Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



Pdf көрінісі
бет25/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік 
қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі 
Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес 
әзірленген және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ОБК 
ұйымы) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Осы үлгілік Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жоғары колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын оқу орны;
2) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім 
алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім 
алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей 
отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың 
міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
3) училище – мәдениет саласындағы негізгі орта, жалпы орта, техникалық 
және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын 
іске асыратын оқу орны;
4) қолданбалы бакалавриат – білім беру бағдарламалары «қолданбалы 
бакалавр» біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен 
кейінгі білім;
5) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білімнің білім беру 
бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3. ОБК білім беру бағдарламалары орта білімі бар (жалпы орта немесе 
техникалық және кәсіптік) азаматтар қатарынан қолданбалы бакалаврларды 
даярлауға бағытталған.
ОБК білім беру бағдарламалары «Білім туралы» Заңның 33-бабына сәйкес 
жоғары колледждерде немесе училищелерде іске асырылады.
4. ОБК ұйымдарының міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика 
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік 
қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін 
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін 
қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына 
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық 
дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген 
көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, 
республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу 
қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын 
қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқының 
және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен 
дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру;
6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының дербестігін, дербестігін кеңейту, білім беруді 
басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру 
сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
9) кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеретін 
қажеттіліктеріне тез бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын, 
оның ішінде кредиттік, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу 
және тиімді пайдалану;
10) жалпы оқыту, жұмыс орны бойынша оқыту және еңбек нарығының 
қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге 
білім мен құзыреттілікке негізделген қоғамда өзінің жеке әлеуетін барынша 
пайдалануға көмектесетін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;
11) білім беруді, ғылымды және өндірісті интеграциялау;
12) білім алушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз ету;
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді 
өзара іс-қимыл жасау арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық 
дамуын қамтамасыз ету;
14) білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы 
жағдайлар жасау болып табылады.
5. ОБК ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының 
Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға және 
«Білім туралы» Заңның 41-бабына сәйкес ОБК ұйымдарының жарғыларына 
сәйкес жүзеге асырады.
6. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз 
қызметін «Білім туралы» Заңына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге 
асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет