Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет39/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72
«Қазақстан тарихы»:
 
1) Орталық Азиядағы ежелгі мәдени ошақтарын және олардың орналасқан 
жерлерін; көшпенділіктің тарихи түрлерін; еуразиялық дала өркениетінің 
қалыптасуы мен даму кезеңдерін; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан 
территориясындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын; әлемдік мәдени-


88 
тарихи прогреске едәуір ықпал еткен Орталық Азия халықтарының 
жетістіктерін; қазақ халқының этникалық тарихын; дәстүрлі қазақ қоғамының 
этноәлеуметтік құрылымын; Қазақстан полиэтникалық қоғамының қалыптасу 
тарихын; Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерін; Қазақстандағы 
саяси ойдың дамуына едәуір үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; түрлі тарихи 
кезеңдердегі ұлттық мәдениет пен ғылымның маңызды жетістіктерін; Қазақстан 
тарихы бойынша негізгі тарихи деректер мен ғылыми еңбектерді біледі;
2) Қазақстанның тарихи даму процестері мен құбылыстарын, негізгі 
оқиғалардың мәнін; ежелгі Орталық Азияның өркениет ошақтарын
көшпенділіктің түрлері мен формасын, Қазақстан территориясындағы қалалық 
және көшпелі мәдениеттің сипатты белгілерін; әлемдік мәдени-тарихи прогресс 
үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын; түрлі тарихи 
кезеңдердегі Қазақстан халқының өмір сүру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына 
географиялық фактордың ықпалын; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы 
саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы 
факторлардың 
ықпалын; 
дәстүрлі 
қазақ 
қоғамының 
этноәлеуметтік 
құрылымының ерекшеліктерін; Қазақстанда саяси ойдың дамуындағы тарихи 
аспектілерді; Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына 
тарихи тұлғалардың қосқан үлесін; ұлттық бірегейлікті сақтаудағы қазақтардың 
мәдени мұрасының маңызын; қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін 
Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу қажеттілігін 
түсінеді;
3) Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер 
мен мәдениет ошақтарын уақыт пен кеңістікте анықтау кезінде; Орталық Азия 
көшпенділері мәдениетінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерін анықтауда; түрлі 
тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму 
ерекшеліктерін анықтау кезінде; Қазақстанның дамуындағы тарихи тұлғалардың 
рөлін анықтауда; Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен 
құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау 
дағдыларын қолданады;
4) Қазақстанның тарихи дамуын әлемдік тарих контексінде, ортақ 
белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып; түрлі тарихи кезеңдердегі 
Қазақстан территориясындағы өркениеттер мен мемлекеттердің қалыптасуы мен 
дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, миграциялық, 
саяси, 
әлеуметтік-экономикалық, 
мәдени) 
ықпалын; 
себеп-салдар 
байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи 
оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды; тарихи тұлғалар қызметінің 
себептері мен нәтижелерін; Қазақстан тарихы бойынша ғалымдардың еңбектері 
мен деректерді; Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени 
процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды; бүгінгі Қазақстанның даму 
үрдістері мен перспективаларын талдайды;
5) тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, 
зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; Қазақстан мен әлемнің басқа 
аймақтарындағы тарихи дамудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін 
анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларды; Қазақстан тарихы 


89 
туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар 
мен гипотезаларды жинақтайды;
6) түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, 
демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) түрлі 
факторлардың ықпал ету дәрежесін; отан тарихына ықпалы контексінде тарихи 
тұлғалардың қызметін; Орталық Азия халықтары мәдениетінің әлемдік өркениет 
дамуына қосқан үлесін; тарихи мәліметтердің шынайылығын; Қазақстан 
тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері 
бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.[24]
2) «Дүниежүзі тарихы». 
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің мазмұны адамзаттық өркениеттің 
этногенез, политогенез, культурогенез негізгі мәселелері бойынша білімді 
қалыптастыруға бағытталған. 
Осы курс білім алушылардың әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін 
оның бірлігі мен әртүрлілігін тереңдетіп түсінуге бағдарланған. 
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы 
оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу, 
қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды 
қарастырады.[36] 
Аталған оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды ұлттық 
және жалпыадамзаттық құндылықтарға тартумен жасалады; 
3) «Құқық негіздері». 
«Құқық негіздері» оқу пәнінің мазмұны құқықтық сауаттылықты 
қалыптастыруға, 
демократиялық 
құқықтық 
қоғам 
идеалдары 
мен 
құндылықтарын түсінуге бағытталған.
Пән мазмұны білім алушыларға түрлі құқық салаларының ерекшеліктері 
мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді. 
«Құқық негіздері» құқық нормалары, заңдар мен нормативтік құқықтық 
актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу, жүйелеу, 
қорытындылау, талдау үшін қажетті құқықтық ойлау дағдысын дамытуды 
қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық қызметі құқықтық 
сауаттылықты, 
құқықтық 
сана-сезім 
құндылықтарын 
қалыптастыруға 
негізделген.[27.28] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет