Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Ко =Рн /СО Айналым қорланы қолдануды ұйымдасытрудың



бет31/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Ко =Рн /СО
Айналым қорланы қолдануды ұйымдасытрудың негізгі мақсаты- өндіріс процессіз үзіліссіз жалғастыру және сатуға шығарылған өнімді айналым қорларының ең аз мөлшеріннен қамтамасыз ету.
Өз қозғалысында айналым қорлары үш сатыда өтеді:

  • ақшалық;

  • өндіргіш;

  • тауарлық.

Ақшалық сатыда дайындық жұмыстары жүргізілді. Айналыс сферасында ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Өндіргіш сатыда өндіріс процесі болады. Өндіргіш сатыда дайын өнім шығарылып, сату сатысы басталады, яғни өндіргіш капитал тауар капиталына айналады және сату басталады. Схема түрінде алсақ,
А – Т…..Ө…..Т1 – А
Мұндағы: А- кәсіпорынның ақша құралдары;
Т - өндіріс құралдары;
Ө - өндіріс;
Т1 –дайын өнім;
А1 - өнімді сатудан түскен ақша құралдары.
Кәсіпорындағы айналым қорлары кәсіпорынның өз қорларынан және қарызға алынған ресурстардан тұрады.
Айналым қорларының көздеріне пайда, несие, жарғы және бюджеттік қорлар, кредиторлық берешек т.б. жатады.
Қарызға алынғанқаржыларға банк кредиті, кредиторлық қарыз және басқа да пассивтер жатады. Одан басқа әрбір кәсіпорынның тұрақты пассивтері болдады, еңбек ақы бойынша қарыздар, бюджет алдындағы және әлеуметтік қорға төлемдер бойынша қарыздар. Меншікті қорлар мен қарызға алынған қаржылар арасындағы айырмашылық кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Айналым қаражаттары әрқашан да қозғалыста болып ауыспалы айналым жасайды, яғни айналыс сферасынан өндіріс сферасына, өндіріс сферасынан айналым сферасына қайта айналып келіп отырады. Мұндай құбылысты айналым қорларының кезеңі деп атайды.
Ауыл шаруашылығындағы айналым қорларының қолданылуы мен пайдалануының экономикалық тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Олардың ішінде айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті, айналым ұзақтығы, бір айналым құнына жұмсалатын айналым құралдары, өндіріс рентабельділігі және т.б.сияқты көрсеткіштер маңызды орынды алады.
Айналым құралдарының айналымдылығы - айналым қаржысының тиімді пайдалануын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.
Айналымдылық коэффиценті - сатылған өнімнің көлемін айналым қаражаттарының орташа қалдығына бөлу арқылы анықталады:


Ка=СӨҚ/АҚқ (15)

Мұндағы: СӨҚ- сатылған ауыл шаруашылығы өнімінің құны, тг;


АҚқ- жыл бойғы айналым қорларының орташа қалдығы, тг;
Айналым қорларының орташа қалдығын пайдалана отырып, жыл бойғы бір айналым құралдарының орташа ұзақтығын табуға болады. Оны күнтізбе күндерінің санын айналым коэффициентіне бөлу арқылы есептейді, яғни формуласы төмендегідей:
Ұайн= 365/Ка (16)

Маңызды көрсеткіштердің бірі материал қайтарымдылығы, ол ауылшаруашылығы жалпы өнім шығымының айналым қорларының бір бірлігіне қатынасы арқылы анықталады:




Мқ= ЖӨ/АҚ (17)

Материал қайтарымдылығының кері көрсеткіші материал сыйымдылығы болып табылады. Ол өнім бірілігін өндіру үрдісінде материалдық айналым қорларының қолданылуының ақшалай көрінісін сипаттайды. Ауыл шаруашылығы өнім бірлігін өндіруде материалдық айналым құралдарының шығынының азаюы ресурстардың үнемділігін және тұтас өндіріс тиімділігінің артуына әкеледі.


Өндіріс құралдарының жиынтығының (негізгі және айналым) тиімділігінің жалпылама көрсеткіші ретінде өндіріс рентабелділігі немесе пайда нормасы қатысады. Бұл көрсеткіштің экономикалық мазмұны негізгі және айналым қорларының бір бірлігіне келетін кәсіпорын қанша пайда алатынын көрсетеді. Шаруашылықтың экономикалық тиімділігін көтеруге айналым құралдарын ұтымды пайдалану мен өнімнің материал сыйымдылығын төмендету арқылы қол жеткізіледі.
Өндірістің даму қарқынын жоғарылатудың басты факторларының бірі айналым қорларының пайдаланылуын жақсарта отырып, өнімнің өзіндік құнын төмендету және өндіріс тиімділігін арттыру. Айналым қорларын ұтымды пайдалану және осы негізде өндірістің материал сиымдылығын төмендету өнімнің арзандауына әкеледі нәтижесінде кәсіпорынның рентабельділігін арттырады. Айналым қорларының қолдану тиімділігін көтеруде маңызды орынды ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі және малдардың өнімділік көрсеткіштері, өнімнің сапасы, жыл бойы минералдық тыңайтқыштардың, азықтың, тұқымның, жанар-жағар майдың үнемді пайдаланылуы маңызды орын алады.
Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорынның негізгі мақсаты болып табылады және мынадай жолдары бар:

  • ауыл шаруашылығы өндірісінде еңбек заттарының өзіндік құнын төмендету және өнім сапасын арттыру;

  • материалдық ресурстарды үнемді пайдалану;

  • өндірістің технологиясын жетілдіру;

  • айналым қорларының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету;

  • өндірісті мамандандыруды және шоғырландыруды жетілдіру;

  • еңбекті материалдық ынталандыру мен ұйымдастыруды жетілдіру және т.б.

Өнім сапасын арттыру мен өнімнің өзіндік құнын төмендету өндіріс үрдісінде материалдық, ақша және еңбек ресурстарының салыстырмалы түрде аз жұмсалуын қамтамасыз етеді. Осындай жағдайда ауыл шаруашылығында айналым құралдарының үнемділігі көбінесе кәсіпорынның жұмысшылары мен мамандарына да байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет