Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
449-бап. Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу 1. Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн кемсiту немесе жәбiрленушiнi масқаралауға байланысты бұзу, - бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Дәл сол әрекет: а) бiрнеше рет; б) екi немесе одан да көп адамға қатысты жасалса; в) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса; г) қару немесе арнайы құралдар қолданып жасаса; д) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе, - төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған не адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер, - сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 450-бап. Әскери қызметшiге тiл тигiзу 1. Әскери қызметтік міндеттерін атқару кезінде немесе атқаруға байланысты бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң бірінің екіншісіне тіл тигізуі - жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Бағыныштының бастыққа сол сияқты әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқарумен байланысты бастықтың бағыныштыға тiл тигiзуi - бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.