Реферат тақырыбы: «Қазақстандағы әлеуметтану»



бет1/4
Дата30.10.2022
өлшемі30,62 Kb.
#46246
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
2 5382009366700367859


Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: « Қазақстандағы әлеуметтану »
Орындаған: Қасым Ұлмира Анарбайқызы Б(о) 22к
Қабылдаған: Бекмурзина Асел Нұрлановна
2022 жыл
Мазмұны

Кіріспе 2
1.Қазақстанда социологиялық көзқарастың қалыптасу негіздері 4
1.Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы 7
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 11


Кіріспе


Әлеуметтану - қызықты және іс жүзінде пайдалы ғылым. Ол қоғамда және адамдар арасында не болып жатқанын, әлеуметтік өзгерістердің қалай жүзеге асырылатынын және өмірдегі сан алуан трансформацияның нәтижесі қандай болатынын білуге мүмкіндік береді. Әлеуметтану ғылымы қоғамның қараңғыда қармаламай, мақсаттары мен мүддесін, болжам нәтижелерін айқын түсіне отырып саналы түрде алға басуына жәрдемдеседі. Таза ойтұжырым ғылымы болмағанымен әлеуметтану, біріншіден, басқа қоғамдық ғылымдарда сәтті пайдаланылатын мықты тәжірибелік базаға сүйенеді, екіншіден, оның өзі әлеуметтік практиканың сенімді теориялық негізі болып табылады.
Қазіргі таңда еңбек нарығында экономистермен, заңгерлермен және психологтармен қатар әлеуметтанушыларға да сұраным өсіп келеді. Егер де экономика, заң және психология ғылымдары кеңестік дәуірдің өзінде жете дамыған болса, қазіргі Қазақстан үшін әлеуметтану - салыстырмалы түрде алғанда жас ғылым. Ол ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда бізде кеш қалыптасты және қазір ол жаңа егемен мемлекеттің қаз тұруы жағдайында дамып келеді. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының практикадағы сұраныстардан және әлемдік стандарттардан кешеуілдеуіне, білікті кадрлардың, әлеуметтік-экономикалық ақпараттың, оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығына қарамастан, әлеуметтанудың институттануы қарқынды жүріп жатыр. Оның негізгі дәлелі әлеуметтанудың тиісті кәсіби білім алатындар үшін ғана емес, жоғары оқу орындарын бітіретін жүздеген мың жас мамандардың да оқу пәніне айналғаны болып отыр. Болашақ Қазақстан қоғамында ерекше ұстанымға ие болатын қазіргі студенттер таңдаған саласында ғана кәсіби даярланып қоймай, әлеуметтік ұйымның, қоғамдық өзгерістердің даму заңдарын білетін әлеуметтік жағынан білікті, қоғамды талдау дағдыларын меңгерген адам болуға тиіс.
Соңғы жылдары қазақстандық оқырмандар батыстың әлеуметтану ойларының белгілі авторларының негізгі еңбектерімен танысуға мүмкіндік алып отыр. Ресейлік әріптестер Э.Дюркгеймнің, М.Вебердің, Т.Парсонстың, Н.Смелзердің, Р.Аронның және басқалардың іргелі еңбектерін орыс тіліне аударып, басып шығарды. Олардың тұжырымдамаларының әр түрлі қырлары ғылыми жарияланымдар мен зерттеулерде көрініс тапқан. Сонымен қатар әлеуметтану проблемалары отандық авторлардың еңбектерінде, оның ішінде қазақ тілінде басылатын еңбектерде енді ғана көріне бастады. Іс жүзінде Қазақстанда төл оқулық, мұндай жанрдағы кітап шығарудың қалыптасқан дәстүрі жоқ, басқа ғылымдармен салыстырғанда тиісті бай тәжірибе де жоқ.
Әлеуметтанушылық білім беру саласында: а) әлемдік әлеуметтанудың классикалық мұрасын құрайтын жетекші шетелдік теориялар мен парадигмаларды; б) ТМД елдері әлеуметтануының алтын қорын құрайтын кеңестік және одан кейінгі кезеңдегі үздік теориялық және эмпирикалық жасалымдарды; в) ағымдағы қазақстандық шынайы жағдайды талдау, бүгінгі болып жатқан әлеуметтік процестерді, олардың серпінін, бастау көздері мен салдарларын талдауды орайлы ұштастыратын осы заманға сай оқулықтар басып шығаруға деген өткір қажеттілік бар екені айқын.
Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуына алдымен әлеуметтік-саяси және әлеуметтану идеяларын қалыптастыратын әлеуметтік ойдың даму кезеңі негіз болған. Әлеуметтану ойы қоғам, оның өзара байланыстары, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік шынайылықтың теориялық конструкциясының құрылымы туралы көзқарастардың, ұғымдардың жиынтығын білдіреді, ол белгілі бір тарихи уақыт ішінде белгілі бір әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларда қалыптасады. Ол заңдардың, механизмдердің, зерттеу амалдарының айқын ресмиленген және қатаң жүйесін қалыптастырудың негізі болып табылады.
Батыстың әлеуметтану тұжырымдамаларының қалыптасуы мен даму ерекшелігі бірқатар теорияларда көрініс табатын өнеркәсіптік капиталистік қоғам дамуының тарихи кезеңдерімен байланысты. Ресейде әлеуметтану “ұлттық өзіндік сана нысанына”, “ресейтануға” айналды. Әлеуметтану ойын зерттеушілер жазғандай, орыс әлеуметтанушысы (әлеуметтік философы) “жалпы қоғамды”, “жалпы әлеуметті” және т.б. сирек зерттеген, ол Ресейді зерттеген, тіпті абстрактілі ұғымдарды қолданған кезде де бұл оның тарапынан “таза ғылымға” жасалған саналы немесе еріксіз құрмет болатын, ал іс жүзінде ол не Ресейді, не жалпы әлемді тұтасымен қарастырған болатын. Орыстың әлеуметтану ойы “өзіндік зерттеумен”, “өзіндік рефлексиямен” сипатталады - бұл оны идеялық және рухани жағынан қазақ ағартушылығымен және қазақстандық ойшылдардың әлеуметтік-саяси ілімдерімен жақындастыра түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет