Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


Қазақ хандығының Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Жәңгір хан билігі кезіндегі ішкі және сыртқы саясатына сипаттама беріңіз



бет11/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Қазақ хандығының Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Жәңгір хан билігі кезіндегі ішкі және сыртқы саясатына сипаттама беріңіз.

Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты.
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғыша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырды, хандық сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі бір табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және Орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнады.
Қасым ханның ішкі саясаты: Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шара жүзеге асырды. Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы болған мәслихаттың – сұлтандар мен ру басшыларының съезі болды.

Хақназар хан сыртқы саясатта Моғол хандығымен, Ноғай Ордасымен, Орыс мемлекетімен бейбіт қарым-қатынас жасауды өзінің басты міндеті санады. Моғол хандығымен Жетісу-Ыстықкөл аумағындағы жерлер үшін күрес 16 ғасырдың 50-60 жылдары болды. 16 ғасырдың 60-70 жылдарында Хақназар хан моғол ханына қарсы сәтсіздіктеріне салдарынан Жетісудың біршама жерлерінен уысынан шығарып алды. 16 ғасырдың орта шенінде Сібір хандығымен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылық жорықтары жиілеп кетті. Бұл тарихи жағдаиды түсіне білген Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Шайбани әуелетімен қарымқатынас жасауға ұмтылды. Ташкентті басып алу соғыс қимылдарын тоқтатып Бұхар ханы 2 Абдаллахпен дос болуға шарт жасасты. Қазақтар мен өзбектер арасында шаруашылық байланыс одан әрі дами түсті. Бұл саясат Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясатын жақсартуға, шаруашылықтың орналуына, өсуіне тиімді әсер етті.



Тәуекел хан 1583 ж. өзбектермен «анттасқан шартты» бұзып, Бұхараға қарсы Ресеймен саяси одақ құруға қадам жасады. 1594-95 ж. Құлмұхаммед және Вельямин Степанов басқарған елшіліктер алмасылды. Ресейдің Аболла ІІ мен Көшімге қарсы соғыста Тәуекелге көмек көрсетуі, сауда қатынасын ұлғайту, қазақ ханының Ресей азаматтығын қабылдауы жайлы келіссөздер жүргізілді. Тәуекел хан Ресейдің қолдауымен Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзаққа созылған күресті сәтті аяқтады. Тәуекелдің мирасқоры Есім ханның (1598-1628 ж. билік жүргізген) 1598 ж. Бұхарамен жасасқан бітім шарты бойынша Түркістан мен Ташкент қазақ хандығына берілді.
Қазақ хандығының 17 ғасырдағы сыртқы саясаты үш бағытта жүргізілді; аштархан әулетінің қазақ билеушілерін Ташкент пен Түркістаннан ығыстыруға тырысқан әрекетіне қарсы күрес; орыс мемлекетімен қарым-қатынасты бұрыңғыдан да нығайта түсу; Жоңғар хандығының шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күрес.
Ал 80 жылдары Жоңғар хандарының Оңтүстік Қазақстандағы қысымы күшейді. Бұл кезеңде қазақтар мен орыстардың саяси және экономикалық байланысы жаңа сатыға көтеріле бастады. 1686-98 ж. Тәуке хан (1680-1718 ж. билік жүргізген) Сібір арқылы Ресейге бес елшілік жіберді. Жоңғарлардың шабуыл жасау қауіпі күшейе түсуіне байланысты Қазақстанның Ресей қарамағына өтуі бірінші кезекті мәселеге айналды.

Есім хан Саясатының ерекшелігі:
Барлық қалаларымен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды
Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200 жылдай қазақтардың иелігінде болды
Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.
„Есім ханның ескі жолы“ атты әдет-ғұрып ережелері жинағын шығарды. Заңда:
Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті
Әскер тәртібін бұзушыларға жазаны ауырлатты
Ескі құқықтық заңдар мен ғұрыптарды сақтады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет