мен  əдет  балаларда  қалайша  дамып 
отырады? 
Мұғалім 
оқушылардың 
дағды, 
əдеттерін қандай жолдармен тəрбиелеп отырады? 
 
 
4-дəріс 
Зейін

 
Жоспар: 
1.
 
Зейін туралы жалпы ұғым. 
2.
 
Зейін түрлері. 
3.
 
Зейіннің негізгі қасиеттері. 
4.
 
Зейінді тəрбиелеу жолдары. 
 
 
1. Зейін туралы жалпы ұғым.  

Зейін  деп  —  адам  санасының  белгілі  бір  затқа 
бағыттала  тұрақталуын  көрсететін  құбылысты  айтады. 
Дəлірек  айтқанда,  зейін  дегеніміз  айналадағы  обьектілердің 
ішінен  керектісін  бөліп  алып,  соған  психикалық  əрекетімізді 
тұрақтата  алу.  Мысал  келтірейік,  оқушы  математикалық 
есептер  шығарып  отыр.  Ол  бұған  соншама  үңілген,  мұнысы 
психикалық  кейпінен  жақсы  көрінеді  (бала  көзін  қадайды, 
шұқшия  үңіледі,  демін  ішіне  тартады  т.б.).  Оқушы  есептің 
шығару  жоспарын  ойлайды,  оның  бірінен  кейін  екіншісін 
шығарады.  Есеп  шығарып  болып,  азғантай  үзілістен  кейін 
тарихты, одан  соң географияны  оқуға көшеді.  Сабағын  оқып 
болғаннан  кейін,  түрлі  нəрселермен  айналысады.  Осы 
көріністердің бəрінде де бала əрекеттің əрбір түріне өз зейінін 
ұйымдастырып, басқа обьектілерден ойын бөліп отырады. 
Осылай  түрлі  кезеңдерде  бала  психикасының  белгілі 
бір  обьектіге  бағыт  алып  жəне  сонда  азды-көпті  тұрақтап 
отырғанын көруге болады. 
Адамға  тəн  əрекеттің  кез-келген  түріңде  зейін  орын 
алмаса,  оның  нəтижелі  болуы  қиын.  Орыс  педагогикасының 
атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша 
көрсеткен  еді.  "Зейін  адам  санасынан  қорытылып  өтетін 
барлық  ойды  аңғартатын,  адам  жанының  жалғыз  ғана  есігі 
болып    табылады,  демек,  бұл  есікке  ілімнің  бірде-бір  сөзі 
соқпай  өте  алмайды,  егер  де  ол  соқпай  өтсе,  онда  баланың 
санасында ештеңе де қалмайды". 
Зейінді  психикалық  процестердің  тобына  жатқызу 
дұрыс  болмас  еді.  Өйткені  адам  өз  өмірінің  əрбір 
кезендерінде бір нəрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер 
нəрсені  қиялдайды,  бір  нəрсе  жөнінде  ойлайды.  Ал  зейін 
болса,  өз  алдына  бұлардай  дербес  кездеспейтін,  қайта 
солармен бірлесіп келетін психикалық əрекеттің айрықша бір 
жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық 
құбылыстар зейінге түрліше əсер етеді. Сезім зейінді күшейте 
түсуге  не  оны  бөліп  жіберуге  себепші  болады.  Мəселен,  бір 
обьект  жағымды  сезім  туғызып  зейінді  күшейтеді  де,  ал 
көрші  кластан  естілген  əн-күй  сабағында  отырған  баланың 
зейінін  төмендетеді.  Ерік,  ой,  қиял  процестері  де  зейінге 
түрліше əсер етіп отырады. 
 

Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан 
жүйке  процестерінің  өзара  индукция  заңына  байланысты 
түсінуге болады. 
И.П.  Павлов,  егер  ми  қабығының  бір  алабында  қозу 
процесі қайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында 
тежелу  процестері  пайда  болатындығын  айтқан.  Мəселен, 
адам  бар  ойымен  іске  қызу  берілсе,  басқа  нəрселер  туралы 
жөнді  ойлай  алмайды.  Осы  кезде  мидың  бір  алабында  күшті 
процесс  болып  жатады  да,  айналасындағы  алаптарда  тежелу 
болады (теріс иңдукция заңы). 
Зейіннің  физиологиялық  негіздерін  орыс  физиологы, 
академик 
А.А.Ухтомскийдің 
(1875-1942) 
доминанта
 
 
теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. 
Сыртқы  дүниенің  көптеген  тітіркеңдіргіштерінің 
ішінде  біреуі  миға  көбірек  əсер  етеді  де,  мидың  бір  алабын 
қаттырақ,  күштірек  қоздырады,  осындай  алапты  доминанта 
деп  атаған.  Мидың  осы  күшті  қозғыш  алабы  қалған 
алаптардағы  əлсіз  қозу  процестерін  өзіне  тартып  алып 
отырады.  Осыдан  мидың  күшті  қозған  алабы  онан  бетер 
күшейеді.  Мəселен,  қызық  кітапқа  беріле  оқығанда  адамға 
кейбір  бөгде  тітіркендіргіштердің  бөгет  жасамайтыны,  қайта 
олардың  біздің  ойымыздың    күшеюіне  жəрдемдесетіні 
байқалады.  Сондықтан  адам  бар  зейінін  қойып  кітап  оқыған 
кезде  қасыңдағы  бөгде  тітіркеңдіргіштерден  (мысалы,  сағат 
маятнигінің  соғуы  секілді)  қашпауы  керек.  Бұл  біздің  басқа 
нəрсеге  көңіл  аудармай,  үңіліп  отырған  əрекетімізге 
мейлінше  беріле  түсуге  жəрдемдеседі.  Өйткені,  жоғарыда 
айтылғандай, 
мидағы 
басыңқы 
қозу 
əлсіз 
тітіркендіргіштерден  болған  қозуларды  өзіне  тартып  алып, 
солардың  есебінен  күшейіп  отырады.  А.  А.  Ухтомскийдің 
доминанта  теориясының  мəнін  И.  П.  Павловтың  "Қозудың 
оптимальдық алабы" дейтін теориясы онан сайын толықтыра 
түседі. 
И.  П.  Павловтың  оптимальдық  қозу  алабы  теориясы 
ырықты  зейіннің  табиғатын  физиологиялық  тұрғыдан  өте 
жақсы түсіндіреді. 
Қозу  процесі  ешқашан  да  ми  қабығына  біркелкі  тегіс 
тарамайды,  өйткені  онда  əр  уақытта  қозу  пайда  болатыңдай 
жағымды 
"оптимальдық 
жағдай" 
жасалып 
отырады. 
Оптимальдық  қозуы  бар  осы  алап  -  ми  қабығының 

творчестволық  бөлімі,  ырықты  зейіннің  физиологиялық 
негізі.  Бұл  жөніңде  И.П.Павлов  былай  дейді:  "Бас  сүйегінің 
сыртынан  біз  іштегі  миды  байқай  алатын  болсақ,  онда  ми 
сыңарларының  оптимальдық  қозу  пайда  болатын  жері 
жарқылдап  көрінсе,  біз  ойлап  отырған  саналы  адамның  ми 
сыңарларыңда  формасы  жəне  шамасы  өне  бойы  өзгеретін 
тамаша  тұрлаусыз  жарқылдаған  сəуле  дағын  көрер  едік, 
бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-
көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар 
еді".  Ұлы  физиолог  оптимальдық  қозу  үнемі  қозғалыста 
болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі 
зейін  бағытының  да  өзгеріп  отыруы  деп  түсіндірді.  Мидағы 
тежелулердің  бірінен  екінші  сапқа  түсуі,  біреулерінің 
күшейіп,  алдыңғы  сапқа  шығуы  осы  оптимальдық  қозу 
алабының  жұмысы  болады.  Оптимальдық  қозуы  бар  алап 
(өзара  иңдукция  заңы)  мидың  басқа  бөліктеріндегі  тежелуді 
күшейтеді. 
Мұндай  жағдайда  адам  зейіні  бір  жерге  күшті 
шоғырланады  да,  ол  қалған  обьектілерді  байқамайтын 
болады.  Оптимальдық  қозу  алабын  екінші  сигнал  жүйесінен 
шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар 
ми  қабығындағы  осындай  алаптардың  бір-біріне  ауысуын 
тездетіп  отыратындығын,  сайын  келгеңде,  психикалық, 
əрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді. 
Бір нəрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де 
(дененің, бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, 
құлақ  тігу  т.б.)  жақсы  көрінеді.  Бірақ  бір  қарағанда  зейін 
анық байқала да қоймайды. Өйткені осы айтылғанға біршама 
ұқсас  сыртқы  көріністерді  өмірде  жиі  кездестіруге  болады. 
Сондықтан  да,  кейбір  мұғалімдер  сыныптағы  оқушылардың 
кескініне  қарап,  бір  дегеннен  баланың  сабакқа  қаншалықты 
зейіңді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл, əсіресе, 
тəжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі. Түрлі тəсілдер 
арқылы  оқушы  зейінінің  қасиеттерін  тəрбиелей  отыру  — 
мектептегі  барша  мұғалімнің    ат  салысатын  негізгі 
педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мəнісінде зейін қойып 
кіріскенде 
ғана 
əрекетті 
нəтижелі 
етіп 
орындауға 
болатындығы мұғалім үшін аксиомалық  кағида болуы қажет. 

 

 
2.
 
Зейіннің
 түрлері. 
          Адамдардың 
зейіні 
ырықты

ырықсыз
 
жəне 
үйреншікті
  болып  үшке  бөлінеді.  Сыртқы  дүниенің  кез-
келген  обьектілері  кейде  ырықсыз-ақ  біздің  назарымызды 
өзіне тартады. Мəселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның 
бояулы  афишаға  көзі  түссе,  оған  мойнын  бұрады  не 
милиционердің    ысқырығына    жалт  қарайды  т.  б.  Адам 
өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі 
əсіресе  жас  балаларда  жиі  кездеседі.  Өйткені  балалық  
дəуірде адамның күрделі іс-əрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі 
жүйеге  келе  қоймайды  да,  осының  нəтижесінде  оның 
психикасы  өте  нəзік,  түрлі  сыртқы  əсерге  берілгіш  келеді. 
Əрине,  бұдан  бала  есейген  соң,  оның  ырықсыз  зейіні 
маңызын  жояды  деген  қорытынды  тумау  қажет.  Адам 
өмірінің  барлық  кезеңдерінде  ырықсыз  зейін  тиісінше  орын 
алып  отырады.  Қызығу —  ырықсыз  зейіннің  бұлағы.  Өйткені 
қызықты  іске  көңіліміз  тез  ауады.  Мəселен,  қызықты  кітап 
окуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу — 
ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын 
алуы  тиіс.  Бірақ  ырықты  зейін  де  жанама,  дəнекерлі 
қызығуды  керек  етеді.  Мұнда  адам  өз  ісінен  шығатын 
нəтижеге  қызығады,  оны  орындау  үшін  күш  жұмсайды, 
əйтпесе іс өнбейді, күткен нəтижеге қол жеткізе алмайды. 
Ырықсыз  зейін  физиологиялық  тұрғыдан  барлау  
(ориентировочный)  рефлексінің  жемісі  болып  табылады. 
Зейіннің  бұл  түрі  жануарлар  мен  адамдардың  сыртқы 
ортамен  байланысында  үлкен  рөл  атқарады.  Ырықсыз  зейін 
кез-келген  тітіркендіргіш  арқылы  пайда  бола  бермейді. 
Ырықсыз  зейіннің  көрінуіне  төмендегі  жағдайлар  себеп 
болады: 
а)  күшті  тітіркендіргіштер  (көзді  аштырмайтын  
жарық,  қанық  бояулы  заттар,  қатты  дауыс,  мұрын  жаратын 
иіс  т.б.),  заттар  мен    құбылыстардың  жаңалығы  мен 
қозғалысы  (мəселен,  адамның  үстіңдегі  киімінің  өзгеруі, 
дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.);  
ə)  адамның  сыртқы  дүниедегі  объектілерге  қатынас 
жасауының  дəрежесі  (қызығу,  қажетсіну,  көңіл  күйінің  хош 
болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы əсер етеді. 

 
Адамның ырықты зейіні əрекетті саналы түрде белгілі 
ерік  күшін  жұмсау  арқылы  орындалуынан  көрінеді.  Ырықты 
зейіңде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып 
отыру  көзделеді,  ол  жұмыстың  басынан  аяғына  дейін  ерік-
жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай 
ерекшеліктермен сипатталады:  
1)Қандай болмасын бір əрекеттің талабына сай зейінді 
бағындыра алу үшін іс-əрекетке тікелей кірісу қажет. 
Үйреншікті 
жұмыс 
жағдайын 
жасап 
алып, 
алаңдататын нəрселерден бойды аулақтатқан жөн. 
Орыңдалатын  істің  мəнісін,  маңызына  түсіну  үшін 
білімге  шын  ықыласпен  берілген  дұрыс.  Түрлі  қолайсыз 
жағдайларда  да  жұмыс  істеуге  машықтану.  Мəселен,  көңілді 
алаң  қылатын  бөгде  тітіркендіргіштердің  (айқай-шу,  тарсыл-
күрсілдерде  де)  əсеріне  берілмей  жұмыс  істей  беру.  Бұл 
зейінді  шынықтырудың,  оны  мықты  жəне  шыдамды  етіп 
тəрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады. 
Зейінді  болуды  өзіңе  үнемі  ескертіп  отыру  керек.  Бір 
сөзбен  айтқанда,  ырықты  зейін  деп  іс-əрекетті  жоспарлы 
түрде ұйымдастыруды айтады. 
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп 
отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға 
қарай  жиі  алмасады.  Шындығында,  адамның  үнемі  ырықты 
зейін  жағдайында  болуы  мүмкін  де  емес.  Оқушы  алғашқыда 
жай  қызықкан  нəрсесіне  тікелей  зейінін  аударады,  ал  содан 
кейін  сабақтың  мақсатына  қарай  тікелей  қызық  емес  басқа 
материалдарға  да  зейін  қояды.  Алғашқы  уақытта  қызықсыз 
болып  көрінген  сабақ  кейін  балаға  түсінікті  бола  бастайды. 
Бұл  кезде  оның  ырықсыз  зейіні  сыртқа  теуіп,  ырықты 
зейінінің пайда бола бастағаны. 
Зейіннің  үйреншікті  деп  аталатын  түрі  де  бар. 
Үйреншікті
  зейін  —  адамға  табиғи  сіңісіп  кеткен,  арнайы 
күш  жұмсамай-ақ  орындалатын  зейін.  Мəселен,  бала  оқуға 
төселсе,  бұл  оның    тұрақты  əдетіне  айналса,  оның  зейіні  де 
үйреншікті  бола  бастайды.  Қандай  нəрсеге  болса да  үйреніп, 
жаттығып  алған  соң,  адамның  іс-əрекеті  дағдысына 
айналады.  Үйреншікті  зейіннің  де  табиғаты  осыған  ұқсас. 
Өйткені 
үйреншікті 
зейін 
ырықты 
зейіннен 
дамып 

 
қалыптасады.  Зейіннің  қай  түрі  болмасын  іс-əрекеттен 
нəтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен 
беріліп  істесе,  ырықсыз  зейіні  көрінеді.  Бірақ  ұзақ  жұмысты 
тікелей  қызығып  істей  беру  де  оңай  емес.  Мұндай  жағдайда 
ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс 
істеу  де  адамды  қажытып  шаршатады.  Сондықтан  адам 
жұмысты  зейіннің  осы  екі  түрін  қатынастыра  отырып, 
үйреншікті зейінмен істеуді əдетке айналдыруы қажет. 
 
3.
 
Зейіннің
 негізгі қасиеттері. 
Зейін  жөнінде  əңгіме  болғанда  оның  мына  төмендегі 
қасиеттерін еске алады. 
    Зейіннің  тұрақтылығы  жəне  жинақтылығы.  Адамның 
зейіні  бір  объектіге  немесе  бір  жұмысқа  ұзағырақ  тұрақтай 
алса,  оны  зейіннің  тұрақтылығы  дейді.  Мысалы,  өндіріс 
озатының  не  хирург  дəрігердің  жұмыс  үстіндегі  зейінін 
осыған жатқызуға болады. 
Зейінді 
бір 
жерге 
тұрақтатып, 
жинақтап 
алу 
арқасында  адам  істеп  отырған  ісін  тереңінен  түсініп,  оның 
əртүрлі  байланыстарын  анықтайды.  Зейінді  тұрақтата 
алушылық  саналы  əрекетке  өзінді  жеңе  алудың  басты  бір 
белгісі болып табылады. 
Зейіннің  осы  қасиетінің  оқу  процесінде  маңызы  зор. 
Сабақ үстінде баланың назарын көп нəрсеге аудармай, басты 
бір  нəрсеге  не  белгілі  бір  əрекетке  ғана  аударып,  оған 
тұрақтатып əдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде 
үлкендердің  көмегінсіз-ақ  зейінін  тиісті  обьектіге  жинақтай 
алатын болады. 
Ересек  адамдар  жұмыс  үстінде  зейінін  40  минуттай 
бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10-20 минуттық зейін 
қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нəрсеге 
бөлінуі  сол  жұмыстың  одан  ары  ұйымдастырылуына  ешбір 
нұқсан  келтірмейді.  Қайта  бұл  секілді  тынығу,  жұмысты 
бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. 
Адам  соншалық  ерік-жігермен  зейін  салып  жұмыс  істеген 
жағдайда  да  оқтын-оқтын  ойы  бөлініп,  басқа  бір  затқа  ауып 
отырады.  Осылайша  зейіннің  бірде  əлсіздене,  бірде  күшейіп 
тұруын  зейіннің  толқуы  дейді.  Толқу  —  зейіннің  табиғи 

 
қасиеттерінің  бірі.  Мəселен,  бар  ілтипатпен  кітап  оқыған 
адам  да  анда-санда  бөтен  ойға  түседі,  басын  көтеріп  жан-
жағына  қарайды.  Зейіннің  мұндай  толқуы,  əрине,  адамның 
көңіл  аударған  нəрсесіне  ойының  бөлінуіне,  зейінін 
тұрақтатуына  бөгет  болмайды.  Кейбір  адамдардың  зейіні 
толқымалы  келеді.  Бұған  қатты  тітіркендіргіштер,  күшті 
эмоциялық  əсерлер,  сондай-ақ  адамның  өз  еркін  жөндеп 
билей алмауы себеп болады. 
Зейінді  ұзақ  уақыт  бойы  іс-əрекетке  жеткілікті 
жұмылдыру  үшін,  əсіресе,  оның  бөтен  нəрсеге  көңілі  ауып 
кетпеуін  ойластыру  керек.  Бұл  көп  күш  жұмсауды  қажет 
етеді. Зейіңді алаңдататын əр түрлі тітіркендіргіштерге қарсы 
күресу  —  кажетті  шаралардың  бастысы.  Мəселен,  ысқырған 
дауыс,  қоңыраудың  сылдыры,  сырнай-керней  т.  б.  адамның 
тынышын  кетіреді.  Зейінін  жақсы  ұйымдастыра  алатын 
адамдар  осындай  жағдайда  да  жұмысты  тез  жəне  сапалы 
орыңдайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нəрселер көп 
болғанмен,  олардың  барлығы  да  кесел  тигізе  бермейді. 
Мəселен,  машинаның  түрлі,  музыканың  əуені  зейінді 
аударатып  тітіркендіргіш  болғанмен,  оларға  шыдап  отыра  
беруге болады. Ал қасыңдағы адамның айқай-шуы, реніш т.б. 
адамды  күштірек  алаңдатып,  жұмыс  істетпейді.  Əрине, 
бұларды  жоюдың  мүмкіндігі  болмаса,  оған  көңіл  аудармай, 
сабырлылықпен  жұмыс  істей  беруге  болады.  Əрине,  бұған 
ерік-жігер  қажет.  Осындай  ыңғайсыз  жерлерде  жұмыс  істей 
алушылық  —  адамның  жақсы  қасиеттерінің  бірі.  Мəселен, 
орыстың  атақты  жазушысы  А.П.  Чехов  жас  кезінде  көп 
əңгімелерін  ойын-күлкі,  той-думан  үстінде  жазса,  ал 
Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық  шығармаларын  
қонақта  отырып-ақ  жаза беретін  болған.  Қандай жағдайда да 
адам  зейінге  кедергі  келтіретін  нəрселерді  жеңе  алатын 
болуға  тиіс.Тіпті  тыныш  жерде  отырып    жұмыс    істеуді 
ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жағдайларға төселттіріп, 
кез-келген  жағдайда  жұмыс  істей  алатындай  қабілетке  ие 
болуы тиіс. 
    Зейіннің  аударылуы.    Зейіннің  аударылуы  деп  бір 
объектіден  екінші  объектіге  назарымызды  көшіруді  айтады. 
Физиологиялық  тұрғыдан  мидағы  оптимальдық  қозудың 

 
ауысуы.  Зейінді  тез  аудара  білу  қабілеті  көбінесе  жүйке 
процестерінің  өзгермелілігіне  байланысты.  Кейбір  адамдар 
бір  жұмыстың  түрінен  екінші  бір  жұмысқа  жеңіл  көшеді, 
зейін  қойып  жаңа  жұмысты  тез  меңгеріп  кетеді.  Бұл  икемді, 
оңтайлы  зейіннің  көрінісі.  Екінші  біреудің  зейіні,  керісінше, 
басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу 
көлденеңнен кез-келген əсерлерге  кідірусіз  жауап  беруде  аса 
қажет. Мəселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті 
жөнді 
жетілмеген 
болса, 
олардың 
жұмыста 
түрлі 
сəтсіздіктерге 
ұшырауы 
мүмкін. 
Мектеп 
жағдайында 
балалардың зейіннің бір пəннен екінші пəнге, бағдарламаның 
бір  бөлімінен  екінші  бөліміне,  жұмыстың  бір  түрінен  (үй 
тапсырмаларын  сұрау)  екінші  түріне  (жаңа  сабақты  тыңдау 
кезі)  үнемі  аударып  отыруға  тура  келеді.  Зейінді  аудара  алу 
оқушының  ерік  сапалары  біраз  дамыған  кезде,  əсіресе  оқу 
материалдарын  түсінген  жəне  оларды  ұмытпайтындай  етіп 
меңгерген  жағдайда  ғана  мүмкін  болады.  Мұғалімнің 
материалды  жүйелі  етіп,  бір  ізбен  жақсы  түсіндіруі,  өткен 
материалды  дұрыс  қорытуы,  оқылатын  жаңа  тараудың 
мақсатын  айқындауы,  жаңа  материадды  тыңдауға  жəне 
түсінуге  оқушылардың  дайындығын  тексеру  т.б.  зейіннің 
дұрыс аударылуына себепші болады. 
       Зейіннің  бөлінушілігі.  Адам  санасының  бір  мезгілде 
бірнеше əрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі 
дейді. Адам зейінін екі-үш нəрсеге бөле алады. 
Зейіңді 
бір 
уақытта 
түрлі 
объектіге 
бөлуге 
болатыңдығын  арнаулы  зерттеулер  көрсетіп  отыр.  Мəселен, 
оқушылар  өздері  есеп  шығарады,  сонымен  қатар  осы  кезде 
басқа  оқушының  тақтаға  шығарған  есебін  бақылайды,  оның 
сөзін  тындайды  т.  б.  Студенттер  бір  мезгіл  ішінде  лекция 
тыңдайды,  түсінгенін  жазып  отырады  кітап  оқып  отырып, 
конспект  жазады.  Еңбек процесіңде  зейін  бөлінуінің  маңызы 
бəрінен  де  зор.  Қазіргі  кездегі  өндірістің  онан  сайын 
автоматталынуы 
адам 
зейінінің 
бөлінушілігін 
ерекше 
дамытуды 
қажет 
етеді. 
Ал 
машина 
жүргізушілерге 
(машинист,  шофер  т.б.)  бірнеше  нəрсеге  зейін  бөлушілік 
қаншама  маңызды  екендігі  түсінікті.  Олар  бір  кезенде  руль 
механизмін  басқарады,  жолға  назар  аударады,  тормоз  береді 

 
жəне  т.  б...  Бұл  операциялардың  əрқайсысы  зейінді  өте 
шеберлікпен бөле білуді қажет етеді. Мұғалімдік қызметте де 
зейінді  бірнеше  объектіге  бөле  білудің  маңызы  зор.  Мұғалім 
бір  мезгілде  сабақтың  мазмұнын,  формасын  сабақ  оқыту 
жоспарына  сəйкес  тексеріп  отырады,  барлық  сынып  ұжымы 
мен  жеке  оқушылардың  тəртіп  сақтауын,  сабаққа  қалай 
қатысып  отырғанын  байқайды.  Тəжірибесі  аз,  жас  мұғалім 
кейде барлық сыныпты не жеке оқушыларды, не өзінің айтып 
тұрған  сөзін  бақылай  алмай  қалады  да  зейінін  бытыратып 
алады. 
Осының 
салдарынан 
сыныпта 
сабақ 
нашар 
ұйымдастырылуы  мүмкін.  Зейінді  екі  объектіге  бірдей  бөлу 
үшін ең кемінде біреуіне іскер болу жəне мұңдай объекті бір-
біріне 
байланысты 
болуы 
шарт. 
Зейінді 
бөлудің 
физиологиялық  негіздері  жөніңде  И.П.Павлов  былай  дейді: 
"...біз  бір  іспен,  бір  оймен  айналыса  жүріп,  өзіміз  əдеттеніп 
кеткен тағы басқа бір істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу 
механизмі  бойынша,  ми  сыңарларының    тежелудегі 
бөлімдерімен, қызмет істейміз, өйткені біздің басты ісімізбен 
байланысты ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда 
болады". 
    Зейіннің  көлемі.    Зейіннің  көлемі  деп  бір  уақыттың  ішінде 
оның  қамтитын  объектілерінің  санын  айтады.  Зейін  көлемін 
анықтауға  байланысты  жасалған  тəжірибелер  тахистаскоп 
деген  аспаппен  тексеріледі.  Адам  бір  мезгілде  (секундтың 
1/10  бөлігінде)  орта  есеппен  əр  түрлі  5-9  əріпті  қамти 
алатынын, 12-14 əріптен тұратын мағынасы бар сөзді де осы 
мерзімде 
қамтитынын 
көрсетіп 
отыр. 
Мектеп 
оқушыларының,  əсіресе,  бастауыш  сынып  оқушыларының 
зейін көлемі ересек адамдардың зейін көлемдеріне қарағанда 
шағын  болатындығы  сабақ  үстінде  мұғалімнің  есінде  болуға 
тиіс,  сондықтан  да  оқушыларға  бір  мезгілде  сан  жөнінде  де, 
сапа  жөнінде  де  белгілі  зейін  көлемінен  артық  мөлшерде 
материал  беруге  болмайды.  Оқушылардың  зейін  көлемі  бір-
бірімен  байланыспаған  элементтерді  қабылдаса,  нашар 
өсетіндігін,  ал  логикалық  байланысы  бар  элементтерді 
қабылдаса,  олардың  зейін  көлемін  өсіретіндігін  мұғалім  еске 
алуы қажет. 

 
Зейін  көлемін  арттыру  үшін  мұғалім  балаларды 
комплекс  заттарды  байқай  алуға,  оларды  бір  объект  ретінде 
қабылдауға  машықтаңдырғаны  дұрыс.  Көрнекі құралдардағы 
сөздер  тым  ұзақ  болмай,  ондағы  сөздердің  ең  бастыларын 
бірден  оқып  түсіну  үшін  əріптерді  түрлі  бояумен  безендіру 
қажет.  Соңғы  айтылған  тəсіл  де  бала  зейінінің  көлемін 
өсіруге  жағдай  жасайды.  Физиологиялық  түрғыдан  зейін 
көлемін  өсіріп,  ұлғайту  мидағы  оптимальдық  қозуы  бар 
алапты  кеңейте  түседі.  Бұл  бірнеше  қозулардың  бір  қозу 
жүйесіне бірігуі болып табылады. Бірден біраз нəрсені қамти 
алатын зейінді көлемі кең зейін дейді де, объектілерді жөңдеп 
қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейіннің тар, 
көлемдісі  де  жарамсыз  қасиет  емес.  Əңгіме  істен  дұрыс 
нəтиже  шығара  алуында.  Адамның  мамандығы,  айналысқан 
ісі  оның  зейініне  əсер  етпей  қоймайды.  Мəселен,  өне  бойы 
сағат  механизмімен  шұқшия  жұмыс  істеп  отыратын 
мастердің 
зейін 
көлемі 
айтарлықтай 
болмайды. 
Микроскоппен  жұмыс  істейтін  ғалымның  зейіні  де  осы 
іспеттес келеді. 
      Алаң  болушылық.    Алаң  болушылық  деп  белгілі  бір 
объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты 
айтады.  Əр  нəрсеге  ауып  кете  беретін  жаңғалақ  адамдардың 
зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық сондай-ақ 
адам  қатты  шаршап,  болдырған  кезде  де  жиі  кездеседі. 
Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы 
жасалынбайды,  қозу  мен  тежелу  процестері  бір-бірімен 
алмасуы  тəртіппен  жүріп  отырмайды.  Зейіннің  осы  қасиеті 
адам  психологиясынан  тұрақты  орын  алса,  оған  берекем 
əрекет ету қиынға соғады. 
Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі 
ұшырайды. 
Өйткені 
олар 
əлі 
күрделі 
іс-əрекетпен 
айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері өз дəрежесінде 
болмайды. 
Алаң  болушылыққа  ұқсас  көріністер  адамның  бір 
жұмысқа  қатты  беріліп  істеген  кездерінде  де  байқалады. 
Адам  қатты  үңіліп  жұмыс  істеген  кезде  басқа  еш  нəрсені 
сезбейді,  елемейді.  Осындай  жағдайда  ол  айналасындағы 
езгерістерді  байқамайды.  Мұндай  адамдардың  зейінін 

 
уақытында  бөле  алмаушылықтың  кемшілігі  зейіннің  көлемі 
өте тар жəне икемсіз келетіндігінен. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет