Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет31/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
Мультимедиялық альбом (Multimedia Scrapbook) - мультимедиялық 
ресурстар жинақтамасы негізінде құрылған жұмыс. Хотлисттен ерекшелігі сол, 
мұнда тек мәтіндерге емес, сонымен бірге суреттерге, аудиофайл және 
видеоклип, графикалық ақпараттарға, аннимацияларға сілтеме беріледі. 
Тақырыптық мультимедия альбом үлгісі «Геометриялық оптика» 
тақырыбы бойынша, 11-сынып. 
1. 
Мәтіндік ақпарат (хотлист): 
https://interneturok.ru/physics/11-klass/boptikab/zakony-geometricheskoy-
optiki 
https://nsportal.ru/shkola/fizika/library/2013/03/29/geometricheskaya-optika 
http://sfiz.ru/uchebnik/uch_geomoptika/ 
http://physics-is-cool.ucoz.net/11klass2.html 
http://fizikabook.ru
 
2. 
Видеофайл: 
https://www.chipdip.ru/video/id000278379 
https://yadi.sk/d/bxFphdfOFdrSS 
https://yadi.sk/d/rO7DoEedFdrcE 
https://yadi.sk/d/0-LtnvS-Fdria 
Мультимедиялық альбом жасау үшін, мұғалімдер BilimLand онлайн-білім 
беру платформасының ресурстарын пайдалана алады, ол ғылыми әдіскерлерден, 
жетекші 
мамандардан, 
мұғалімдерден, 
бағдарламашылардан 
және 
аниматорлардан, халықаралық авторлар тобынан тұратын ұжым жасаған 
Мемлекеттік Білім стандартына (ГОСО) сәйкес, барлық пәндер бойынша 
интерактивті жиынтықтарды қамтиды. Сонымен қатар пән мұғалімдері үшін 
Twig-bilim.kz ұсынылады, ол физика және жалпы жаратылыстану пәндері 
бойынша оқу бағдарламалары негізінде құралған 1500-ден астам қызықты үш 
минуттық фильмдерден, ВВС және Associated Press-тың бейнематериалдарының 
мұрағатынан алынған материалдарды қамтиды. 


77 
Коллекция (Subject Sampler) - білім алушылардың зерттеу тақырыбына 
арналған жеке-бағытталған тапсырмаларын орындау кезінде, олардың 
жұмысының нәтижелерін интернеттен алынған материалдармен көрсетуі. 
«Физика» пәнін 10-11-сыныпта оқытуды жүзеге асыру үшін тиімді болып 
табылатын BilimLand онлайн-білім беру платформасының ресурстарының 
ішіндегі бірегей интерактивті кешен халықаралық методист ғалымдарының, 
алдыңғы қатарлы пән мамандарының, ұстаздардың, бағдарламала авторлары мен 
аниматорлардың ұжымымен жасалған Физика онлайн курсын атап өтуге болады. 
Кешен мектеп бағдарламасындағы физика пәнінің 7 пен 11 сыныптар 
арасындағы курсын қамтиды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған. 
Кешеннің мақсаты – фундаменталды физикалық заңдар мен ұғымдарды, 
теорияларды, классикалық және заманауи физиканың әдістерін тиімді түсінуге 
жағдай жасау. 
Курстың міндеттері 
- ұстаздарға сабақтарын қызықты әрі тиімді етуге көмектесу; 
- білім алушыға ыңғайлы әрі заманауи құралдардың көмегімен пәнді өз 
бетімен оқуға мүмкіндік жасау; 
- физиканы үйде және мектепте оқыту мақсатында ИКТ (инфо-
коммуникативті технологиялар) құралдарын тиімді пайдалану үшін жағдай 
жасау (интерактивті тақта, проектор, компьютер, портативті және планшетті 
құралдардың, смартфондардың көмегімен интернет арқылы немесе локалды 
түрде қолжетімді физика курсы). 
Виртуалды зертхана мұғалімдерге электронды жаттықтырғышты 
оқулықпен, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұсынған 
қосымша оқу құралдарымен сәйкестендіріп, сабақ методикасын дербес 
құрылымдауға зор мүмкіндік береді. Аталған симуляторлар кешенін оқытуда 
қосымша құрал ретінде, сондай-ақ білім алушылардың бойында ғылыми зерттеу 
дағдыларын дамытуға ықпал етерлік білімдер жүйесін қалыптастыру жабдығы 
ретінде пайдалануға болады. 
Электронды жаттықтырғыштарды сипаты мен күрделілігіне қарай екі 
топқа жіктеуге болады. Біріншісі химия, физика, математика, география және 
биология пәндерінің типтік оқу бағдарламасына негізделсе, екіншісі күрделі 
симуляторлар жинағынан тұрады. Мұнда білім алушылар берілген симуляторлар 
мазмұнына сәйкес қосымша әдебиеттер оқып, күрделі материалды зерттеу үшін 
зертханалық тәжірибелер жүргізеді және жаратылыстану ғылымдары пәндері 
бойынша өтетін пән олимпиадаларында, жоғары оқу орындарына түсу үшін 
тапсыратын емтихандарда берілетін тапсырмалардың шешемін табу керек. 
Екінші топтағы кейбір симуляторларды білім алушылар арасында оқу-зерттеу 
жұмыстарын ұйымдастырып өткізу үшін де пайдалануға болады.
Анимацияланған интерактивті симуляторлар білім алушылардың 
мұғалімдер көмегімен бақылау және сынақ жүргізуіне, сондай-ақ ғылыми негізде 
шынайы өмір мен заңдылықтар арасындағы байланысты айқын тануына 
мүмкіндік береді. 


78 
Симуляторларды көрнекі материал ретінде пайдалану барысында 
динамикалық үдерістерді (мысалы, атомдар, молекулалар, электрондар, 
фотондар) баяулатуға жылдамдатуға немесе көріністер арасында үзіліс жасауға 
болады. Сондықтан да симуляторлар теориялар мен заңдарды оқытуда, 
статикалық суреттер немесе жанды көрнекіліктерге қарағанда, үлкен 
мүмкіндіктерге ие және көзбен шолып байқап, ойлану дағдысын дамытуға 
қосымша құрал болып саналады. 
Виртуалды жаттықтырғыштарды оқу материалын өзіндік пысықтау 
құралы ретінде пайдалану барысында білім алушылар айнымалыларды еркін 
өзгертіп, тәжірибелер мен сынақтар өткізіп, нәтижелерін белгілеп отыруға 
мүмкіндік алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет