Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
87-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату Кәмелетке толмаған жаста жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға, бас бостандығын шектеуге немесе түзеу жұмыстарына сотталған адамдарға жазаны өтеуден шартты түрде мезімінен бұрын босату: а) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде төрттен бiрiн; б) ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жазаның кемiнде үштен бiрiн; в) адам өмiрiне қол сұғумен ұштаспаған аса ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын; г) адам өмiрiне қол сұғумен ұштасқан аса ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жазаның кемiнде үштен екiсiн нақты өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн. 88-бап. Ескiру мерзiмi Қылмыстық жауаптылыққа тартудың немесе айыптау үкімінің ескiру мерзiмi кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуiнен босату кезiнде тең жартысына қысқартылады. 89-бап. Соттылықты жою мерзiмдерi Он сегiз жасқа толғанға дейiн қылмыс жасаған адамдар үшiн осы Кодекстің 79-бабында көзделген соттылықты жою мерзiмдерi қысқартылады және тиiсiнше: а) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерiн өтегеннен кейiн төрт айға; б) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн бiр жылға; в) ауыр және аса ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн үш жылға тең болады. 90-бап. Осы бөлiмнiң ережелерiн он сегiз бен жиырма бір жас аралығындағы адамдарға қолдану Он сегiз бен жиырма бір жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетiнiң сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда, оларға ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыруды қоспағанда, осы бөлiмнiң ережелерiн қолдана алады