Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз.
Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.). Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды. Қазақстандағы ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдар табы мен шаруалар табы қалыптасады.Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 2,6 млн - б.з.б. 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дəуірі ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтартарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзатқоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.
Кезеңдері:Палеолит 1) Ерте палеолит (төменгі) - б.з.б. 2,6 млн-б.з.б. 40 мыңжылдықтар.
а) Олдувэй - б.з.б. 2,6-800 мыңжылдықтар.
ә) Ашель - б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар.
б) Мустье - б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар.
2) Кейінгі палеолит (жоғарғы) - б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар.
МезолитМезолит (ортатас дәуірі немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар.
Неолит Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.
Энеолит(лат.aeneus – мыс және гр.lіtos – тас) – неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды.