Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет11/18
Дата03.01.2017
өлшемі1,3 Mb.
#1066
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Есімов  Қ.Қазақстан  тарихы  деректануы.  –  Қарағанды:  А.Байтұрсынов  атындағы 
Қостанай университеті баспасы, 1999. – 188 б. 
2.
 
Смолин  Г.Я.Источниковедение  древней  истории  Китая.  Учеб.  пособие.  Л.:  Изд-во 
ЛГУ, 1987. 183 с. 
3.
 
Тойнби А. Дж. Цивилизация перед судом истории /Сборник/ Пер. с англ. 2-е изд. - 
М.: Айрис-пресс, 2003. - 592 с. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
81 
4.
 
Илюшечкин В.П. Теория стадийного развития общества: История и пробл/ РАН; Ин-
т востоковедения. – М.: Вост. лит., 1996. – 406 с. 
5.
 
История Востока: В 6 т. /Р.Б. Рыбаков (пред.) и др.; Ин-т востоковедения. – М.: Вост. 
лит. – Т. 6. – 2005. – 574 с. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  Б.Ж.Абжаппарова  рассматривает  проблемы  современной 
востоковедческой  науки.  Автор  анализируя  особенности  истории,  методологии, 
источниковедении востока раскрывает ее роль в мировой истории.  
 
 S
UMMARY
 
In  this  article,  BJ  Abzhapparova  considers  the  problems  of  modern  oriental  science.  The 
author has analyzed the features of the history, methodology, sources east reveals it’s role in world 
history.  
 
 
 
ӘОЖ 9(с)77 С 52 
 
ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІН ПОЛЬШАДА ХАЛЫҚТЫҚ БІРЛІК 
ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ 
 
Сманова А.М. 
– т.ғ.к., доцент 
Қазақстан, Алматы қ., 
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті 
 
Аннотация: Кеңестік және поляк әдебиеттерін пайдалана отырып, екінші дүниежүзілік 
соғыстан  кейінгі  Поляк  Халық  Республикасының  құрылу  тарихының  алғышарттары  және 
Поляк жұмысшы партиясының қызметі туралы баяндалады. 
Түйін сөздер: конференция, Крайов армиясы, парламент, демократия, манифест. 
Екінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарында  фашистік  басқыншылықтың  құрсауында 
қалған  Польша  Республикасының  территориясын  жаудан  азат  ету  мақсатында  КСРО 
Мемлекеттік  Қауіпсіздік  Комитеті  1944  жылы  сәуір  айының  3  күні  Мәскеу  қаласында 
«Поляк  армиясының  Әскери  Кеңесін  құру  шаралары  туралы»  арнайы  қаулыға  қол  қойды. 
Кӛп  ұзамай  «Поляк  Армиясының  Әскери  Кеңесі  туралы  Уақытша  Қаулыны»  бекітіп,  оны 
басқару  ісі  –  генерал-лейтенант  З.Берлинг  (қолбасшы),  генерал-лейтенант  Сверчевский 
(қолбасшының орынбасары) және полковник Завадский (поляк партизан қозғалысының штаб 
басшысы  және  саяси-тәрбие  бӛлімшесінің  қолбасшысының  орынбасары)  секілді  әскери 
басшыларға тапсырылды [1]. 
 
Қызыл  Армияның  «азаттық  әскерлер»  тұрғысындағы  жауынгерлері  Польша 
территориясына  1944  жылдың  шілде  айында  кірген  болатын.  Осы  кезден  бастап-ақ  Поляк 
ұлт-азаттық  комитеті  (ПҰАК)  Қызыл  Армия әскери  басшылығымен  тығыз  байланыс  жасай 
отырып,  жауға  тойтарыс  беру  жағдайын  қолға  алды.  Олар  халықты  ӛз  жақтарына  шақыра 
бастады.  Сонымен  бірге  елде  таратылған  үндеу  парақтарында:  «Қолдарыңа  қаруларыңды 
алыңдар!  Қай  жерде  болса  да  немістерді  ӛлтіріңдер!  Олардың  кӛліктеріне  шабуыл  жасап, 
поляк және кеңес солдаттарына кӛмек кӛрсетіңдер! Азат етілген аудандарда тез және нақты 
іс  жүргізіп,  Поляк  әскерінің  құрамына  кіріңдер!  Немістерден  қыркүйек  науқаны  үшін  кек 
алып,  одақтастар  әскерлерімен  бірге  фашистерге  жаңа  Грюнвальдті  кӛрсетіңдер!»  деп 
айтылған еді. 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
82 
Осыдан  кейін  кӛп  ұзамай,  яғни,  1944  жылы  21  шілде  күні  Варшава  қаласында  ӛткен 
Уақытша  поляк  парламенті  тұрғысындағы  Елдің  ұлттық  кеңесінің  (Крайова  рада  народова) 
пленарлы  мәжілісінде  Польша  ұлт-азаттық  комитеті  бұдан  былай  –  Уақытша  Атқарушы 
орган  болып  қайта  құрылды.  Оның  тӛрағасы  болып  Эдвард  Болеслав  Осбука-Моравский 
тағайындалды.  Поляк  ұлт-азаттық  комитеті  ӛздерінің  уақытша  тұрағы  ретінде  неміс 
басқыншылығынан азат етілген және ӛздерінің алғашқы қызметтерін бастаған Хелм қаласын 
таңдап  алды.  Бұл  комитеттің  алдарына  қойған  мақсаттары  поляк  халқын  неміс 
басқыншыларына  қарсы  күреске  шақыру,  яғни,  олар  немістерге  қарсы  барлық  халықты  ӛз 
қол  астарына  біріктірген  –  Ұлыбритания,  КСРО  және  АҚШ  сияқты  ұлы  державалар 
басшыларымен тығыз байланыс орнатуды қолға алды.  
1944 жылы 26 шілде күні КСРО Сыртқы Істер Халық Комиссариаты Кеңес үкіметінің 
басшылығына мынадай ұсыныс жасады: «Қызыл Армия табысты түрде алға жылжып, Кеңес 
Одағы мен Польша Республикасының мемлекеттік шекарасына жетті. Кейін шегінген герман 
әскерлерін  ӛкшелей  отырып  Кеңес  әскерлері  Поляк  армиясымен  бірге  Батыс  Буг  ӛзенінен 
ӛтті. Кӛп зардап шеккен поляк халқын неміс басқыншыларынан азат етуді Қызыл Армия ӛз 
қолына  алды»  деп  айтылған  болатын.  Польша  Республикасының  шекарасына  таяп  қалған 
Кеңес  әскерлерінің  алдарына  қойған  мақсаты  -  герман  әскерлерін  талқандап  және  поляк 
халқын неміс басқыншыларынан азат етіп, «тәуелсіз демократиялық Польша Республикасын 
қалпына  келтіру»  болды.  Сонымен  бірге  Кеңес  үкіметі  Қызыл  Армияның  Польша 
территориясындағы  әскери  қимылдарын  «достық,  одақтас»  мемлекет  тұрғысында 
қарайтындарын да айтып ӛтті. Осыған байланысты Кеңес үкіметі Польша территориясында 
ӛздерінің  әкімшілік  ұйымдарын  орнатпайтынын,  ӛйткені,  мұны  поляк  халқының  ӛз  ісі  деп 
қарайтынын  мәлімдеді.  Ал  Кеңестік  Қолбасшылық  және  Поляк  әкімшілігі  арасындағы 
байланыстарды Поляк  ұлт-азаттық комитеті ӛз қолдарына алуды міндет етті. 1944 жылдың 
жазында Қызыл Армия әскерлері Польша жеріне кіріп, КСРО жерінде құрылған 1-ші Поляк 
армиясымен  бірге  неміс  басқыншыларына  қарсы  соғыс  қимылдарын  жүргізді.  Ромблев 
маңында  және  Липск  орманында  фашистерге  қарсы  табанды  түрде  шайқас  жүргізіп  ерлік 
кӛрсеткен  Халық  Армиясы  (Армия  Людовой),  Ел  армиясы  (Армия  Крайова),  Шаруалар 
батальондары  және  Волынь  дивизиялары  жауға  қарсы  шайқасқа  Кеңес  әскерлерімен  бірге 
шықты. Сонымен 1944 жылы шілде айының соңына қарай Кеңестік Қызыл Армия әскерлері 
поляк  халқын  жаудан  азат  ету  миссиясымен  Польша  территориясына  енгеннен  соң  КСРО 
үкіметі  мен  Поляк  ұлт-азаттық  комитеті  арасында  әкімшілік  басқару  жұмыстары  жӛнінде 
екіжақты  келісімге  қол  қойылды.  Онда:  «Польша  территориясындағы  соғыс  қимылдары 
жүріп  жатқан  аймақтардағы  барлық  әскери  операциялар  кеңестік  Басқолбасшылықтың 
қолына  кӛшіріледі.  КСРО  территориясында  құрылған  поляк  әскери  бӛлімшелері  Польша 
жерінде  әскери  қимылдарын  жалғастырады.  Кеңестік  Басқолбасшылық  және  Поляк  ұлт-
азаттық  комитеті  арасындағы  байланыс  Поляк  әскери  миссиясы  арқылы  жүргізіледі.  Неміс 
басқыншыларынан азат етілген аудандардағы қайта әкімшілік басқаруды Поляк ұлт-азаттық 
комитеті ӛз қолына алады» [2] деп аталып ӛтілді. Сӛйтіп, бастапқы кезде Польша жеріндегі 
әскери қимылда кеңестер ӛз саясатын, ал поляк азаматтары ӛз заңдарымен әрекет жасады. 
Дегенмен,  екі  мемлекет  арасындағы  бірнеше  жылдан  бері  (1939  ж.)  шешімін  таппай 
келе жатқан даулы мәселенің бірі «шекара» жӛнінде болды. Осыған байланысты 1944 жылы 
27  шілдеде  КСРО  үкіметі  және  ПҰАК  арасында  кеңес-поляк  келіссӛзі  болып  ӛтті.  Осы 
келісім бойынша Кеңес Одағы және ПҰАК екі ел арасындағы мемлекеттік шекара мәселесін 
қайта қарап, реттеу үшін «достық рухтағы» бірнеше кездесулер ӛткізген болатын. Алайда екі 
ел арасындағы мемлекеттік шекара «Керзон сызығы» деп аталатын саяси негізден асып кете 
алған  жоқ.  Кеңестік  келісімдегі  ұсыныс  бойынша  Керзон  сызығының  шығысындағы  Батыс 
Буг  ӛзені  және  Крылов  қаласының  оңтүстігіндегі  Солокия  ӛзені,  Немиров-Яловка 
учаскесіндегі  Беловежский  Пуще  аймағындағы  жерлер  Польша  мемлекетінің  мүддесіне 
қарай  шешілді.  Сонымен  бірге  Шығыс  Пруссия  территориясының  солтүстік  бӛлігіндегі 
Кенигсберг  порты  Кеңес  Одағының  мүддесіне  шешілді,  ал  Шығыс  Пруссияның  қалған 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
83 
бӛлігі, сонымен бірге Данциг облысы Польшаға қарады. Сан ӛзенінің шығысындағы Мычков 
елді  мекеніне  дейін,  одан  әрі  шығыс  Перемышлдан  батыс  Рав-Русскаяға,  одан  Солокия 
ӛзеніне дейін, бұл жерден Батыс Бугтен Немиров-Яловкаға дейінгі жерлер Польша иелігінде 
болып қала берді. Нәтижесінде Кеңестік саясаттың басымдылығынан Польша Республикасы 
мен  Кеңес  Одағы  арасындағы  мемлекеттік  шекара  1939  жылға  дейінгі  жағдайын  сақтаған 
жоқ [3].  
1944  жылы  тамыз  айының  3  күні  Мәскеу  қаласында  кеңестік  басшылық  ӛкілдері 
Лондондағы Польша эмигранттық үкіметінің премьер-министрі С.Миколайчикпен соғыстан  
кейінгі  герман  мәселесі  және  Польшада  Уақытша  үкімет  құру,  тылдағы  Ел  Армиясының 
(ЕА)  жағдайы,  Польша  мемлекеттік  шекарасын  қайта  қарау  мәселелері  тӛңірегінде  кездесу 
ӛткізді.  Осы  екі  жақты  кездесуге  поляк  жағынан  С.Миколайчик,  С.Грабский,  Т.Ромер, 
И.Мнишек,  ал  кеңестер  жағынан  И.В.Сталин,  В.М.Молотов  және  тілмаш  В.Н.Павлов 
қатысты.  Кездесу  барысында  премьер  С.Миколайчик  кеңес  армиясының  гитлерлік  әскерді 
талқандап жатқан табыстарын айта келе, олар Польша территориясын да азат етуге қолғабыс 
тигізері  туралы  әңгіме  бастады.  Ал  Сталин  болса  осындай  қиын  халықаралық  жағдайда 
Кеңес үкіметі Польшаны жаудан азат етуге қол ұшын беруді ӛзінің «парызы» деп санайтыны 
туралы  айтып  ӛтті  [4].  Әрине,  ӛйткені  Кеңес  Одағы  Шығыс  Еуропаға,  тіпті  соның  ішінде 
Польшаға  деген  ӛз  мүддесінен  айырылмауы  керек  болатын.  Алдағы  болып  ӛткен  және 
соғыстан 
кейінгі 
әлемді 
бейбіт 
жолмен 
реттеу 
жағдайындағы 
халықаралық 
конференциялардың  күн  тәртібіндегі  «Шығыс  мәселесін»  Сталин  ӛз тізгінінен  жібермеудің 
барлық мүмкіндігін қарастырды.   
Осыдан  кейін  кӛп  ұзамай-ақ  КСРО  Сыртқы  Істер  Халық  комиссары  В.М.Молотов 
Польша  эмигранттық  үкіметінің  басшылары  С.Миколайчик,  С.Грабский,  Т.Ромер  және 
Поляк  ұлт-азаттық  комитетінің  басшылары  Б.Берут,  Э.Осубка-Моравскийді  «Польша 
мемлекетінде  коалициялық  үкімет  құру  туралы»  мәселені  талқылау  үшін  қабылдаған 
болатын.  Бұл  кездесудегі  басты  маңызды,  яғни,  белгілі  болған  жағдай  Лондондағы 
эмигранттық үкімет басшысы С.Миколайчикке қарағанда Польша Халық кеңесінің тӛрағасы 
Беруттың Мәскеудегі кеңестік басшылар алдында беделі жоғары екені де байқалды. Осындай 
олқылықтарды  пайдалана  отырып  Кеңес  Одағы  екі  үкімет  басшылары,  яғни,  лондондық 
үкімет  пен  ПҰАК  ӛкілдерінің  Польша  Республикасының  1935  жылғы  Конституциясын 
мойындаудан  бас  тартуларына  қол  жеткізді.  Ӛйткені  олардың  пайымдауы  бойынша 
«халықтың  кӛпшілігі  бұл  конституцияны  мойындамайды»,  ал  ПҰАК  ӛкілдерінің 
хабарлауынша  «заңдық  негізде  поляк  мемлекетінің  жаңа  конституциясы  демократиялық 
жолмен  жасалып,  сейм  бойынша  бекітілгенге  дейін  елде  1921  жылғы  конституция 
жүргізіледі»  деп  жариялады.  Сонымен  қатар  ПҰАК-нің  тағы  бір  ұсынысы  «мемлекеттің 
алдындағы  міндеттерді  табысты  түрде  шешу  үшін  елдегі  «демократияға  қарсы»  заңдарды 
жойып отыру керек» деп атап ӛтті. Дегенмен, бастапқы кезде ПҰАК-нің ұсынысы бойынша 
елдегі  коалициялық  үкіметтің  премьері  С.Миколайчик  болып  тағайындалды  деп  атап 
кӛрсетті,  ал  оның  Лондондағы  эмигранттық  үкіметі  кеңестік  саясаттың  ұсынысы  бойынша 
Варшаваға келуге тиіс  болды. Ал осы кездегі  ПҰАК ӛкілдерінің позициясы бойынша жаңа 
үкімет  поляк  күшін  біріктіруді  қарастырады,  олардың  пікірінше  жаңа  үкіметте  тек 
демократиялық партиялар ғана болуы керек.  
1944  жылдың  аяғы  1945  жылдың  қаңтар  айында  Поляк  халық  ұлттық  кеңесінің 
(парламент) заңына сәйкес Польша Республикасында ПҰАК-нің орнына Уақытша үкіметтің 
құрылғандығы  туралы  жариялады.  Елдің  ұлттық  кеңесінің  президенті  болып  1921  жылдың 
17 наурызындағы Польша Республикасының Конституциясының 45 бабына сәйкес Берут, ал 
премьер-министрі  Эдвард  Осубка-Моравский,  Поляк  әскерінің  Басқолбасшысы  генерал-
полковник  Михал  Роял-Жимерский  тағдайындалды.  Осы  кездесуден  кейін  КСРО  үкіметі 
және Польша Республикасының Уақытша үкіметі ӛзара дипломатиялық байланыс орнатуды 
«мақсат етуде» дегенді де кейінге қалдырған жоқ. Нәтижесінде 1945 жылы 5 қаңтарда екі ел 
арасындағы дипломатиялық байланыс туралы құжатқа қол қойылды. Сӛйтіп Поляк Уақытша 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
84 
үкіметін мойындаған Кеңес Одағы Польшаға Виктор Захарович Лебедевті елшілік қызметке 
жіберді.  
Еуропада  соғыс  аяқталғаннан  кейін  және  Польшадағы  Кеңес  Одағының  азаттық 
миссиясы  ӛз  жұмысын  аяқтаған  соң  поляк  сыртқы  саясаты  алдындағы  басты  міндет, 
мемлекетті  қайта  құру,  батыс  шекараны  қайта  бекіту  және  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету, 
халықтық  мемлекетті  халықаралық  деңгейде  мойындату  және  жаңа  қоғам  құрылысы  үшін 
қалыпты  сыртқы  саяси  ұстанымын  қалыптастыру  мәселелері  тұрды.  Соғыстан  кейін  Кеңес 
Одағының  беделі  адам  айтқысыз  деңгейге  ӛсті,  ал  бұл  дегеніміз  енді  Польшада  Уақытша 
халықтық  бірлік  үкіметін  құру  туралы  мәселені  шешуге  қалыпты  жағдайдың  туғанын 
кӛрсетеді.  Ал  батыстық  державалардың  поляк  мәселесін  шешу  үшін  жұмсаған  күштерінен 
еш нәтиже шыға қойған жоқ. Ӛйткені, Кеңес Одағы Поляк Уақытша үкіметімен болған  екі 
жақты  келісімге  табан  тіреп  тұрып  алды.  Нәтижесінде  АҚШ  және  Ұлыбритания 
мемлекеттері біріккен поляк үкіметіне қатысты ӛз талаптарынан бас тартуларына тура келді.  
Қырым  шешімдеріне  сәйкес  үш  ұлы  держава  басшылары  -  КСРО,  АҚШ  және 
Ұлыбритания - Мәскеу конференциясы кезінде де Поляк Уақытша халықтық бірлік үкіметін 
құру туралы мәселені (1945 ж. 17-21 маусым) шешуде Уақытша үкімет ӛкілдері, Польшадағы 
және  эмиграциядағы  «лондондық»  лагерьдің  либералды  және  демократиялық  қанатының 
ӛкілдері қатысып, яғни, Қырым конференциясының шешімдеріне келісетіндерін жариялаған 
болатын.  Поляк  жұмысшы  партиясы  (ПЖП)  және  Елдің  ұлттық  кеңесі  (ЕҰК-уақытша 
парламент) бүкіл жұмысшы табының ағымын, барлық шаруалардың саяси лагерін және бүкіл 
қалалық орташа халықты біріктіру бағдарламасын іске асыру мақсатында Поляк ұлт-азаттық 
комитетінің Шілде Манифестінде (1944 ж. 22 шілде) «лондондық» лагерьдің сол қанатымен 
кездесуге  шықты.  Олардың  басшысы  бұрынғы  эмигранттық  үкіметтің  премьер-министрі 
С.Миколайчик  болатын.  Екі  жақты  келісімнің  жетістігі  қырымдық  конференция  шешімінің 
орындалуын  талап  етті  және  Польшада  саяси  күштерді  қайта  құру  сұрақтары  болатын. 
Мәскеу  келіссӛздерінде  оң  қанаттағы  людовтық  (шаруалар)  қозғалысы  басшылығындағы 
революциялық-демократиялық коалициямен және жасырын Поляк социалистік партиясымен 
(ПСП) байланыс орнату жағы да қаралды [5]. Әрине, бұл кезде Польшада ішкі саяси жағдай 
ӛте  күрделі  болатын.  Мысалы,  1944  жылы  шілде  айында  Люблин  қаласында  құрылған 
коммунистік  ұлт-азаттық  комитеті  мен  С.Миколайчиктің  эмигранттық  үкіметі  арасында 
шиеленіс басталды. Оның аяғы тіпті қарулы Ел армиясы мен Халық Армиясының арасында 
ушығып  Польша  азамат  соғысының  сәл-ақ  алдында  қалды.  Мұнда  да  елдің  ішкі  ӛміріне 
араласып отырған Кеңестік НКВД ұйымы болды. Дегенмен, «лондондық» лагерьдің ӛкілдері 
Уақытша  үкіметтің  талаптарын  қабылдауларына  тура  келді.  Онда:  Шілде  Манифестінің 
бағдарламасын мойындау; елдің сыртқы саясатының негізгі және Польшаның тәуелсіздігінің 
кепілі  ретінде  КСРО-мен  одақтастық  және  достық  қатынас  орнату;  жаңа  құрылатын 
мемлекеттің басқару орындарын атқаруға да ӛз келісімдерін берді. 
Жаңа  үкімет  құрамына  Поляк  жұмысшы  партиясынан  (ПЖП)  алты  ӛкіл  кірді  (нақты 
жетеу,  алайда  ұлттық  қауіпсіздік  министрі  партияда  болмай  шықты),  Поляк  социалистік 
партиясынан (ПСП) алты ӛкіл, Поляк шаруалар партиясынан (ПШП) үш ӛкіл, Людовтықтар 
партиясынан  үш  ӛкіл  және  Демократияны  жақтаушылар  (Стронництво  демократычне) 
партиясынан  екі  ӛкіл  қатысты.  Сонымен  халықтық  бірлік  үкіметінің  басында  Поляк 
социалистік  партиясының  басшыларының  бірі  –  Э.Осубка-Моравский  болып  қала  берді, 
ПЖП-ның Орталық Комитетінің Бас хатшысы В.Гомулка премьердің бірінші орынбасары, ал 
екінші  орынбасар  және  жершаруашылығы  министрі  болып–С.Миколайчик  тағайындалды. 
Ал  С.Миколайчиктің  жақтастары  қоғамдық,  әкімшілік,  почта  және  телеграф,  еңбек  және 
әлеуметтік қамтамасыз ету және ағартушылық салалары бойынша бірнеше министрліктердің 
сӛмкесіне  ие  болды.  Дегенмен,  жаңа  үкіметтегі  негізгі  орындарды  «жұмысшы  табының 
мүддесін  қорғаушы»  партиялардың  ӛкілдері  тізгіні  иемденді.  Сыртқы  саяси  ведомстваның 
басшысы  –  Демократияны  жақтаушылар  (ДЖ)  партиясының  тӛрағасы  В.Жимовский  болып 
тағайындалды.  Ал  оның  орынбасарлары  ПЖП  ОК  Саяси  бюросының  мүшелері  Я.Берман 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
85 
және  З.Модзелевский  болды.  Елдің  ұлттық  кеңесіндегі  (уақытша  парламент)  сыртқы  істер 
комиссиясының  құрамына  жұмысшы  партиясының  ӛкілдері  (В.Гомулка),  сонымен  бірге 
жастар  қозғалысының  сол  қанаты,  людовтықтар,  демократтар,  кәсіподақ  ӛкілдері  т.б.  кірді 
[6]. 
Сӛйтіп, 1945 жылы шілденің 28 күні Варшава қаласында жаңа үкіметтің құрамы туралы 
жарияланды.  Ал  осыдан  кейін  кӛп  кешікпей-ақ  Польша  Республикасының  Министрлер 
Кеңесінің  тӛрағасы  Э.Осубка-Моравский  КСРО  Халық  Комиссарлар  кеңесінің  тӛрағасы 
И.В.Сталинге  жеделхат  жолдады.  Онда:  «...1945  жылы  28  шілде  күні  1921  жылғы  Польша 
Республикасының  Конституциясының  45  бабына  сәйкес  Варшавадағы  Уақытша  үкімет 
ӛкілдері және шетелдердегі поляк демократиялық қайраткерлердің және үш ұлы державаның  
Қырым конференциясындағы «поляк мәселесіне» қатысты шешімдері, Мәскеуде жүргізілген 
келіссӛздерінің  жетістіктері  нәтижесінде  Польшада  халықтық  бірлік  үкіметі  құрылды
Сонымен  бірге  халықтық  бірлік  үкіметі  поляк  мәселесіне  қатысты  Қырым 
конференциясының  барлық  шешімдерін  мойындады»-деп  атап  ӛтілді.  Енді  Қырым 
конференциясының шешімдеріне сәйкес және Кеңестік биліктің жүргізіп отырған саясатына 
байланысты  бұл  халықтық  бірлік  үкіметін  ресми  түрде  Батыс  державалары  мойындаулары 
керек  болатын.  АҚШ  және  Ұлыбритания  үкіметтері  Халықтық  демократиялық  Польшаны 
мойындап  және  Варшаваға  ӛз  елшілерін  жіберді.  Бір  айдан  кейін  бұл  халықтық  бірлік 
үкіметімен Болгария, Қытай,  Канада, Швеция, Финляндия т.б. мемлекеттер дипломатиялық 
қарым-қатынастар  орнатты.  1945  жылдың  соңына  қарай  тек  Ватикан,  Ирландия,  Испания, 
Куба  және  Ливаннан  басқа  кӛптеген  мемлекеттермен  байланыс  жасады.  Кеңес  Одағы, 
Чехословакия  және  Франция  елдері  тіпті  бұрынғы  Поляк  ұлт-азаттық  комитеті  құрылған 
кезден бері поляктармен дипломатиялық қатынаста болатын. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Советский  фактор  в  Восточной  Европе  1944-1953.Т.1.  1944-1948.  Документы.  М.: 
РОССПЭН, 1999. 50 б. 
2.
 
Советский  Союз-Народная  Польша  1944-1974.  Документы  и  материалы.  М.,  1974. 
10-17 б. 
3.
 
Stosunki polsko-radzieckie w latach 1917-1945. Dokumenty i materialy. Warszawa, 1967, 
s. 399-400. 
4.
 
Советский  фактор  в  Восточной  Европе  1944-1953.Т.1.  1944-1948.  Документы.  М.: 
РОССПЭН, 1999. 67-68 б. 
5.
 
Парсаданова В.С. Советско-польские отношения. 1945-1949 гг. М.: Наука, 1990. 16-
17 б.  
6.
 
Гайда Э. Внешняя политика ПНР (1944-1975). М.: Прогресс, 1977.18 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  освобождение  Польши  от  немецких  оккупантов  и 
образование Польской Народной Республики после Второй мировой войны.  
 
S
UMMARY 
 
The  article  deals  with  the  liberation  of  Poland  from  nemetsskih  occupiers  and  education 
Naroddnoy Polish Republic after World War II. 
 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
86 
МЕХМЕТ АКИФ ЕРСОЙДЫҢ КӨЗҚАРАСЫНДА ИДЕАЛ ЖАСТЫҚ 
 
Экрем Аян-
көмекші доцент, доктор. 
Түркия, Мугла қ.,Мугла Сыткы 
Кошман Университеті 
 
«Ең бірінші кезекте йманы хакікі келеді, 
Одан кейін амелі салих
Кейін хак, одан кейін болса себат
Міне құлыным бұл тӛртеуі адамгершілік ұғымының қайнар бұлағы … 
Егер осы тӛрт қасиет сенің бойында табылса, 
Қайғы-қасіреттің қара бұлты саған ешқашан жоламайды». 
 
 
(Ғасыр сүресін ой-елегінен ӛткізгенде) 
 
Аннотация:  мақалада  түрік  ұлтының  ұлы  ақыны  Мехмет  Акифтің  басты  арманы  ӛз 
мемлекетінің болашағы үшін сӛз иесі бола алатын, рухани жағынан анағұрлым мықты ұрпақ 
ӛсіру мәселесі туралы негізгі ойлар тұжырымдалған. 
Түйін сөздер: Мехмет Акиф Ерсой, ұлттық, рухани, халық, қоғам, Отан, әділетсіздік. 
Мәдениет  атаулыдан  алыс  қалған  қауымдардың,  әр  уақытта  тарих  сахнасынан  жоқ 
болып  кету  қаупіне  душар  болатыны  хақ.  Мәдениеттердің  жоқ  болып  кетпей  ӛткеннен 
бүгінге жетуінің басты себепкерлері, ұрпақтар арасында бір кӛпір қызметін атқарып отырған 
аты аңызға айналған тұлғалар аз да болса қоғамымызда кездесіп отырған. Қоғамның, ӛз ішкі 
динамикасынан  алыстау  қаупі  туылған  кезеңдерде  ерекше  тұлғалар,  ортасында  ӛскен 
қоғамда  тек  қана  ұлттық  сана-сезімін  қалыптастырумен  шектеліп  қалмай,  сонымен  қатар 
қауымының  бойында  әрдайым  бар  болып  келген  ӛзіндік  тәжірибе  және  құндылықтармен 
сусындай отырып, халық арасында жаңа ой-пікірлердің, жаңа толғаныстардың қалыптасуына 
себепкер болып отырған. Осылайша, ұлттың келешегіне қатысты қозғалыстың жаңадан бой 
кӛтеруінде манызды рӛлдер атқарған. Шынында да түрік ұлты, бірнеше ғасырлар бойы бар 
болу үдерісінде Білге қағаннан Ататүрікке дейінгі кезеңдерде мақтана алатын кӛптеген нар 
тұлғалар ӛсіріп шығарған екен. Халықтың ортасынан шыққан осындай ұлы тұлғалардың ең 
кӛрнекті үлгісінің бірі және бірегейі ретінде Мехмет Акиф Ерсойды айта аламыз [1]. 
Әр  қауымның  ӛмір  сүріп  отырған  қоғам  ішінде  ӛз  тіршіліктерін  жалғастыра  алуы, 
ӛздеріне тән мәдени түсініктеріне сәйкес келетін тұлғаларды шығара білулеріне байланысты 
деп тұжырым жасай аламыз. Мұндай тұлғалар, жалпы алғанда қауымның бүкіл мұқтаждық 
және  басқада  қажеттіліктерін  ӛтей  алғандығы  үшін  «идеал  адам»  атауын  алады.  Әр 
қауымның және әр дәуірдің қажеттіліктері мен құндылық ой-тұжырымы әр түрлі болғандығы 
үшін  идеал  адамдардыңда  осыған  байланысты  кісілік  келбеті  ӛзгеріп  отырады.  Сӛздің  реті 
келгенде айта кеткен жӛн, біздің қауымымыз тарих беттерінің  «Қауымдар кезеңінде» «білге 
(білікті)»,  алп  (алып)  және  үлгілі  адамдарға  жатқызылған  болса,  «Үмбет  кезеңінде»  уәли 
(қамқоршы, әулие, тақуа адам), қазы (дін жолындағы күрескер, әрдагер) және ахи (жомарт, 
мырза,  қолы  ашық)  адамдар  жӛнінде  сӛз  қозғалады  және  идеал  адам  ретінде  де  осы  үш 
адамның  қасиетін  бойында  жинағандар  кӛрсетіледі.  «Ұлттар  кезеңінің»  идеал  адамы 
бойында  іздестірілген  негізгі  ӛзгешеліктер  «ақылды,  кӛп  нәрсе  білетін,  кенттік  билікке  ие 
(отырықшы),  еркін,  экономикалық,  идеал  құндылықтары  бар,  ӛзіне  деген  сенімі  мол, 
иманды» т.б. болатын [2]. 
Шығармаларын  оқи  отырып,  ой  талқысына  салғанымызда  кӛретініміз:  түрік  ұлтының 
ұлы  ақыны  Мехмет  Акифтің  басты  арманы  ӛз  мемлекеттің  болашағы  барысында  сӛз  иесі 
бола  алатын,  рухани  және  физикалық  жағынан  анағұрлым  мықты  ұрпақ  ӛсіру  болатын. 
Мехмет Акиф, ӛзінің армандаған жас буынды «Асымның замандастары» ретінде бейнелейді. 
Асым,  Мехмет  Акифтің  бет-әлпетін  ӛзінше  толық  бейнелеген  арман-қиялындағы  бір  жас 
ӛркеннің прототипі болатын. Асым, отанын, ұлтын ӛз халқының құндылықтары мен тарихын 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
87 
жан-тәнімен сүйетін  бір жас. Әділетсіздікке еш тӛзімі жоқ. Әділетсіздікке қарсы үнсіз қала 
алмайтын,  шындықты  ашып  бетке  айта  алатын  шыншыл  және  тіпті  қателіктерді  сәті 
келгенде ӛз қолымен түзетуге күш жұмсауға тырысатын бір жас буын. Ол ӛзінің ӛте қуатты 
және қайратты күшін қара басының қамы үшін емес, туған жері, туған халқы, ӛз халқының 
пайдасы және келешегі үшін жұмсайды. Бұл жеткіншек біраз қызба, жанжалқой қасиеттерге 
де  ие.  Бірақ,  оның  жанжалы,  күресі  ел  қамы  үшін.  Асым,  діндар,  отансүйгіш,  қаһарман, 
шыншыл, еңбекқор, кӛзі ашық, әдепті бір жас жеткіншектің символы іспеттес [3]. 
Мехмет  Акифте  идеал  жас,  тарихына  не  ата-бабасына  адал  және  қадірлі  перзент. 
Құқықсыздыққа тӛзбейді, үнемі ақтың және хақтың қасында болған бір жас. 
«Зұлымдыққа қолдау кӛрсете алмаймын, залымды да ешқашан сүйе алмаймын; 
Жаныма келген әлдекімнің кӛңілі үшін ӛткен күндерге тіл тигізе алмаймын. 
Егер біреу ата-бабама қарсы әрекет жасады ма, оны тіпті тұншықтырамын… 
-Мені тұншықтыра алмассың! 
-Еш болмаса жанымнан қуамын. 
Үш жарым тексіздің арқасында итке ұқсап үре алмаймын; 
Басқа-басқа хақ аты тұрғанда, әділетсіздікке ӛлсемде табына алмаймын» [4]. 
Мінсіз, текті  жас буынның кӛзінде отан, әлемдегі  ешбір  нәрсемен ауыстырылмайтын; 
ешбір байлық, бағамен ӛлшенбейтін ұжмақ іспеттес. Ақынның пікірінше, отанды осыншама 
қасиетті, мәртебелі қылған оның қойнында жатқан ғазиз шейіттердің қаны екен. Отан үшін 
шыбын жанын пида еткендер екен. Ақын, әрбір шәйіт болған жандардың ұлдарына, отанына, 
ата-бабасының  мұрасына  иелік  етіп,  оларды  кӛз  қарашығындай  сақтауы  жӛнінде  үндеу 
тастайды.  Әрбір  текті  жас  буынның  ӛз  ұлтының  ұлттық  және  рухани  құндылықтарын  кӛз 
қарашығындай  сақтайтын  бір  жас  болуы  керек  екендігін  Түркия  Республикасының  ұлттық 
әнұранында мына сӛздермен жеткізеді: 
«Сен шәйіт ұлысың, күнә ғой ренжітпе атаңды. 
 Бүкіл әлемді алсаң да ешкімге берме бұл жәннат Отанды»! 
(Түркия Республикасының ұлттық әнұраны) 
Ақын, түрік ұлтына тән ең басты ерекшеліктердің бірі: еркіндік құштарлығы жӛнінде ұлттық 
әнұранның мына шумағында текті жас буынның тәуелсіздік құштары болуы керек екендігін 
әдемі сӛздермен жеткізе білген: 
«Мен ежелден бері еркін ӛмір сүрдім, еркін ӛмір сүремін. 
Қандай ақылынан адасқан маған кісен салады екен? Таңырқап қараймын!» 
Мен гүрілдеген сел сияқтымын, қарсыма шыққан тосқауылдарды бұзып асамын; 
Бұзамын тауларды да, обаларға сыймай тасамын. 
 
(Ұлттық әнұраннан) 
Туғанымнан бері ғашықпын еркіндікке, 
Маған еш қашан қарғыбау болған емес алтын бәйшешек [5].   
 
Бір  зиялының,  бір  ақынның  надандыққа  қарсы  бас  кӛтеруі  шүбәсыз  табиғи  жағдай 
болып саналады. Мехмет Акифтің пікірінше, адамзат баласының ата жауы надандық болып 
табылады.  Сол  себепті  надандық  жойылмай  жағамызды  жауларымыздың  қатыгез  қолынан 
арашалап  қалудың  еш  мүмкіндігі  бола  қоймас.  Қараңғылықтың,  білімсіздіктің  адамзат 
баласын  қандай  қиын  жағдайларға  душар  еткізетініне  біздің  кӛзімізді  жеткізу  үшін  бір 
кездерде  Ибн  Сина  және  Ұлықбек  сынды  ұлы  ғұламаларды  тәрбиелеп  ӛсірген  Бұхараның 
қиын-қыстау  кезеңдегі  ауыр  жағдайы  жӛнінде  ой  толғап  ӛз  оқырманы  болған  біздерге 
баяндайды.  Осы  білім  ордасының,  білім  әлеміне  бұдан  кейін  талантты  шәкірт  бере 
алмайтындығына  күйінеді.  Бұл  жердегі  Мехмет  Акифтің  басты  мақсаты  жалпы  алғанда 
Шығыс  әлемінің  ішінде  болып  жатқан  білімсіздік  пен  оқып-тоқудың  жоқтығын  қоғам 
назарына ұсыну және мұндай қасіреттен құтылу жолдарын іздестіру болатын. Әлемнің түрлі 
елдеріне  жасаған  сапарлары  нәтижесінде  Батыс  әлемінің  ғылым,  пікір  және  ӛнер 
саласындағы  жетістіктерінен  қатты  әсер  алған  Мехмет  Акиф,  Шығыс  халықтарының  да 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
88 
осындай дәрежеге жетуін армандауда және қараңғылық тақырыбындағы ең қатал, ең қатты 
сыни талқылауларын Шығыс халықтары жӛнінде жазған [6]. 
 
Ей, Бұхара, ей ұлы ӛлкем; 
 
Қорлықтың қойнында талықсып ұйқыға кетіпсің! 
 
Жүздеген Ибн Синалар туылған ӛлкем, 
 
Ал, қазірде бірде-бір талапты жас тәрбиелеп бере алмайсың білім әлеміне, 
 
Бұл не деген ӛкініш, бұл не деген қасірет! 
 
Тіпті ұлы білім ордасы, обсерваторияның отаны Самарқанның да; 
 
Ӛткен күндердің алдамшы қараңғылық қойнына батқаны соншалық; 
 
Ай тұтылғанға: «Ей адамзат оян кәне! Қуайық, шайтанды бірге» - дейді, 
 
Дабыл қағуда мыңдаған қыз, әйел, еркек! [7] 
Мехмет  Акиф,  Шығыс-Батыс  айырымының  қандай  себептер  жүзінен  ортаға  шыққаны 
жӛнінде  сӛз  қозғай  келіп,  мұның  ең  басты  себебінің  білім  екеніне  тоқталады.  Ӛзінің  түрлі 
елдерге  жасаған  саяхаттары  нәтижесінде  ӛз  кӛзімен  кӛру  мүмкіндігіне  ие  болған  Шығыс 
және Батыс халықтарын тӛмендегідей сипаттауға тырысады: «Сен Шығысқа кӛп бардың ғой. 
Ол жақтарда не кӛрдің?» - дейді маған кейбір жандар. 
Кӛргенім менің жер, жер, 
Қираған аймақтар, бос қалған үй, басы жоқ үмбеттер; 
Жығылған кӛпірлер, суалған каналдар, жолаушысы жоқ жолдар; 
Әжім басқан жүздер, терлемеген маңдай, іс кӛрмеген қолдар; 
Бүгілген белдер, жіңішкерген мойын, туламайтын жас қандар
Ойланбайтын бас; дір етпейтін жүрек; тот басқан ождандар [8]. 
Мехмет Акифтің пікірі бойынша, Шығыс әлемінің мұншалықты аянышты күйге душар 
болуының  басты  себебі:  мұсылман  қауымдардың  надандық  тұзағына  түсуі,  оқу-ағартудан 
алыс  қалуы  және  ӛз  ұлттық  құндылықтарын  жоғалтулары  болып  табылады.  Бұл  себепке 
байланысты Мехмет Акиф жас буынды, Батыстан білім және ғылым үйрену үшін талпынуға, 
олар секілді еңбек етіп, ӛз ісінің маманы болып жетілген уақытта ӛз отанына оралып, оқып-
үйренгендерін  елінің  болашағы  үшін  жұмсауға  үгіттейді.  Оларды,  туған  халқын 
қараңғылықтан құтқарып, жарқын болашаққа қарай жетелеуге шақырады. 
Қарапайым Батыстың ғылымына бұрыңдар жүздеріңді. 
Ондағы жас буындармен бір қатарда күндіз-түні еңбек етіңдер; 
Босқа кеткен үш жүз жылдық уақыттың орнын оқу-біліммен толықтырыңдар. 
«Қайдасың, сен ей, әсем Берлин?» - деп жолға түсіңдер. 
Алты ай, бір жылдық еңбек сендер үшін кӛңіл кӛтеру болсын… 
Сендер қаншама жыл не азап кӛрмедіңдер,! 
Бірақта жасымадыңдар,  күлімсіредіңдер 
Қане,  бір ӛмірге бедел еді ғой, ӛткен әр күндерің? 
Бір күн бұрын кетіңдер ол жаққа, бір сағат бұрын қайтыңдар. 
Шығыстың құшағы болашақ таңы атқанда сендерге әрдайым ашық болады  
 
Сол уақытта мақсаттарыңа жетудің мүмкіндігі туады [9]. 
Мехмет Акиф, жас буынды Батыстың ғылымын, ӛнерін үйрену үшін ол жақтарға сапар 
шегуге  үгіттеген  сәтте,  батыстан  ӛз  болмысын  және  ӛз  ұлтына  тән  құндылықтарын  да 
жоғалтпай қайтуларына да баса назар аударуда. 
 
«Қарт атаңды тыңдайсың ба, ұлым Наурыз? 
 
Ер жігітке ең керегі: асырып сӛйлемеу, кӛпіріп те кетпеу. 
 
Бос сӛзі кӛп, қарны үлкен адамдардан үлгі алма, аулақ тұр
 
Сӛзі де, ӛзі де қуатты адам бол, тегіңе тарт [10]. 
Бір  ұлттың  мәңгілік  тәуелсіз,  еркін  ӛмір  сүруі  үшін  ол  ұлттың  едәуір  материалдық 
күшке (құндылықтарға) ие болуы қажет.  Ең  аяныштысы біздің халқымыз Батыстың ғылым 
және ӛнерінен кӛп артта қалуымен қатар олардан ада қалғаны рас. Бұл себепті ұлтымыздың 
стратегиялық  даму  сатысы  жағынан  әлем  аренасында  біршама  артта  қалып  қойғандығы 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
89 
кӛпшілік қауымға белгілі жәйт. Мехмет Акифтің қиялынан туған жас буынның, ең бастысы 
батыстан  ғылым  үйренуі  және  оны  ӛзіне  тән  сұлу  мінез-құлықтарымен  қабыстырып 
ұлтымыздың  дамуына  сүбелі  үлес  қосып,  ұлтымызды  алға  жетелеуі  керек.  Міне,  сӛйтіп 
жалпы  айтқанда  Акифтің  қалауындағы  жас  буынның:  ғылым,  ұлттық  тәрбие  мен 
адамгершілік қамырында иленген жастар болуы тиіс. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет