Алғағали ҚАРТАБАЙ, Бауыржан НАСИБУЛЛИН, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының оқытушылары Цифрлық ақпараттық қоғам қалыптасып жатқан кезде
кітапхана саласындағы жағдай да шапшаң згеруде. Осыдан 20-30
жыл бұрын кітапхана ұжымының алдында электронды техноло-
гияларды, интернетті енгізу міндеті тұрса, бүгінде кітапхананы
әлеуметтік институт ретінде дамыту мәселесі туындап отыр.
1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық
кітапханасының қоры отандық кітапханалық автоматтандырылған
жүйеде (Web-RABIS) қалыптастырылып, күнбе-күн толықтырылуда.
Қазір Ұлттық кітапхананың электрондық каталогы қазақ, орыс
және шет тілдеріндегі 3 миллионға жуық библиографиялық жаз-
баны құрайды. Web-RABIS бағдарламасында әдебиеттің кітапхана
қорына түсуінен бастап, оқырманның қолына берілуіне дейін
барлық жұмыс процестері толық автоматтандырылған. Келушілер
зіне қажетті құжатқа осы бағдарламаның «Іздеу – тапсырыс
беру» модулі арқылы кітапхананың кез келген залына электронды
түрде тапсырыс бере алады. Сондай-ақ бізде тақырып бойынша
әдебиеттер тізімін іріктеп, қажетті ақпаратты принтерден шығарып
алу мүмкіндігі де қарастырылған.
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде кітапхана ісі к птеген зама-
науи жетістіктерге жетті. Ауқымы орасан ақпараттық желілер
мен Интернет кітапхана қызметінің күнделікті тәжірибесіне
барынша еніп, жұмыс процестерінде, соның ішінде анықтама-
библиографиялық қызметте кеңінен қолданысқа түсті. Ғаламдық
интернетті сымсыз Wi-Fi жүйесі арқылы тегін пайдалану мүмкіндігі
бар. Осылайша, әлемнің к птеген ақпараттық орталықтары мен
кітапханаларының электрондық ресурстарына еркін қол жетіп
отыр.
3ткен жылы пандемияға байланысты еліміздегі кітапханалардың
жабылған кезінде анықтама-библиографиялық қызметке қашықтан
онлайн режиміндегі сұраныстар артты. Ұлттық кітапхана осылайша
бірнеше есе к бейген бірнеше есе к п сұранысты онлайн режимінде
қабылдап, электрондық пошта арқылы қанағаттандырып отырды.
Сонымен қатар телефон арқылы да қашықтағы пайдаланушылардың
сұрақтарына жауап беріліп, үнемі ақпараттық қолдау к рсетілді.
Пандемия кезіндегі кітапханалық-ақпараттық қызмет к рсету
тәжірибесі т тенше жағдайларда қашықтықтан дайындалатын
бірегей жобалардың бастамашысы болуға қабілеттілігін к рсетті.
Атап айтсақ, «Нағыз оқитын кез – Время читать» атты жобада
Қазақстан ақын-жазушыларының шығармашылығына байланысты
бейнебаяндар к пшіліктің к ңілінен шықты.
Цифрлық технологияның қарыштап дамыған заманында
кітапхана әрбір ел азаматының білім деңгейіне, оның географиялық
тұрған жеріне, қаражат мүмкіндігіне қарамастан үздіксіз білім
алуына және ақпаратқа құқылы екендігіне кепілдік беретін бірден-
бір мекеме болып отыр. Мұның зі кітапхананы бүгінгі күнде
ақпараттық орталық ретінде бәсекеге қабілетті мекемеге айнал-
дырды. Сондықтан пайдаланушының ақпаратқа қолжетімділігі
мен инновациялық мәдениетінің дамуына жағдай жасау үшін
оқырманға ыңғайлы ақпараттық орта құруды маңызды міндетіміз
деп білеміз.