Ағылшын тілінде артикльдер – шылау сөздердің қатарына жатады. Ол дербес лексикалық мағына бермейді, тек қана зат есімнің белгісі ретінде ғана қолданылады. Қазақ тілінде артикльдер жоқ.
А) Белгісіздік а, аn артикльдері one (бір) сан есімнің тек жекеше түрімен қолданылады. Белгісіздік артикль арқылы біз деректі заттың ұғымды білдіріп, айтылатын заттың белгілі бір топқа жататынын айтамыз: This is a book – бұл кітап.(газет немесе журнал емес).
Сын есім арқылы берілген анықтауыш әдетте өзі анықтайтын зат есімнің алдынан келеді де, ал зат есімге қатысты артикль анықтауыштың алдынан қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |