Қазақстан тарихы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені білім беру бағдарлама Бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларына арналған



бет49/82
Дата13.12.2022
өлшемі6,27 Mb.
#56945
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
ДӘРІС КЕШЕНІ
Дәріс 1. Ежелгі Қазақстан
Дәрістің мақсаты: Қазақстанның ежелгі дәуірдегі адамдардың қалыптасуы, эволюциялық даму мәселелері сондай-ақ қола және ерте темір дәуірдегі тайпалардың қоғамдық құрылысы, саяси тарихы туралы мәліметтер беру.
Түйінді сөздер:тас дәуірі, палеолит, мезолит, неолит, аңдық стиль, қоғамдық құрылыс.
Күтілетін нәтижелер:Білім алушылар Ежелгі Қазақстан тарихының қалыптасу кезеңдерін меңгереді. Тақырыпты игеру арқылыбіліктілік пен дағдылар, жүйелі білім бағытын қалытастырады. Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық бірлестіктердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін жіктейді.
Негізгі сұрақтар:
1.Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері
2.Адамның тарихқа дейін эволюциясы
3.Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары.
Қысқаша мазмұны


Қазақстан тарихы пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері: Ұлы дала аумағында көшпелі өркениет пен мемлекеттіліктің қалыптасу ерекшеліктерін ашу (б.з.д. III ғасыр – б. з. II ғасыр).XIII-XV ғғ.Орталық Азиядағы түркітілдес халықтардың этномәдени интеграциясының кезеңдерін, Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарын талдау. Қазақстанның жаңа дәуір кезеңдегі тарихи даму ерекшеліктерін ашу(XVIII - ХХ ғғ.басы). Кеңестік әкімшілік-басшылық жүйе құрамындағы Қазақстанның рөліне объективті баға беру.Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясына, қазақстандық қоғамды демократияландыру ерекшеліктеріне талдау жасау.
Б. з. б. 2 млн 500 жылдан Б. з. б. 3 мың жылдыққа дейін — Тас дәуірі Б. з. б. 2 млн 500 жылдан 45-35 мың жылға дейін — палеолит. Б. з. б. 2,6 млн жылдан — 100,000 жылға дейін — Төменгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 300 — 30 мың жыл бұрын — Орта палеолит дәуірі. Б. з. б. 50 — 10 мың жыл бұрын Кейіңгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 10-15 мың жыл бұрын — Мезолит дәуірі. Б. з. б. 15-3 мың жыл бұрын — Неолит дәуірі. Б. з. б. 3-2 мыңжылдықтар — Мыстас дәуірі. Б. з. б. 35 / 33 — 13/11ғасырлар — Қола дәуірі. Б. з. б.
XV-XIII ғасырлар — Андронов мәдениетінің кезі. Б. з. б. VIII ғ. — Темір дәуірінің басы.
Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен.Палеолит- Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды.
Ерте палеолит Қазақстан - Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге:
Олдувэй (б.з.б. 1 млн жыл-800 мың жыл);
Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);
Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.
Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған.Оңтүстіктегі Үнді мұхиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған. Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы қүрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған.Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.Aлғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу үшін топпен өмір сүрді.Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.
Орта палеолит- (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар). Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі. Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтижесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан су басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады. Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды. Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды. Кейінгі палеолит- Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды. Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді. Мезолит (орта тасғасыры)-(б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар). Кейінгі палеолит дәуіріненкейін орта тасдәуірі (грекше «мезос» - орта дегенсөзденшыққын) мезолит дәуірікелді. Бұлдәуіртарихғылымындаөте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдіңескерткіштеріҚазақстанжерінен аз табылған.
Неолит (жаңа тас ғасыры) (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды.
Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. Адам баласы мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды.
Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді. Олардың тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийшілер, сарматтардан тұрған. Сақтардың саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы кезде шықты.Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж/ жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғысты
Б.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар жауынгерлер - сүңгі мен оқ ( "ратайштар-арбада тұрғандар"), абыздар - құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни "сегізаяқтар" (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге -қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс -патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.
Өнері мен мифологиясы. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д,д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.
Үйсіндер. Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын.
Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.
Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д.2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) "уйсін мемлекеті" деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң)батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болдыҚытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған.
Үйсіндер шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған.
Қаңлы мемлекеті. Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Сыр,Талас өзендері бойында орналасты. Олар да орталық Азиядан келді. Саны 600 мың адам, 120 мың әскері болды. Астанасы Битян қаласы
Археологиялық ескеткіштері. Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. Бұлардың біріншісі Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен Қаратаудан Таласқа дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек зерттелді. Табылған ескерткіш- сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі дәлізден тұрады. Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты жер ошақ жасалған.
Шаруашылығы, кәсібі. Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан.
Ғұндар. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Б.з.д. 4-3 ғғ. Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б.з.д. 209 жылы бой көтеріп, б.з. 216 ж. дейін дәурен сүрді. Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Модэ) батыр. Б.д.д. 209 жылы Модэ әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, б.з.д 188 ж. ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)
Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Моде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.д.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару б.д. 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді.Ғұндардың б.з.4 ғ. Шығыс және орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.
Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау,егіншілік дамыды.
Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлев тілі де түркі тілі болған.
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.
Ғұндардың қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген.Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
Сарматтар. "Сармат" этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы - роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.
Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді. Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сармат тармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір шығады
Археологиялық ескерткіштері. Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Екінші кезеңде (орта -Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты - адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.
Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған.Зергерлік өнер. 3-5 ғғ. "полихромдық өнер" дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлевдің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет