344
машинада қалыптанатын болса, оның ылғалдылығы 4%-ға дейін бо-
лады.
Карамель шырыны орам түтік ауасыз кеңістік аппаратында тез
(1,5-2,0 мин) суалып, карамель массасына айналады. Сондықтан қант
көп өзгеріп, инверттеніп үлгермейді, жаңа пайда болатын инверттің
мөлшері 1,5-3,5%-дан аспайды, түсті заттардың пайда болуы 30% ша-
масында болады.
Толассыз жұмыс істейтін ауасыз кеңістікті аппаратта, суалу, оны
түсіру автоматты тəсілде жүреді. Оны əр 1,5-2,5 минутта түсіріп
тұру керек.
Карамель массасын суалту оның температурасына байланы-
сты. Температура өзгере қалса, будың қысымы өзгеріп, суалудың
қарқыны да өзгеріп кетеді.
Ауасыз кеңістікті аппараттан шыққан дайын карамель массасының
қажет температурасы 105-135
0
С, түсі мөлдір, жабысқақ қою зат. Ол
мына талаптарға сай болу керек:
• мөлдір (бұл кристалдың байланбағандығының белгісі);
• əдеттегі рецептура бойынша түсі ақшыл сары, егер инвертті
шырын қолданылса аздап қоңырқай тартады;
• ылғалдылығы 1-3% -ға дейін, егер ирис қалыптайтын машинада
карамельді шығаратын болса 4%-ға дейін;
• инвертті қант 20%-ға дейін, егер қышқыл қосылса 23%-дан
аспау керек;
• бөлшектегенде, созғанда берілген пішінді ұстап тұра алатын
болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: