Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі



Pdf көрінісі
бет24/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
2-тарау. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
8. ТжКБ ұйымдары «Білім туралы» Заңда, осы Қағидаларда және ТжКБ 
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының 
жарғыларында белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, 
кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық 
қызметін ұйымдастыруда дербес болады.
9. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру 
ұйымдары өз қызметін қолданыстағы «Білім туралы» Заңның 42-бабына сәйкес 
берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
10. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі ТжКБ білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу-
тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады.
11. ТжКБ білім беру бағдарламалары олардың мазмұнына және білім 
алушылардың даярлық деңгейіне қарай білім беру бағдарламаларына бөлінеді:
1) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін жобалар жатады.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін, жалпы 
гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, өндірістік оқытудан 
және кәсіптік практикадан өтуді немесе базалық және кәсіптік модульдерге 
интеграцияланған жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді 
зерделеуді, жұмыс біліктіліктерін бере отырып, өндірістік оқытудан және кәсіптік 
практикадан өтуді көздейді;
2) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін жобалар жатады.
ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін, 
әлеуметтік-экономикалық, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы 
пәндерді зерделеуді, өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді немесе 
базалық және кәсіптік модульдерге интеграцияланған әлеуметтік-экономикалық, 
Жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, «орта буын 
маманы» біліктілігін және (немесе) жұмыс біліктіліктерін бере отырып, өндірістік 
оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді көздейді.
ТжКБ білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының 
тізілімінде қамтылған.
ТжКБ білім беру бағдарламаларының тізілімі білім беру саласындағы 
ақпараттандыру объектісінде қамтылған.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
12. Мәдениет және өнер мамандықтары бойынша ТжКБ білім беру 
бағдарламалары көрсетілген мамандықтар бойынша білім алушыларды ерте 
кәсібилендіру қағидаты мен даярлау ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді.
13. Оқыту ұзақтығы бағдарламалардың күрделілігі мен берілетін біліктілік 
деңгейіне байланысты және Стандартымен айқындалады.
ТжКБ білім беру бағдарламалары жалпы орта білімі бар азаматтар үшін 
жалпы кәсіптік, әлеуметтік-экономикалық, арнайы пәндерді зерделеуді және 
таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіптік қызметті айқындайтын оқу-
өндірістік жұмыстарды орындауды көздейді.
ТжКБ білім беру бағдарламалары теориялық және өндірістік оқыту 
бағдарламаларынан және кәсіптік практикадан тұрады.
Дуальді оқытуды пайдаланылатын ТжКБ білім беру бағдарламалары білім 
беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында 
кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтар (қазақ тілі мен әдебиеті – 
оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтарда, орыс тілі мен әдебиеті – оқыту орыс 
тілінде жүргізілмейтін топтарда, шет тілі, информатика, дене шынықтыру), жалпы 
гуманитарлық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер және (немесе) модульдер 
бойынша зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтар, сондай-ақ тізбесі 
жұмыс оқу жоспарына сәйкес айқындалатын шеберханаларда (зертханаларда, 
білім беру ұйымдарында, оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) 
өндірістік оқыту бойынша сабақтар өткізу кезінде оқу топтары саны 15 адамнан 
аспайтын кіші топтарға бөлінеді.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін шеберханаларда 
(зертханаларда, білім беру ұйымдарында, оқу полигондарында және оқу 
шаруашылықтарында) өндірістік оқыту жүргізу кезінде және практикалық 
сабақтарда оқу топтары саны 8 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінеді.
14. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен 
бағдарламаларының толық көлемде уақытылы және сапалы орындалуын 
қамтамасыз етеді.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
арналған бекітілген оқу-тәрбие процесінің графигі мен теориялық және 
практикалық сабақтардың кестесі негізінде жүзеге асырылады.
15. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын білім беру 
бағдарламалары және жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің 
үлгілік оқу бағдарламалары негізінде ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын ұйымдар әзірлейді.
Білім беру бағдарламаларын Стандартқа сәйкес ТжКБ білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді және бекітеді.
ТжКБ ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе 
модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын «Білім туралы» Заңның 5-бабының 5-2) 
тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және 
бекітеді
16. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім 
беру бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiм беру 
ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту 
мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі және сырттай бөлім 
(сырттай, кешкі нысанда білім алу рұқсат етілмейтін мамандықтардың жекелеген 
біліктіліктерінен басқа).
17. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау 
тәртібі ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына 
оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, «Білім туралы» Заңның 5-
бабының 11) тармақшасына сәйкес белгіленеді.
Әскери мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім 
беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау 
тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнайы оқу 
орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген 
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып 
тіркелген). Білім алушыларды беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру 
және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Әскери мамандықтар бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта 
қабылдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 
қаңтардағы № 37 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13239 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы 
Қорғаныс министрлігіне ведомстволар бағынысты әскери органдарына ауыстуру 
және қайта қабылдау Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
19. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 
506 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 
тізілімінде № 10475 болып тіркелген) Білім беру ұйымдарында білім алушыларға 
академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Білім алушылардың үлгерімін бақылау, аралық және қорытынды 
аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 
18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5191 болып тіркелген) Білім 
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау 
өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
21. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және 
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
22. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында, оқу жылы оқу процесінің графигіне сәйкес басталады және 
аяқталады.
Білім алушылар үшін оқу жылы ішінде кемінде екі рет демалыс белгіленеді. 
Академиялық кезеңдер мен каникул ұзақтығын ТжКБ ұйымы дербес айқындайды.
ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда сабақ кестесі 
оқу процесінің графигіне және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.
Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін ұзақтығы 45 минут 
академиялық сағат белгіленеді.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Педагогтер үшін сабақтар арасындағы үзілістер кезінде білім алушылармен 
бір мезгілде тынығу және тамақтану уақыты ТжКБ ұйымының ішкі тәртіп 
қағидаларымен айқындалады.
ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында 
әскери мамандықтар бойынша аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 
ұзақтығы кемінде 40 минут академиялық сағат белгіленеді.
23. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, 
білім алушылардың тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс 
тамақтануды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
24. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі 
№ 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 
тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы 
бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
25. ТжКБ бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық 
сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, 
әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар 
(курстық және дипломдық жұмыстар) және практикалар түрінде өткізіледі.
26. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарының оқу процесінің қатысушылары студенттер, педагогтер және 
кәмелетке толмаған студенттердің заңды өкілдері болып табылады.
27. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар 
жатады.
28. ТжКБ ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға 
білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды ТжКБ білім беру 
бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар 
және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу 
органдарында мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен ТжКБ 
білім беру ұйымдары береді.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
29. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарындағы педагогтерге тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де 
кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) 
тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім 
беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіптік қызметін жүзеге асыратын 
адамдар, сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 
Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен 
адамдар жатады.
30. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру 
ұйымдарындағы педагогтер саны және педагогтер лауазымдарының тізбесі «Білім 
туралы» Заңның 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес айқындалады.
31. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары 
педагогінің лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
32. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие 
процесін басқару үшін мамандықтар (кәсіптер) топтары, оқыту нысаны және 
тілдері бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.
33. Құрылымдық бөлімшелерде (құзіреттілік орталықтарда) басшылық етуді 
ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы 
тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.
Құрылымдық бөлімшелерде (құзіреттілік орталықтарда) ерекше қызметтері 
ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының 
Жарғымен айқындалады.
34. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) кадрлар даярлау кезінде бір 
немесе бірнеше мамандықтар бойынша құрылады.
35. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ ұйымдарындағы 
оқу процесі білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды, сондай-ақ өндірістік 
оқыту шеберінің, оқу – өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында 
және оқу полигондарында практика жетекшісінің басшылығымен, кәсіпорындар 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
(ұйымдар) базасында тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, практика 
жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқыту мен кәсіптік 
практиканы қамтиды.
Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны оқу жұмыс 
бағдарламаларымен және оқу жұмыс жоспарларымен айқындалады.
ТжКБ ұйымдарының кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізу 
«кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын және техникалық 
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін практика базалары 
ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 
қаңтардағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 
тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
36. Дуальды оқыту «мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және 
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін 
көрсетудің үлгілік шартының, кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік 
шарттың және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін дуальды 
оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 
93 бұйрығымен бекітілген дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысаны 
негізінде жасалатын дуальды оқыту туралы, (нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) сәйкес жүзеге 
асырылады.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға 
еңбек тәртіптемесінің қағидалары қолданылады.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту уақытында білім алушы 
білім алушының еңбек өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді 
орындайды және осы уақыт ішінде өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтетін адамдарға еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қолданылады.
Дуальді оқыту туралы шарт негізінде кәсіпорын (ұйым) өндірістік оқыту 
мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыру үшін білім алушыға 
тәлімгерді бекітеді.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру «Дуальды оқытуды 
ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына (нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13422 болып тіркелген) 
сәйкес жүзеге асырылады.
37. Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы Мемлекеттік 
кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында ТжКБ білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру ұйымдары «Білім туралы» 
Заңның 63-бабына сәйкес Стандарттарының талаптарынан тыс тауарларды 
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы қызметтер көрсету туралы шарт 
жасай отырып, ақылы негізде ұсынады.
38. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 
107 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 
тізілімінде № 13395 болып тіркелген) Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен 
өткізу қағидаларының негізінде жүзеге асырылады.
39. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары, 
құзіреттілік орталықтар – мамандықтар бойынша кадрларды даярлау бейініне 
қарай жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына 
сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс бағдарламаларының 
мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім 
беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.
Оқу-өндірістік шеберханалар:
1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;
2) білім алушылардың оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына 
сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;
3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар 
мен құралдарды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптар 
жасауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;
4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызметтер көрсетуді 
қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Оқу шаруашылықтарында немесе құзіреттілік орталықтарда өсімдік 
шаруашылығы және мал шаруашылығы технологиялары бойынша (оқу 
шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) ауылшаруашылық 
жұмыстарының әр алуан түрлері жүргізіледі.
Оқу полигондарында немесе құзіреттілік орталықтарда автомобильдерді, 
тракторларды, өздігінен жүретін әртүрлі машиналарды жүргізу, әртүрлі 
жабдықтар мен тетіктерді қызмет көрсету және пайдалану бойынша оқыту 
жүргізіледі.
40. Оқу шеберханаларындағы немесе құзіреттілік орталықтардағы, оқу 
шаруашылықтарындағы оқу-өндірістік жұмыстардың тізбесі, мазмұны және 
оларды орындау бойынша талаптарды олар үшін кадрлар даярлау жүзеге 
асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша тікелей ТжКБ білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы айқындайды.
41. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы 
Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
42. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы 
басшысының жауапкершілігі «Білім туралы» Заңның 45-бабының 3) 
тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
43. ТжКБ ұйымдарында мемлекеттік бақылау «Білім туралы» Заңның 59-
бабына сәйкес жүзеге асырылады.
44. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру 
ұйымдарының педагогтері жыл сайын «Міндетті медициналық қарап-
тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу 
тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің 
көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті 
өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті 
алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық 
қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын 
ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін 
көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131
/2020 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 
тізілімінде № 21443 болып тіркелген) жүргізіледі.
45. ТжКБ-да алқалық басқару органдары құрылады. ТжКБ-ны алқалық 
басқарудың нысандары – педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер 
және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер болып табылады.
46. Кітапханалар қорының болуы толық оқу кезеңіне білім алушылар 
контингентіне қарай және оқыту тілдері бойынша үлгілік оқу жоспарларына, 
ТжКБ білім беру бағдарламаларына сәйкес баспа және (немесе) электрондық 
басылымдар форматында қалыптасады.
47. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім 
беру бағдарламаларының мазмұнына, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының 
жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай, экстернат және білім беруде 
ерекше қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту 
нысанында жүзеге асырылады.
48. Қашықтықтан оқыту ТжКБ ұйымдарында «Білім беру ұйымдарына 
қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту 
бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 
бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 
10768 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
49. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары 
автоматтандырылған ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті 
органның ақпараттық жүйесімен деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді.
ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары 
білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық 
өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
50. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру 
ұйымдары білім алушыларға жұмысшы біліктіліктерін, «орта буын маманы» 
біліктіліктерін береді.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
51. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары 
сапалы білім беру қызметтерін ұсыну мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» 
Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес басшы 
кадрлар мен педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
52. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру 
ұйымдары ел экономикасы салалары үшін кадрларға қажеттіліктің қысқа 
мерзімді, орта мерзімді болжамын, өңірлік еңбек нарығының қажеттілігін ескере 
отырып, ТжКБ ұйымдарында білім алушыларды қабылдауды талап етілетін 
мамандықтар бөлінісінде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
53. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін материалдық активтердің (оқу 
кабинеттері, компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған 
компьютерлермен жарақтандырылу, оқу зертханалары, өндірістік шеберханалар, 
полигондар, спорт залдары, медициналық пункттер, асханалар немесе буфеттер), 
ғимараттардың (оқу корпустары, өндірістік шеберханалар): меншік не 
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі, Қазақстан 
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР 
ДСМ-76 ДСМ-76 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 
№ 23890 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне 
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық 
қағидаларына сәйкес алаңы бар оқу үй-жайларын сенімгерлік басқару), сондай-ақ 
ТжКБ ұйымының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында 
бейнебақылаудың болуы қажет.
54. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары 
білім алушылардың жатақханаларда, хостелдерде және қонақүйлерде тұруы үшін 
жағдай жасайды.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
20222 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығына
4-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет