Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет46/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

75-бап. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру
1. Сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жас балалары бар сотталған әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазасын орындауды сот бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан асырмай кейінге қалдыруы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы, террористік қылмысы, экстремистік қылмысы, қылмыстық топ құрамындағы жасаған, жас балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды.
2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған сотталған адам баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса, немесе сотталып, жазасын өтеу кейiнге қалдырылған адамды бақылауды жүзеге асыратын орган екi рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейiн қоғамдық тәртiптi бұзса, сот сол органның ұсынысы бойынша жазаны өтеу мерзiмiн кейiнге қалдыруды тоқтатып, сотталған адамды сот үкiмiне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiбере алады.
3. Жазаны өтеуін кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген жағдайда не жүктiлiгi үзiлген жағдайда сот сотталған адамның мiнез-құлқына қарай оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыруы, немесе сотталған адамды жазаны өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
4. Егер сотталған адам жазаны өтеуден босату кезеңiнде жаңа қылмыс жасаса, сот оған үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау ережелері бойынша жаза тағайындайды.
76-бап. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату
1. Қылмыс жасағаннан кейiн оның өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғыну не оған ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикасы бұзылу пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жүрген адамды сот оны одан әрi өтеуден босатады. Мұндай адамдарға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн.
2. Өмір бойы бас бостандығынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергi жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе жасалған қылмыстың ауырлығын, сотталған адамның жеке басын, науқасының сипатын және басқа мән-жайларды ескере отырып, жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн..
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған адамдар, олар сауыққан жағдайда, егер қылмыстық жауапқа тартудың немесе айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтпесе, қылмыстық жауапқа тартылуға және жазалануға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет