Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
353-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу Көлiк құралын басқарған адамның, жол қозғалысының белгiленген ережелерiн бұзып, жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы, осы Кодекстің 351, 352- баптарында көзделген салдардан туындаған жағдайда көлік құралдарын пайдалануы, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады. 354-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару 1. Көлiк құралдарын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлiк жабдықтарын сапасыз жөндеу, сол сияқты көлiк құралдарының техникалық жағдайына жауапты адамның техникалық ақауы бар екенi белгiлi көлiк құралдарын пайдалануға шығаруы не көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдалануға жауапты лауазымды тұлғаның жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерімен белгіленген талаптарды орындамауы, егер бұл әрекеттер абайсызда денсаулыққа орташа ауыр зиян келтiрсе, - бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмысына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Абайсызда денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан әрекеттер, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекеттер, - бес жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.