Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі



бет6/10
Дата25.11.2023
өлшемі87,17 Kb.
#127243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
А. «Оқытушылық» деңгей – үйренушілік деңгей. Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту, практикада қолдана білуге жаттықтыру.
Мұнда заңдылықтарды, ережелерді, формулаларды білуі қажет етіледі. Берілген есепке формулаларды түрлі жағдайда қолдана білулері, өмірмен байланыстыра алулары, қызығушылары мен танымына ерекше назар аударылады.
Ә.«Алгоритмдік» деңгей - Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру,
кері қатынасиағы амалдары құрастыра алулары, күрделі материалдарды
жүйелей алуы, сол тақырыпты еркін меңгергендігі ескеріледі.
Б. «Эвристикалық» деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр түрлі логикалық есептерді талдай, жинақтай, салыстыра білуді қажет етеді. Проблемалық мәселелерді шешуге, өздігінен графиктер, диаграммалар құрауға, формулаларды қорытып шығаруға, зертханалық жұмыстарды өз бетімен жасауға дағдыланады.
В. «Шығармашылық» деңгейде құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын өткізуге баулу,
яғни ол оқушыға «кішкентай жаңалық» ашқанмен бірдей.
Міне, осы әдістерді қатар жүргізуді тәжірибеге енгізу, оқушылардың білім деңгейін жетілдірері анық. Топтау, блоктық жүйе және деңгейлеп оқыту әдістері бірін-бірі толықтырып, білімді өзі деңгейінде оқушыға жеткізу мен оқушының қабылдау қабілетінің көзін ашып, оның өз біліміне сын көзімен қарауына мүмкіндік тудырады.
Құбылыстар мен процестерді биологиялық, физикалық, химиялық, әлеуметтік тұрғыда зерттеп, пайымдауды меңгертеді. Осындай білімдердің ықпалымен балалардың жеке қасиеттері мен қабілеттері дамып, жеке тұлға деңгейіне көтеріліп, бүткіл әлемді құраушылар жеке ғылымдар арқылы танылғанымен біртұтас дүние екендігі туралы көзқарасы қалыптасып, дұрыс дүниетанымы дамиды. Осындай мазмұнды жаратылыстану пәнінен сабақ өтудің дидактикалық теориясында көбіне көп практикалық сабақ, экскурсия, бақылау, зертханалық тәжірибе сабақтары, заттық сабақтар сияқты формаларын ұйымдастыру теориясын талдау қажеттігі туындайды[10].
Жаратылыстану сабағын ұйымдастырудың осындай ерекше формаларының құрылымы мен ұйымдастыру әдістемесі алдын ала көптеген дайындықты қажет етеді. Мұндай құрылымдағы сабақтарды ұйымдастырудың ерекше дидактикалық шарттары бар. Педагог үшін дидактикалық тұрғыда аса ұқыптылықты, тазалықты, санитарлық-гигиеналық және қауіпсіздік ережелері мен талаптарды орындау, балалардың өз белсенділігін туғызып, оларды бір бірімен үйлестіре білу сияқты шарттары ұсынылады.
Оқыту әдісі деп мұғалім мен білімалушының алдына қойылған мақсат пен міндеттерді шешуге бағытталған әрекеттер жиынтығы. Оқыту әдісі жайында тағы бір анықтама, ол мұғалімнің мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір сүруге дайындайтын білім, іскерлік және дағды беру әдістері.
Оқыту әдістері оқушыларға жаңадан білім беруде, бұрын алғандарын бекітуді қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде олар мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін игереді. Оқушыларға, біржағынан әдістердің қай-қайсысы болса да, біріншіден, мұғалім баяндап берген даяр білімді игеруге; екіншіден, мұғалімнің басшылығымен өздігінен жұмыс істеуге көмектеседі. Белгілі бір әдіс сабақтың мақсатына, оқу материалының мазмұнына және танымдық іс-әрекеттің сипатына байланысты әртүрлі бағыт, түрліше күрделілік дәрежесіне ие болады[11].
Бастауыш кластарда бір сабақта бір ғана әдіс қолдану сирек пайдаланылады, керісінше бір әдіс екінші әдіспен үйлестіріліп отырылуы шарт. Білім беру мақсаттарына нәтижелі қол жеткізу үшін әдістердің қайсысы неғұрлым тиімді екенін анықтап алу қажет. Әр әдістің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар. Айталық, сөздік әдістерді қолдануда оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады. Білім көздері бойынша бөлінген оқыту әдістері оқып –үйрену кезінде бір - бірін толықтырады және жүйе құра отырып, өзара әрекет етеді.
Білім беру жағдайының жаңаруы оқыту әдістерін де жаңарту талаптары қойылғаны факті. Оның көрінісі «белсенді оқыту стратегиялары» деген сөз тіркестерімен беріліп жүр. Ендеше алдымен «белсенді оқыту стратегиялары» деген сөзтіркесінің мазмұнын ашу, оның нысанының ерекшелілігі неде деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Жаратылыстану сабағын ұйымдастырудың ерекше формалары кіріспе, қорытынды, топсеруен, сарамандық, зертханалық, аралас, заттық сабақтар.
Құбылыстар мен процестерді биологиялық, физикалық, химиялық, әлеуметтік тұрғыда зерттеп, пайымдауды меңгертеді. Осындай білімдердің ықпалымен балалардың жеке қасиеттері мен қабілеттері дамып, жеке тұлға деңгейіне көтеріліп, бүткіл әлемді құраушылар жеке ғылымдар арқылы танылғанымен біртұтас дүние екендігі туралы көзқарасы қалыптасып, дұрыс дүниетанымы дамиды. Осындай мазмұнды жаратылыстану пәнінен сабақ өтудің дидактикалық теориясында көбіне көп практикалық сабақ, экскурсия, бақылау, зертханалық тәжірибе сабақтары, заттық сабақтар сияқты формаларын ұйымдастыру теориясын талдау қажеттігі туындайды.
Сабақтың мақсатын ойластыру барысында мынадай 3 сұраққа жауап табу керек:
- не меңгерілу тиіс?
-меңгерту процесінде жаңа ұғымдардың белгілі қандай қызметтері туралы айтылады?
- қандай маңызды мазмұны тірекке алыну керек? [12].
Жаратылыстану пәнінен сабақ жүргізудің басым жағдайы қолайлы ауа райы болған жағдайда қоршаған ортадағы тікелей нысанында ұйымдастырылу тиіс екендігін мұғалім баса назарда ұстауы тиіс. Тағы бір сақтайтын ереженің бірі сыныпта өтілетін практикалық әрекеттер, яки жұмыстар тікелей табиғи материалдарын қолдану арқылы үйлестіруді қажет етеді.
Жаратылыстанудан сабақ жүргізгенде әрбір жаратылыс құраушылардың құрылысы, қасиеттері мен табиғаттағы орны, ондағы жүріп жатқан процестерді, ерекше белгілерін танып, баланың өзіндік пайымы арқылы себебін анықтау, содан барып салдары неге әкелетінін өздері тұжырымдай алуына қолайлы мүмкіндіктер орын алады.
Жаратылыстанудан өткізген әрбір сабақтағы әрекеттердің құндылығы сол, қоршаған әлемдегі денелер мен заттарды, яки құбылыстар мен процестердің жүру жағдайларына тікелей немесе жанама жағдайда куә болуы. Жаратылыстану сабағын ұйымдастыру ерекшелгі де осында. Демек, жаратылыстану сабағын ұйымдастыру көбіне көп кіріктірілген сабақ, заттық сабақ түрінде және практикалық сабақтардың басымдығын айтар едік. Жаратылыстанудан білім беру формаларының көздейтін ортақ мақсаттары және тұлғаның өзіндік әрекеттерін тудыруға бағытталған. Оның ерекше түрлері практикалық сабақ, бақылау, экскурсия, зертханалық жұмыс. Әр оқыту формасы мектепте білім беру жүйесіне кіретін, бірін-бірі толықтырады және жаратылыстану пәннің ғылыми -материалдарын толық, жан-жақты меңгеруге мүмкіндік береді [11,27].
Жаратылыстанудан оқытуды ұйымдастыру барысында практикалық сабақ түрі анағұрлым басымдық беруді талап ету шарт. Себебі жаратылыстың бүкіл заңдылықтарын, құрылымын, қарым –қатынасын, экологиялық ахуалын, табиғатты құраушы организмдердің көптүрлілігін және т.б. биологиялық, химиялық, физикалық, астрономиялық, әлеуметтік тұстарын зерделеп меңгерту тікелей әрекет үстінде ғана нәтижесі жоғары болары анық. Сондықтан жаратылыстану сабағындағы қайбір тақырыпты алмайық барлығында практикалық жаттығулар орындалады. Ол оқу бағдарламаларында, пәннің оқу жоспары мен оқулықта да және оның ұйымдастырылуы жөнінде мұғалімге арналған нұсқаулықтарда да арнайы келтірілген. Ал оны жүргізу әдістемесін әр педагог өзі шеберлігімен ықтимал нұсқаларын ойлап, дайындап, мүмкін ресурстарын қарастырып, бар мүмкіндіктерді қолданып барып ұйымдастыру тиіс.
Оқушылардың практикалық іс-әрекеттері мына төмендегі жағдайда орындалады:
1. Түрлі тапсырмаларға талдама жасау;
2. Жеке жоба құрастыру, оны талдау;
3. Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау;
4. Тақырыптық сабақ жоспарын, оны ұйымдастыру жүйесін даярлау;
5. Дидактикалық ойындар арқылы тапсырма орындау;
6. Бақылау жүргізу, қорытындылау;
7. Зерттеу жүргізу, тәжірибе жасау, қортындылау
8. Экскурсия барысында түрлі тапсырмалар орындау және т.б.[11,28].
Жаратылыстану сабағын ұйымдастырудың осындай ерекше формаларының құрылымы мен ұйымдастыру әдістемесі алдын ала көптеген дайындықты қажет етеді. Мұндай құрылымдағы сабақтарды ұйымдастырудың ерекше дидактикалық шарттары бар. Педагог үшін дидактикалық тұрғыда аса ұқыптылықты, тазалықты, санитарлық-гигиеналық және қауіпсіздік ережелері мен талаптарды орындау, балалардың өз белсенділігін туғызып, оларды бір бірімен үйлестіре білу сияқты шарттары ұсынылады.
Практикалық сабақтардағы оқушылардың танымдық іс-әрекетінің даму кезеңдері:
-мұғалімнің түсіндіруі;
-жұмысты теориялық ұғыну кезеңі;
-көрсету, нұсқау кезеңі;
- жасап көру, орындау;
-мұғалім бақылайды;
-жұмысты орындау;
-қадағалау, яғни оқушылардың жұмысы қабылданады, бағаланады. Зерттеу жұмыстары осы практикалық сабақтардың ең бір өзектігісі және оның ұйымдастыру әдістемесіне де аса жоғары талап қойылады[13].
Жаратылыстану пәні бойынша мұғалімге арналған нұсқаулықтарды талдап, зерттегенде мына тұрғыда практикалық жұмыстардың түрлері беріледі екен. Олар:
а) Жаттығу түріндегі практикалық жұмыстар. Жаттығу алған біліміне сүйеніп түрлі нұсқада қайталанып орындалатын іс-әрекет, білік пен дағдыны қалыптастыру мен білім деңгейін арттыру мен білімді қолдану орынын тұспалдау мақсатын көздейді. Жаттығулардың арнайы және еркін, ауызша жаттығулар секілді түрлері кездеседі.
б) Зертханалық әдіспен жүргізілетін практикалық жұмыс түрі. Бұл әрекет барысында балалар бақылау, өлшеу және есептеу нәтижесін салыстыру және қортындысын өздері шығару, басқа нұсқада жолдарын іздеу, сынымалау секілді қарекеттер жасалады. Мұнда түрлі оқыту ресурстары және басқа да практикалық әрекеттерімен бірлестікте орындалады. Демек, жаттығу мен демонстрациялауға қойылған талаптар секілді арнайы ережелермен, нұсқаулықпен орындалады.
Практикалық жұмыстар балалардың өзіндік оқу жұмысы түрінде де орындалады. Мұнда мәселе қоюдан бастап, бақылау жасауға дейін өзін-өзі басқару және түзету орнатуға дейінгі белгілі бір дәрежедегі дербестік болып табылады.
Бақылау жаратылыстағы табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына, табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына, дүниенің материалдығына және табиғаттың біртұтастығына балалардың көзін жеткізеді.
Жаратылысты зерделеуде бақылау тек табиғи нысандарға ғана емес, олардың суреттері мен бейнелерін, яғни фотосуреттер, моделі, слайдтар мен кинофильм арқылы да бақылау түрін де ұйымдастыруға болады.
Бастауыш сыныптарда көбіне басым жағдайда ауа райын бақылау, өсімдіктерді маусымдық өзгерістерін бақылау, тұқымның өнуін бақылау, жыл мезгілі өзгерістерін бақылау, адам еңбегін бақылау, жан-жануарлардың мінез-құлықтарын бақылау т.б. бақылау нысандары бар. Кейбір бақылаулар аз уақытты алады, ал кейбірі бірталай уақытты, тіптен бір маусымды алатын бақылаулар болады. Бақылауды ұйымдастыру кезеңінде түрлі құрылғылармен іс жасауға мүмкін болады. Айталық, алдымен прибор моделімен жасап үйрену, шартты метеорологиялық жаттығуларды орындау, ауа райын бақылау ережелерін меңгеру, өз бетінше орындау және бақыланған нысан нәтижесін күнтізбеге түсіру, бақылау нәтижелерін қорытындылау сияқты жоспармен орындалатын әрекеттер жасалады.
Жаратылыстану сабақтарында өткізілетін тәжірибелер кейбір табиғи құбылыстарды класс жағдайларында қолдан қайта жасауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың қасиеттерімен, сүзу арқылы суды тазартумен, топырақ қасиеттерімен, тұқымның өнуін бақылаумен т. б материалдармен танысу үшін тәжірибелер жасау қажет. Тәжірибелер мұғалімнің көрсетуімен немесе оқушылардың жаппай қатысуымен өткізіледі. Тәжірибелер мұғалім орындайтын демонстрациялық және оқушылар жасайтын зертханалық болып бөлінеді. Зертханалық тәжірибе бүкіл класс орындайтын фронтальдық, топтық, жеке болуы мүмкін. Топтық, жеке тәжірибелер оқушылар мұғалімнің тапсырмасымен үйде орындайды, мысалы: судың үш күйін бақылау, тұқымдарды өндіру, нақты тақырыптық бақылаулар сияқты жұмыстар.
Эксперимент - зерттеу әдістерінің ішіндегі ең маңыздысы. Ол барлық ғылым салаларында қолданылады. «Эксперимент» деген сөз латын тілінен аударғанда «eksperimentum» тәжірибе деген ұғымды білдіреді. Кез-келген эксперимент зерттеу нысанасындағы эксперименттің барысын тексеру және салыстыру мақсатында қандай да бір практикалық жұмыс жүргізуді көздейді. Кейде эксперимент ойша жүргізіледі. Эксперимент нәтижесі нақты болуы үшін бірнеше рет жүргізуге болады[11,29]..
Экскурсияняң білімдік мақсаты – табиғат объектілерінің түр - түсімен ғана таныстырып қоймай, олардың әр қайсысының қасиетін, табиғаттағы орнын, бір – біріне тигізетін әсерін ұғындыру. Табиғаттың бір бөлігінің өзгеруі, оның екіншісінің өзгерісіне әкеліп соғатынын да тікелей көру кезінде ұғындыру қиынға түспейді. Экскурсия кезінде баланың жаратылыстағы нысандары мен жағдайларды тікелей көріп, зерделеуіне қолайлы мезет туады. Табиғатқа экскурсия кезінде түрлі сыртқы және ішкі жағдайларлың ықпалының нәтижесін зерттеуге, ол орынның жағымды, жағымсыз табиғи мәселелерін бақылауға мүмкіндік болады. Сол мезетте практикалық әрекеттер жұмыс жасайды. Осының салдарынан сол орындағы экологиялық ахуалын пайымдап, өзекті мәселелер төңірегіндегі жағдайларды анықтай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет