300
Тұтынушылардың қолдану əдісіне қарай: нан даналап жəне
таразыға тартылатын деп бөледі.
Нан шығаратын кəсіпорындарда өндірілетін нан өнімдерінің
бағытталған тізімі шартты түрде:
• Қара бидай жəне қара бидай мен бидай қоспасы ұнынан
дайындалған нан;
• Бидай ұнынан дайындалған нан;
• Бөлішке өнімдері;
• Сдобалы өнімдер (рецептурасына 14% қант пен май қосылатын);
• Ылғалдылығы төмендетілген нан өнімдері (кептірілген нандар,
кептіріліп қуырылған нандар, нан таяқшалары);
• Диеталық жəне профилактикалық нан өнімдері;
• Нан өнімдерінің ұлттық түрлері;
• Ұзақ сақтауға арналған нан өнімдері (сақтау мерзімі бір айдан
артық);
• Квас, құймақтарға арналған ұн, нан өнімдеріне арналған ұнтақ
тəріздес жартылай фабрикаттар;
• Кептірілген нандар;
• Ашытқы қосылған немесе қосылмаған, тоңазытылған жəне
тоңазытылмаған қаттама өнімдері сияқты топтарға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: