Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)


-бөлім. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы



бет49/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

6-бөлім. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
81-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
1. Осы бөлімнің күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.
82-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi
1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi:
а) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;
б) айыппұл;
в) түзеу жұмыстары;
г) қоғамдық жұмыстарға тарту;
д) бас бостандығын шектеу;
е) бас бостандығынан айыру болып табылады.
2. Кәмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.
3. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде тағайындалады.
4. Түзеу жұмыстары дербес жалақысы немесе өзге тұрақты табысы бар кәмелетке толмаған адамдарға оннан екі жүз елуге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
5. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз елу сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрiн орындауының ұзақтығы күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.
6. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.
7. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайларда кiсi өлтiргенi немесе терроризм үшiн немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша қылмыстардың бiреуi ауырлататын мән-жайларда кiсi өлтiргенi немесе терроризм үшiн - он екi жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе өлім келтірумен байланысты емес орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
8. Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:
а) бас бостандығынан айыруға бiрiншi рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар - жалпы режимдегi тәрбиелеу колонияларында;
б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар - күшейтiлген режимдегi тәрбиелеу колонияларында өтейдi.
9. Қоғамдық қауiптiлiк сипатына және дәрежесiне, кiнәлi адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылданған шешiмнiң себебiн көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегi тәрбиелеу колониясында өтеуiн тағайындауы мүмкiн.
10. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмай сотталған адаммен қарым-қатынас кезiнде оның жеке басының белгiлi бiр ерекшелiктерiн ескеру туралы нұсқау беруi мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет