Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары



Pdf көрінісі
бет4/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары 
қызметінiң үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) 
қызметінiң үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңының (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленген 
және «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымын қоспағанда, 
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) 
қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының 
Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидаларды және 
білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.
3. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) бастауыш мектеп – бастауыш білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-
ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу 
бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2) негізгі орта мектеп – бастауыш және негізгі орта білім беретін оқу 
бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша 
білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
3) жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта 
білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім 
алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын 
іске асыратын оқу орны;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
4) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының 
негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау.
5) гимназия - білім алушылардың бейiмділiгi мен қабiлеттерiне сәйкес 
қоғамдық-гуманитарлық және басқа бағыттар бойынша кеңейтілген және 
тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негiзгi орта және жалпы 
орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
6) лицей – білім алушылардың бейiмділiгi мен қабiлеттерiне сәйкес 
кеңейтілген және тереңдетілген жаратылыстану-математикалық білім беруді 
қамтамасыз ететін негiзгi орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім 
беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу 
орны;
7) бейіндік мектеп – жалпы орта білімнің білім беру оқу бағдарламасын іске 
асыратын оқу орны;
8) бейінді оқыту – оқытуды дифференциациялау және жекешелендіру, білім 
алушылардың қызығушылықтарын, бейімдері мен қабілеттерін есепке ала отырып 
білім беру процесін ұйымдастыру процесі. Бейінді оқыту бейіндік мектепте, 
бейінді сыныптарда іске асырылады;
9) шағын жинақты мектеп – білім алушылар контингенті шағын, сынып-
жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны 
бар жалпы білім беретін мектеп;
10) тірек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп білім 
алушылардың сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 
қысқа мерзімді сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды аттестаттауды 
өткізу үшін базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердің білім беру 
ресурстары шоғырланатын жалпы орта білім беру ұйымы;
11) халықаралық мектеп – Халықаралық Бакалавриат ұйымында 
авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен 
өз бетінше әзірленген кіріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыратын 
білім беру ұйымы;
12) әскери мектеп-интернат – жалпы орта білім алуды және әскерге 
шақыруға дейінгі тереңдетілген және дене шынықтыру даярлығының қосымша 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
білім беру бағдарламаларын, әскери-техникалық мамандықтар бойынша білім 
берудің кейінгі деңгейлерінде оқуды жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, 
негізгі орта білім беру аяқталғаннан кейін медициналық куәландыру 
көрсеткіштері бойынша 15-16 жастағы еркек жынысты балаларды конкурстық 
негізде қабылдауды жүзеге асырады;
13) жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат – тиісті білім беретін 
мектептері жоқ елді мекендерде тұратын білім алушылардың жалпы орта білім 
алуын қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;
14) көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған 
мектеп-интернат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 
наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің 
мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» № 320 
қаулысына (бұдан әрі – № 320 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы) 
сәйкес мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар балаларының, мемлекеттік 
әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар балаларының, ата-анасы немесе оларды 
алмастыратын тұлғалардың өмір сүру жағдайы, еңбегі, денсаулық жағдайы 
бойынша отбасыларға көмек берілетін, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 
төмен кіріс кіретін отбасылар балаларының жалпы орта білім алуын қамтамасыз 
ететін білім беру ұйымы;
15) мектеп-интернат – аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын білім 
алушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;
16) санаториялық мектеп-интернат – белгіленген режимді сақтай отырып, 
білім алушылардың жалпы орта білім алуды, қалпына келтіру емін, медициналық 
оңалту мен демалысты, туберкулезге қарсы емдеу-профилактикалық іс-
шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;
17) тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат – білім беру 
ресурстарына сессиялық сабақтар және білім алушыларды аралық және 
қорытынды аттестаттау кезеңінде тұрумен қоса жақын орналасқан шағын 
жинақты мектептер білім алушыларының сапалы білім алуын қолжеткізуді 
қамтамасыз етеді;
18) әлеуметтік оңалту – кәмілетке толмағандар арасындағы құқық 
бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы 
жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын, өмірлік қиын жағдайда 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
жүрген кәмілетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психалық, 
педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық емес қалпына келтіруге 
бағытталған шаралар кешені;
19) кәмілетке толмаған баланы қамтамасыз ету - кәмілетке толмағанның ата-
анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің оның толыққанды дамуы, оның 
мүліктілік және мүліктілік емес құқықтарын, мүдделерін және мемлекеттің ең 
төменгі әлеуметтік стандарттарын қорғауы үшін жағдай жасауы;
20) кәмілетке толмаған баланы тәрбиелеу – балаға қоғамда қабылданған 
және оның рухани, дене бітімі, психикалық, мәдени, адамгершілік тұрғыдан 
дамуына және әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғауға бағытталған мінез-
құлық ережелері мен нормаларын дамыту бойынша ата-аналар немесе басқа да 
заңды өкілдер, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлері тарапынан ықпал 
етудің үздіксіз процесі;
21) қосымша білім беретін мектеп-орталық – құрылымдық бөлімшесінде 
қосымша білім беру орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп;
22) мектеп-интернат-колледж жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім 
беретін, жататын орнымен қамтамасыз ететін дербес заңды тұлға болып табылады;
23) оқу-өндірістік комбинаты (мектепаралық, курстық) – жергілікті 
атқарушы органдармен қаржыландырылатын, оқушыларды мамандықты саналы 
түрде таңдау арқылы қоғамдық өмірге бейімделуін қамсыздандыратын, 
мемлекеттік білім беру ұйымы.
4. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлері:
1) бастауыш;
2) негізгі орта;
3) жалпы білім беретін мектептерде іске асырылады.
5. Білім беру ұйымдарының міндеттері:
1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үлгілік 
оқу бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылардың функциялық 
сауаттылығын дамытуға жағдайлар жасау;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2) «Білім туралы» Заңның 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленген 
білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында 
көзделген ғылымдардың базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету;
3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін 
дамыту, адамгершіліктің және салауатты өмір салтының берік негіздерін 
қалыптастыру;
4) азаматтылықққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан 
Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және қазақ тілін 
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға 
қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, 
республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу 
қажеттіліктерін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы 
көзқарасын қалыптастыру;
6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының 
және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-
ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу болып табылады;
7) барлық оқушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін және жеке 
мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге 
жағдайлар жасау.
6. Білім беру ұйымдары өз қызметін «Білім туралы» Заңның 5-бабының 8) 
тармақшасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
7. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім 
беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол 
жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқыту, 
экстернат, қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.
8. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше 
жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше 
жағдайлар жарияланған жағдайларда «Білім туралы» Заңның 37-2-бабының 2-
тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары білім 
беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім алушылар 
үшін қашықтан оқытуды енгізеді.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
9. Білім беру ұйымдарында ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделері 
ескеріле отырып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту:
1) үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу 
бағдарламасы бойынша жалпы сыныпта (үш баладан артық емес);
2) және (немесе) арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша 
даму бұзылыстарының түрлері негізіндегі арнайы сыныптарда қарастырылған.
10. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды жалпы білім 
беретін ұйымнан арнайы білім беру ұйымына ауыстыру психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымының 
негізінде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен жүзеге асырылады.
11. Денсаулық жағдайы бойынша дәрігерлік-кеңес комиссиясының (ДКК) 
қорытындысы негізінде ұзақ уақыт білім беру ұйымдарына бара алмайтын 
азаматтар үшін үйде немесе тиісті үлгілік оқу жоспарларына сәйкес стационарлық 
көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту 
ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
Үйде оқыту кезінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар 
психофизикалық мүмкіндіктеріне байланысты жалпы білім беретін, қысқартылған 
немесе арнайы бағдарламалармен оқиды.
12. Мектепке қабылдау және бір орта білім беру ұйымынан басқасына 
ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 
жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 564 
бұйрық) бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім 
беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға 
қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Бұрын шетелдік мектептерде оқыған білім алушылар Қазақстан 
Республикасына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының мектептерінде 
оқуды жалғастырады. Мектептердің әкімшіліктері жергілікті білім беру 
басқармаларымен бірлесіп, олардың білім деңгейін анықтау үшін Комиссиялар 
құрады, оның жұмысының қорытындысы бойынша білім алушыны қазақстандық 
мектептің тиісті сыныбына қабылдау туралы шешім қабылданады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
14. Білім беру ұйымдарында білім алушының, заңды өкілдерінің өзара 
қарым-қатынастары тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оқу мерзімдерін, 
жекеменшік білім беру ұйымдарында оқу төлемінің мөлшерін айқындайтын 
шартпен реттеледі.
15. Он алты жасқа дейінгі балаларды білім беру ұйымдарынан шығаруға 
құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел 
және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару 
органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды 
шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының 
келісімімен қабылданады.
16. Білім беру ұйымдарынан шығарылған кәмелетке толмаған балалардың 
жалпы орта білім алуы жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша 
жалғастырылады
17. Білім беру ұйымдарында оқу процесі ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 
бастап келесі жылғы 31 мамырға дейін жүзеге асырылады. Оқу жылы ішінде 
каникулдар белгіленеді.
18. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан 
Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет