Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет140/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

297-бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу
1. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға жауапты адамның оларды бұзуы, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiруге әкеп соқса, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметті атқару құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсыздан адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
298-бап. Бұзақылық
1. Бұзақылық, яғни қоғамды анық құрметтемеудi бiлдiретiн қоғамдық тәртiптi бұзу, -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Аса қатыгездікпен жасалған, яғни азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз iс-әрекет жасаумен ұштасқан бұзақылық, -
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әрекеттер, егер оны:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса;
б) билік өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттi атқарушы немесе қоғамдық тәртiптi бұзуға тыйым салушы өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;
в) бiрнеше рет жасаса;
г) әуе, өзен, теңіз кемесінің бортында, темір жол көлігінде жасаса, -
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде жасалған әрекеттерді:
а) қылмыстық топ жасаса;
б) атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы бейiмделген басқа да заттарды қолданып немесе қолдану әрекетi арқылы жасалса, -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
299-бап. Тағылық
Тағылық, яғни үйлердi немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық адамгершiлiктi қорлайтын өзге де iс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлiкте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлiктi қасақана бүлдiру, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет