Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет3/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Оқыту нәтижесі:
Студент пәнді оқып аяқтағаннан кейін экономикалық категорияларды білу керек, экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеруі және алынған нәтижелерді тұжырымдай білуі тиіс.
Білу және түсіну (дескриптор А - білу және түсіну): Экономикалық құбылыстар мен үдерістердің мәнін, олардың өзара байланыстары мен өзара тәуелділігін, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазудың әдістерін білу және оларды кәсіпорын экономикасын талдауда қолдану;
Академиялық адалдық қағидалары мен мәдениетінің маңызын түсіну.
Істеу білу (дескриптор В – білім мен түсініктерді қолдана білу): кәсіпорынның қызметінің нәтижесін бағалау және өндіріс тиімділігін жоғарылатуы жолдарын айқындай білу;
Игеру (дескриптор С – талқыға шығара білу қабілеттілігі, қорытындыларды қалыптастыру мен идеяларды бағалау;
D – байланыс дағдылары, E – оқыту дағдылары).

С - талқыға шығара білу қабілеттілігі, қорытындыларды қалыптастыру мен идеяларды бағалау: шаруашылық субъектілерінің қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін қажетті бастапқы мәліметтерді жинау; меншіктің әр түрлі нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың есебіндегі қаржылық, есепті және басқа да ақпараттарды талдау және қорытындылау және алынған мәліметтерді басқару шешімінде қолдана білу; қоғамда болып жатқан әлеуметтік маңызды мәселелер мен үдерістерді талдау және болашақта олардың даму мүмкіндіктерін болжау.


D - байланыс дағдылары: тиімді менеджмент дағдыларын игеру, коммуникабельділік және топта жұмыс істеу білу, өзінің шығармашылық қабілеттілігін арттыру, ұжымда көшбасшылыққа талпыну.
E - оқыту дағдылары: ақпараттарды алудың, сақтаудың және қайта өңдеудің әдістерін, тәсілдерін, алу құралдарын игере білу, ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдыларын игеру, жағандандыру компьютерлік жүйесінде ақпараттармен жұмыс істеуге қабілеттілік.
Пәнді оқып игергеннен кейін студент:
Білу керек:

  1. Өнеркәсіп кәсіпорындары түсінігі және жіктелуін;

  2. өндірістік бағдарлама және өндіріс қуаттылығы түсінігін;

  3. кәсіпорынның негізгі және айналым капиталын;

  4. еңбек ресурстары және еңбек өнімділігі, өндірістік шығындар құрамы және жіктелуі.

  5. кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін;

  6. өндіріс шығындарының құрамын және түрлерін;

  7. кәсіпорын қызметінің өндірістік-шаруашылық рентабельділігін және пайданы есептеу әдістерін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет