Қазақстан Республикасы солтүстік
жарты шардың
қоңыржай белдеуінде орналасқан. Мұнда жылу режимі
әр
маусымда, әр түрлі, сондықтан геоморфологиялық
процестердің климат жағдайының, қар жамылғысының,
өзендердің
гидрологиялық
режимдерінің
маусымдылығы
айқын
байқалады.
Климаттың
қалыптасуына қыста антикалық
және полярлық жазда
полярлық және тропиктік ауа массасы әсер етеді.
Климаттың жағдайына байланысты табиғат жағдайлары
әр түрлі болып келеді де,
табиғаттың ерекше
құбылыстары мен процестерінің әсерінен ландшафтысы
жиі-жиі өзгеріп отырады.
Орманды дала зонасы ландшафттылары-Солтүстік Қазақстан,
Қостанай, Көкшетау
(Ақмола обл),
Павлодар облысында тараған, оңтүстік шекарасы Қостанай және
Көкшетау қалаларының ендіктері бойынша өтеді.
Батыс Сібірдің орманды дала ландшафтының Қазақстандық нұсқасы дамыған.
Өсетін орман шоқтары және тегіс жазықтағы дәнді шөптесін мен әртүрлі
шөптесіннен тұрады. Т.Т.К. негізгі түрінің таралу сипатына қарай орманды дала екі
зонаға бөлінеді. Олар типті және типті емес орманды дала.
Типті орманды дала
зонасы Солтүстік ендіктің 55-0 нан солтүстікке қарай орналасқан,
қоңыржай
ылғалды климат жағдайында дамыған. Солтүстік ендіктің 55-0-нан оңтүстікке қарай
орманды дала зонасының типті емес бөлігі орналасқан, оңтүстікке
қарай қара
топырақты дәнді шөптесінді-қызыл бозды дала өсімдіктері таралған. Орманды дала
зонасында жануарлар дүниесі жақсы сақталған. Көбіне фауна басым: дала тышқаны,
ақ қоян, түлкі, қасқыр , үкі, қаршыға, ұзақ қарға, жабайы шошқа да бар.
Орманды
даланың 50-55 ке егіске жарамды. Жайылым мен шабындықта бар. Мал
шаруашылығы сүтті-етті мал өсіруге бағытталған.