Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет165/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

352-бап. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйінде көлік құралын жүргізуі, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру
1. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі, сол сияқты көлік құралын осындай күйдегі адамның жүргізуіне лауазымды тұлғаның немесе меншік иесінің, не көлік құралы иесінің рұқсат етуі, -
екі жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға, не сол мөлшерге түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына орташа ауыр зиян келтiруіне әкеп соққан дәл сол әрекет, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бір мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiрген дәл сол әрекеттер, -
алты жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген абайсызда адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер, -
жеті жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекеттер, -
он жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет