«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 6-сынып


II тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



бет9/9
Дата06.01.2022
өлшемі1,41 Mb.
#13496
1   2   3   4   5   6   7   8   9
II тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

тапсырма№ *

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*

Балл*

Бөлім бойынша балл

X ғасыр – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан


6.2.2.2 Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру

Білу және түсіну

1

1

КТБ

10

7

25

6.4.2.2. Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау


Қолдану

2

2-3

ҚЖ

20

12

6.3.1.7 Ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау


Қолдану

1

4

ҚЖ

10

6

Барлығы:

-

4

-

-

40

25

25

Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер



«Қазақстан тарихы» пәнінен II тоқсанға арналған

жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Төменде берілген сөйлемдердің реттік нөмірін Айша Бибі, Қарахан, Бабаджа-қатын кесенелері тұсына сәйкесінше орналастырыңыз.
Қажетті мәліметтер:


  1. Мемлекетте билік еткен Шах-Махмұд Боғраның қабірінің басына орнатылған, мазар ел ішінде «Әулие ата күмбезі» деп аталған

2. Қазақ оюлармен безендірілген, бұл кесенені Қарахан салдырған

3.Айша бибінің қамқоршысы Айша қайтыс болған соң, оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрған

4. Бұл кесене - махаббаттың символы

5. Бағаналарына араб әрпімен “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған, кесенеде 60 түрлі әшекей қолданылған




  1. Кесенеге 30 түрлі өрнекті кірпіш пайдаланылған, төртінші залда төбеге шығатын баспалдақ орнатылған. Кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне ұқсайды

7. Кесене өзінің композициясы мен құрылымы жағынан өте қарапайым да қатаң, кесене көркемдік пен сымбаттылық беретін призмалық барабанға орналасқан, 16 қырлы конус жабыны бар. Мұндай төбе жабыны - Қазақстан күмбездерінің ішіндегі ең ерекшесі деп саналады.
Айша Бибі кесенесі Қарахан кесенесі Бабаджа-қатын кесенесі




____________________ ________________________ ___________________

[7]



  1. Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың нығаюындағы маңызын салалар бойынша көрсетіңіз.

[6]


  1. Картаны негізге ала отырып, тапсырманы орындаңыз.




[6]


4. Дамыған мемлекеттердің құлауына әсер еткен себептерді жазыңыз.

[6]
Балл қою кестесі


Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша

ақпарат

1

Айша бибі кесенесі: 2, 4, 5

3





Қарахан кесенесі: 1, 6

2


Бабаджа-Қатын кесенесі: 3, 7

2


2

Саяси

  1. Қазақстан, Орталық Азияны басып, Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шығып, керісінше батыстағы елдерден Қытайға қарай елшіліктер ағыла бастаған.




  1. VII–X ғасырларда Ұлы Жібек жолының халықаралық маңызы арта түсті – Қытай Византиямен және арабтармен байланыс орнатты

2

Нақты түсінік

қалыптастыратын, құрылымы

әртүрлі

сөйлеммен

жазылған мүмкін

болатын жауаптар

қабылданады


Экономикалық

  1. Жiбек жолының түркi бөлiгi халықаралық саудада ерекше рөл атқарды

  2. Ұлы Жiбек жолы, сауданың дамуы көптеген қалалардың пайда болуына, олардың өркендеуіне жол ашты




2

Мәдени

  1. Адамдар мен идеялардың еркін қозғалыста болуы аса көрнекті энциклопедияшылардың, ғалымдардың, ақындар мен философтардың және олардың мектептерінің пайда болуына ықпал етті

  2. Ғылым мен мәдениет орталықтары да болды. Мәселен, Отырар – ұлы ғалым әл-Фарабидің Отаны.




2

3

Ұлы Жібек жолының екі бағытын көрсетіңіз: Онтүстік, Солтүстік

2




Ұлы Жібек жолының шығыс және батыс нүктелерін атаңыз: Қытай, Византия

2

Ұлы Жібек жолының бойындағы сауда орталығы болған қалаларды көрсетіңіз.

Отырар, Үргенiш, Бұхара, Тараз, Баласағұн, Са- уран, Талхиз және басқа бай қалалар

2

Кез-келген 2 қаланың аты жазылса қабылданады

3

Негізгі себептер:

Қаған билiгінiң әлсiреуi

Тақ үшін талас-тартыстар

Көрші мемлекеттердің жаугершілік саясаты



3


Нақты түсінік

қалыптастыратын, құрылымы әртүрлі

сөйлеммен

жазылған мүмкін

болатын жауаптар

қабылданады



Жанама себептер:

Экономикалық дағдарыс

Өзара тайпалық соғыстар

Қағандардың жеке меншікке ұмтылуы



3

Жалпы балл

25


III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



III тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут

Балл саны – 25
Тапсырмалар түрлері:

КТБ– көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар

ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 5 тапсырмадан тұрады Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

III тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

тапсырма№ *

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*

Балл*

Бөлім бойынша балл

XIII – XV ғасырдың

I жартысын дағы Қазақстан



6.3.1.8. Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау

Қолдану

1

1

КТБ

8

4

15

6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау


Қолдану

1

2

ҚЖ

8

6

6.3.1.6 Картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру

Қолдану

1

3

ҚЖ

8

5

Қазақ халқының қалыптасуы

6.1.1.4 «Қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру

Қолдану

1

4

ҚЖ

8

4

4

Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы

6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау

Жоғары деңгей дағдылары

1

5

ТЖ

8

6

6

Барлығы:

-

5

-

-

40

25

25

Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер




«Қазақстан тарихы» пәнінен III тоқсанға арналған

жиынтық бағалау тапсырмалары


  1. Төмендегі берілген ақпараттардың «ақиқат» не «жалғандығын» анықтаңыз.






Ақпарат

Ақиқат

Жалған

1

Түмен-түркі-моңғол ұлыстарында болған әскери-әкімшілік бірлік. Ол өз кезегінде мыңдық пен жүздікке бөлінген. Түменді түменбегі басқарған







2

Барұнғар –оң қанаттағы әскер. Көшпелілер мемлекетін құрайтын ру-тайпаларды да, олардан жасақталған әскерді де оң қанаттағылар, сол қанаттағылар деген топтарға бөлген







3

Ондаған жүздіктер он мыңдықтар деп аталған. Әр он мыңдықтың өз әскери тулары болған







4

Жасақ, Яса – Шыңғыс хан империясының әскери-құқықтық заңдар жинағы







[4]


  1. Кестедегі ақпараттармен танысып, қандай мемлекет туралы айтылып тұрғандығын анықтап, халқының құрамын жазыңыз.





[6]


  1. Алтын Орда мемлекеті ыдырағаннан кейін пайда болған мемлекеттердің территориясын кескін картада белгілеңіз.


Қазан хандығы, Батыс Сібір хандығы, Астрахан хандығы, Ноғай Ордасы, Ақ Орда.

[5]


4. Кестеде «Қазақ» этнонимі туралы деректердің мазмұнын түсіндіріңіз.

[4]
5. ПТМС формуласы негізінде «Керей мен Жәнібектің қазақ хандығының құрылуы тарихындағы рөлі» тақырыбына қатысты өз ойыңызды жазыңыз.



Позиция

Түсіндіру

Мысал (2 мысал келтіріңіз)

Салдары (қорытынды)

[6]



Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

  1. ақиқат

  2. ақиқат

  3. жалған

  4. ақиқат

4


Әр жауапқа 1 балл

2

  1. Моғолстан

  2. Түркі тайпалары

  3. Түркіленген моңғол тайпалы

  4. Әбілхайыр хандығы

  5. Қыпшақ және қарлұқ текті түркі тайпалары

  6. Түркіленген моңғол тайпалары




6

3


5





4

В.В. Радлов: «Қазақ сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар» деген пікірі қазақ халқының еркін өмір сүріп , көшпелі өмір салтын ұстанатындығын көрсетеді.
Ш.Ш.Уалиханов: «қазақ күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді» деген пікірінде қазақ халқының әскери өнері туралы, жауынгер халық екендігін көрсетеді.
Ш.Құдайбердіұлы: «қазақ өз алдына ел болып жүрген халық» деген пікірінде егемен тәуелсіз өмір сүруі, жеке мемлекет құруын айтады

Б.Кәрібаевтың пікірінше қазақ – түркi сөзi. Бастапқыда ол ерiктi, еркiн деген себебі: бостандығы, өмір сүру салты. Қазақ халқының бостандықты бағалайтын, ешкімге бас имеген халық екендігін көрсетеді.

4

Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады

5

Позиция

Керей мен Жәнібектің қазақ хандығының құрылуы тарихындағы рөлі өте жоғары болды деп санаймын. Түсіндіру

Өйткені XV ғасырдың аласапыран кезінде артына 200 000 адамды ерітіп өз мемлекетін құруға талпыну батылдықтың көрінісі.

Мысалы

Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы Есенбұға оларға Шу мен Талас алқабын берді. Бұл қазақ мемлекетінің құрылуының алғашқы қадамы болды. Қазақтың алғашқы ханы Керей ақ киізге көтеріліп хан сайланды. Ал Жәнібек сұлтан Керей ханның сенімді серігі, әрі досы бола білді. Кейіннен Жәнібек хан болды. Керей мен Жәнібек ханның ұрпақтары әке аманатын орындап, әрі қарай қазақ хандығының өркендеуіне үлес қосты. Қазақ хандығына қосылған қазақтар саны жыл санап арта бастады.



Салдары (Қорытынды)

Керей мен Жәнібек құрған қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет деп саналады.



6




Жалпы балл

25


IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты- 40 минут

Балл саны- 25
Тапсырмалар түрлері:

КТБ – көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар;

ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.





IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

тапсырма№ *

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*

Балл*

Бөлім бойынша балл

Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы


6.3.1.11 Қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау

Қолдану

1

1

КТБ

10

7

21

6.2.2.3 Көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау


Қолдану

1

2

КТБ

5

4

6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау


Жоғары деңгей дағдылары

1

3

ТЖ

15

10

XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет


6.4.1.2 Көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау

Қолдану

1

4

ҚЖ


10

4

4

Барлығы:

-

4

-

-

40

25

25

Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер



«Қазақстан тарихы» пәнінен IV тоқсанға арналған

жиынтық бағалау тапсырмалары


  1. Әлеуметтік топтардың қоғамдық қызметіне қарай сәйкестендіріңіз.



1.Хан

А. Шыңғыс хан ұрпағы, хан бөліп берген ру-тайпаларды

басқарады, оларға жерлерді бөліп береді, хан сайлауына қатысады,

елге жау шапса, ханға елден әскер жасақтайды.


2.Сұлтан

B. Ерлігінің арқасында қараша халық арасында кеңінен танылған, жерді және елді қорғайды, хан-сұлтанның үкімін орындайды, бидің шешімдерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді

3.Би

C. Қалада тұрады, бұрын малшы болғанымен, туыстары немесе өзі

барлық малдарынан айырылып қалғандықтан, қалаға қоныс

аударған, жер жыртады, егістік суғарады, сөйтіп азын-аулақ күн

көріске ақша табады



4.Батыр

D. Байдың малын бағады, кедейленіп, қиын жағдайға душар болса,

байдан сауын ала алады, мүлкінен айырылып қалса, туыстарынан,

басқалардан жылу жинайды, қиын жұмыстар істеу үшін

ағайындары арасында асар жасайды



5.Малшы

E. Мемлекет басшысы, Шыңғыс хан ұрпағы, қараша халықтан жоғары тұрады, әскерді басқарады, халыққа жер бөліп береді, бүкілхалықтық Құрылтай шақырады.

6.Жатақ

Ғ. Шешендік, тапқырлық қасиеттің арқасында ел басқаруға

қатысады, бөліп берген жерлерді басқарады, сот билігін

жүзеге асырады, елдің күрделі мәселелерін шешуге қатысты

Құрылтайға қатысады.



7.Қожа

G. Шыңғыс хан ұрпақтары сияқты ақсүйек болып саналады, ислам

дінін таратады, халық арасында шариғаттың сақталуын қадағалайды


Жауаптары:



1-

2-

3-

4-

5-

6-

7-

[7]



  1. Мәтіндегі бос орынға сөздерді орналастырыңыз

Жәңгiр хан ұрыс майданында Дала өңiрi үшiн озық жаңа әскери әдiстердi пайдаланды. Таулы жердi ептiлiкпен пайдалана бiлiп, өз жасағын шебер басқарудың арқасында үлкен жеңiске жеттi. Сол кезеңдегi орыс құжаттары бойынша, 1__________өз адамдарының жартысына «от қарумен» бiрге тау арасындағы өткелде ор қазып бекiнуге бұйырып, ал «өзi үш жүз адаммен тастың ар жағына жасырынады». Ойраттар шатқалға енген кезде оларды бораған мылтық оғы қарсы алды. Жаудың дүрлiгiп есi шықты, осы сәтте жауға тылдан Жәңгiрдiң өзi соққы бердi. Көп кешiкпей қазақтарға көмекке Самарқан билеушiсi 2_________адамымен келдi. 3___________талқандалып, «бұл ұрыста он мыңдай адамынан» айырылғаннан соң кейiн шегiндi. Жоңғар Алатауы төңiрегiндегi 4___________мекенi шешушi шайқас орны ретiнде аталды.



Орбұлақ

Ойраттар

20 мың

Жәңгiр хан



[4]


  1. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси оқиғаларын сипаттаңыз.




Саясат бағыты

Хақназар хан тұсында

Есім хан тұсында

Ішкі саясат


1

2


1

2


Сыртқы саясат



1

2


1

2


Қорытынды




[10]




  1. ХV–XVII ғасырлардағы отырықшы қоныстарда дәстүрлі шаруашылықтың қалай дамығандығын сипаттаңыз.



[4]


Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша

ақпарат

1

1-E, 2-A, 3-F, 4-B, 5-D, 6-C, 7-G

7




2

1 - Жәңгір хан

1

-

2 - 20 мың

1

3 - Ойраттар

1

4 - Орбұлақ

1

3


Есім хан

Ішкі саясатта:

Есім ханның ескі жолы заңы

Есім ханның реформалары

Сыртқы саясатта:

Қазақ-бұхар соғысы

Тұрсын Мұхаммедтің Имамқұлымен одақтасуы

Қорытынды:

Мемлекетті жан-жақты нығайтты



5

Білім

алушының


басқа да дұрыс

жауаптары

қабылданады






Хақназар хан

Ішкі саясатта:

Хақназар қазақ тайпалары арасында өз беделi мен ықпалын нығайтады.

Ол ноғай мырзаларының билiгiнен босап, тәуелсіз билеуші болды.

Сыртқы саясатта:

Хақназар ХVI ғасырдың 60-70-жылдары Ноғай Ордасы,Сібір хандығына қарсы біраз жорықтар жасады



Қорытынды:

Мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайын реттеді.



5

4


Мал шаруашылығы:

1. Қазақтар негiзiнен қой, жылқы мен түйе өсiрдi. Шаруашылықта маңызы жағынан қой жетекшi орын алды. Дала қойлары, куәлардың айтуы бойынша, төзiмдiлiгiмен, iрiлiгiмен және етті, сүтті қасиеттерімен ерекшелендi.

2. Көшпелiлер өмiрiнде жылқының орны ерекше болды. Дала жылқылары үлкен төзiмдiлiгiмен ерекшеленiп, қатаң жағдайларға тез көндiктi. Жылқылар теңдеп жүк артатын (күш көлiгi), салт мiнiп жүретiн және бәйге аттар болып бөлінді.


2

Білім

алушының


басқа да дұрыс

жауаптары

қабылданады






Егін шаруашылығы:

  1. Қазақтар бидай және тарымен қатар сұлы мен арпа септi, сондай-ақ қара бидай, күрiш және бақша дақылдарын өсiрдi.
    2. Көшпелiлердiң егiншiлiкке көшуi барлық жерде экономикалық қажеттiлiктен жүргiзiлдi.

2

Жалпы балл

25




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет