Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет209/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Помадалы салмасы жұмсақ кристалды, қант пен сірнеден, аздап 
жеміс- жидек, дəмді жəне хош иісті заттардан тұратын зат.
Қант-сірне шырынды қайнатып, суытып, шайқап бұлғап ара-
ластырып жасайды. Ол 100 бөлігі қанттан, 15-30 бөлігі сірнеден 
тұрады. Ылғалдылығы 10-14% болу керек.
Ликер салмасы сұйық. Оны қант пен сірнені 1:2 бөлікте қосып 
жасайды. Оны ауасыз кеңістікті вакуумды аппаратта қайнатып су-
алтады, ылғалдылығы 13-15% болу керек. Оған карамельге салудың 
алдында қышқыл, спирт немесе шарап қосады.
Сүт салмасы, ликерлі, помадалы салмалар сияқты, шырын-
ды қайнатқанда сүт қосып қайнатып суалтады. Ол үшін жаңа сауып 
алынған, қойылтылған, кептірілген, қаймағы алынған немесе алынбаған 
сүт жəне сары май қосып жасайды. Ылғалдылығы 13-18%.
Егер қойылтылған сүт қолданылатын болса, онда алдымен қант-


346
сірне шырынын, ылғалдығын 12%-ға дейін суалтып, содан соң 
ғана қосады. Құрғақ сүтті қолданылатын болса, оны алдын ала 
суға ылғалдылығы 38-40%-ға дейін ерітіп, содан соң, жаңа сауып 
алынған сүт сияқты, қант-сірне шырынға қосып қайнатып суытады. 
Олар қайнап жеткен кезде, дəмдік жəне хош иісті заттарды қосады.
Бал салмасын ашық қазанда қант-шырынды қайнатып су-
алтып алып, бал қосады. Оның мөлшері 30%. Дайын салманың 
ылғалдылығы 14-18% болу керек.
Марципан салмасын, жаңғақ, жер жаңғақ, өрік дəнін араласты-
рып езіп, оған қант ұнтағын немесе қант-сірне шырынын қосып 
дайындайды. Онда майдың мөлшері 7%-дан кем емес, ылғалдығы 
10-14% болу керек.
Жаңғақ жəне жаңғақты-шоколад салмасы. Қуырылған 
жаңғақты езіп, оған қант ұнтағын қосып жасайды. Кейде оған 10% 
-дан кем емес какао ұнтағын жəне май (какао-майын, сары-май,т.б.) 
қосады. Дайын салманың ылғалдығы 3-4%, майдың мөлшері 20-
40% болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет