Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары



бет3/3
Дата19.04.2023
өлшемі52,5 Kb.
#84488
1   2   3
1) кiшi басшы құрам: 2) орта басшы құрам:
полиция кiшi сержанты; полиция кіші лейтенанты;
полиция сержанты; полиция лейтенанты
полиция аға сержанты; полиция аға лейтенанты
полиция старшинасы; полиция капитаны
3) аға басшы құрам: 4) жоғары басшы құрам:
полиция майоры; полиция генерал майоры
полиция подполковнигi; полиция генерал лейтенанты
полиция полковнигi;
Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын Iшкi iстер министрiнiң ұсынысы бойыншаҚазақстан Республикасының Президентi бередi. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қолданылатын көтермелеулер . Лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз қызметi, аса маңызды әрi күр-
делi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы өзге де жетiстiктерi үшiн iшкi істер органдарының қызметкерлерi:
- бiржолғы ақшалай сыйақымен;
- алғыс жариялаумен;
- бағалы сыйлықпен марапаттаумен;
- кезектi арнаулы атақты мерзiмiнен бұрын берумен;
Айрықша сiңiрген еңбегi үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапатталады.
Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне мынадай тәртiптiк жазалаулар:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
5) төмен тұрған лауазымға ауыстыра отырып, атқарып жүрген қызметінен босату;
6) арнаулы атағын бiр саты төмендету;
7) iшкi iстер органдарынан босату қолданылуы мүмкiн.
Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қолданылатын тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бiр айдан және терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қолданылады.
Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң демалысы: Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы отыз тәулiк демалыс, сондай-ақ заңмен көзделген өзге де демалыс берiледi. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қосымша ақы төленетiн демалыс (күнтiзбелiк есеппен) қызмет өткерген жылдарына қарай:
- он жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға - ұзақтығы бес тәулiк;
- он бес жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға ұзақтығы он тәулiк;
- жиырма жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға ұзақтығы он бес тәулiк мерзiмге берiледi.
Биiк таулы жерлерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткерiп жүрген iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, қызмет өткерген жылдарына қарамастан, ұзақтығы қырық бес тәулiк кезектi демалыс берiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет