Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Жеке тұлға дамуындағы тұқым қуалаушылықтың рөлі



бет26/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#16877
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
2. Жеке тұлға дамуындағы тұқым қуалаушылықтың рөлі.

Адамның дамуына ықпал ететін негізгі факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта және тәрбие жатады. Жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор. Тұқым қуалаушылық- баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердіғ жиынтығы. Адам дамуындағы тұқым қуалаушылықты екі түрге бөлуге болады:



  1. Жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелерінің дамуы, нәсілдік және ұлттық ерекшеліктері);

  2. Даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық, физиологиялық бейімділіктері).

Адам дамуының заңдылықтарын педагогикалық тұрғыдан зерттеу үш басты проблеманы- интеллектуальдық, арнайы және моральдық сапалардың тұқым қуалау арқылы берілуін қамтиды.

Интеллектуалдық сапалардың тұқым қуалау арқылы берілуі : ол қабілет тұқым қуалау арқылы берілмейді тек нышан түрінде беріледі. Ағзаның анотомиялық , физиологиялық ерекшеліктерінің , демек, қабілетттің дамуына қажетті табиғи мүмкіншілікті нышан дейміз. Нышан өздігінен дамымайды оны қозғау және дамыту тәрбиеге және әлеуметтік жағдайларға байланысты. Арнайы нышандарға; математикалық, музыкалық, спорттық т.б. сапалар жатады.

Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі мына нәрселерден тұрады:


  • морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері);

  • функционалдық ерекшеліктері (қан тобы);

  • адамға тән бейімділіктер (сөйлеу қабілетінің дамуы, ойлау, еңбек ету қабілеті);

  • жүйке қызметінің түрлері (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен тежелуі);

  • әрекеттің қандай да бір түрінің анатомиялық –физиологиялық бейімділіктері;

  • есту мүшелері, ойлау, сезім мүшелері құрылысындағы ерекшеліктер.

Сонымен жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық ықпалы дегеніміз- ол ұрпақтарда , ата-аналарының ұқсастықтарының мол болуын тұқым қуалаушылық деп түсінеміз.

Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылымды генетика деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет