Қазақстан тарихы 1-нұсқа «Окс өркениеті»


ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ



бет27/90
Дата15.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#74584
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   90
Байланысты:
ҰБТ Қаз тарих 50-ннн-1

ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
ХХ ғасырда Қазақстан Ресей империясының құрамдас бөлігіне айналды. Өлке экономикасы жалпыресейлік шаруашылық жүйесіне тартылып, түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Қазақстанның пайдалы қазбаларының бай кен орындарына отаршыл патшалық билік ие болды. Қазақстан аумағынан табиғи байлықтарды көптеп тасып әкету үшін барлық жағдай жасалды. ХІХ ғасырдың соңында-ақ орыс кәсіпкерлері Қазақстан жеріндегі тау-кен орындарын арзан бағамен сатып ала бастады. Бірақ, орыс кәсіпкерлерінің таукен ісін игеру тәжірибесі де, техникалық құралдары және өндірілген өнімді әлемдік нарыққа шығару мүмкіндіктері жеткіліксіз еді. Осыған орай, ХХ ғасырдың бас кезінде патша өкіметі шетелдік капиталды тарта бастады, шахталар мен кен орындарының басым бөлігі шетел кәсіпкерлерінің қолына өтті. ...Жезқазған мыс кеніштерін, Байқоңыр әк карьерлері мен темір кен орындарын «Атбасар мыс кен орындары» акционерлік қоғамы иеленді. 1904 жылы Риддер мен Зырян металл кен орындарын австриялықтар сатып алды. Мұнай өндіру шетелдік кәсіпкерлердің, ең алдымен ағылшындардың қолына өтті. 1911 жылы Доссор кәсіпшілігінде мұнай өндіру басталды. Шикізаттық ресурстарымыз сыртқа есепсіз тасылып, жергілікті халыққа ешқандай табыс әкелмеді. ...Бүкіл Ресей империясындағы жалғыз сантонин зауытының өнімі Англия, Америка, Германия, Үндістан, Жапония елдеріне шығарылды. Қабылдинов З.Е. т.б., Қазақстан тарихы. 11 сынып. 1 бөлім. – Алматы: Атамұра, 2020. – 60-62 бб
11. Мәнмәтінді пайдалана отырып, ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесіндегі дамыған өндіріс саласын анықтаңыз
A) машина жасау
B) ауыр өнеркәсіп
C) тау-кен өнідірісі
D) жеңіл өнеркәсіп
E) ағаш өндірісі
12. Мәнмәтінді негізге алып Қазақстандағы химия өнеркәсібінің алғашқы кәсіпорнын анықтаңыз
A) Ембі мұнай базасы
B) Шымкент сантонин зауыты
C) Риддер қорғасын зауыты
D) Қарсақбай мыс кен орны
E) Ащысай полиметалл комбинаты
13. Мәнмәтін бойынша шетелдік кәсіпкерлердің қолына өткен шикізаттық ресурсты анықтаңыз
A) мұнай
B) фосфор
C) қорғасын
D) уран
E) хром
14. Мәнмәтін бойынша қазақ жеріндегі шахталар мен кен орындарының шетелдік кәсіпкерлердің қолына өту себебін анықтаңыз
A) Қазақстандағы акционерлік компаниялардың табыс көзін ұлғайтуды көздеуі
B) Жергілікті өнеркәсіп өнімдерін әлемдік нарыққа шығару мүмкіндігі болуы
C) Шетелдіктердің өлкедегі өнеркәсіп пен сауданың дамуына жағдай жасауы
D) Орыс кәсіпкерлерінің тау-кен ісін игеруде тәжірибесі мен техникалық құралардың жеткіліксіздігі
E) Өлке экономикасының жоғары дамуына патша өкіметінің мүдделі болуы
15. ХХ ғасырдың басында Ресей құрамында болған қазақ өлкесінің шаруашылық жүйесіндегі өзгерісті анықтаңыз
A) Өлкеде шағын кәсіпорындардың үлес салмағы артты
B) Қазақстан аграрлы индустриялы елге айналды
C) Қазақстан жоғары дамыған өнеркәсіптік базаға айналды
D) Қаржы-банк жүйесі қалыптасып, сауда дамыды
E) Өлке экономикасы шикізаттық бағытта дамыды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет