Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет24/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

1.15-суретҰнтақ жарма алудың технологиялық сызбасы


45
дан, қатты бидайдан алынатын ұнтақ жарманың күлділігі 0,85%-дан 
аспауы керек.
Қырғыма жүйесін құру жəне жүргізу
Қырғыма жүйесіне түсетін жармалардың бетінде эндосперммен 
тығыз байланысқан қабыршықтар болады. Олардан арылту үшін 
жармаларды қырғылау жүйесінің білік станогына түсіреді. 
Онда жарманың бетін біліктер тісімен қырып, қабыршақтарынан 
арылтады. Содан кейін қайтадан желді-елекке жіберіп, қабыр-
шақтарынан желдің көмегімен тазалайды, таза жармалар ұнтақтау 
жүйесіне түседі. Бұл алынатын ұнның сапасын жақсартып, сапалы 
ұнның шығымын көбейтуге мүмкіндік тудырады. Қырғылау жүйесі 
4-5 жүйеден тұрады. Олардың біреуі сырғыма заттарды тазалауға 
арналған. Оған басқа ажарлағыштардан алынатын сырғымалар жəне 
1.16-сурет. Жармаларды қырғылау жүйесі, соңынан олардың сапасына бай-
ланысты желді елекпен бөлудің технологиялық сызбасы


46
желді електен алынатын сырғымалар түседі. (1.16-сурет). Көрсетілген 
сызба бойынша 4 қырғылау жүйесіне СВ №1-СВ №13 сырғымалары 
жəне екініші жəне үшінші қырғылау жүйелерінің жоғары елегінен 
сырғымалар түседі. Қырғылау жүйесі желді елек жүйесімен тығыз 
байланысты. Өйткені екеуінің де міндеті – жарманың күлділігін 
азайтып, сапасын жақсарту. Қырғылау жүйесінде жоғары ұнтақтау 
ретін қояды. Өйткені одан аз ұн алуға тырысады. Ұнның шығымы 
əр жүйеде 10-15%, жарма мен жармашықтардың мөлшері 70-80% 
аспауы керек.
Кырғылау жүйелеріне жармалау жүйесінен алынған жəне 
желді елек жүйесінде тазаланған жармалар түседі. Қабығынан 
арылған жармалар желді елекке қайтадан тазалауға жіберіледі, 
күлділігі төмен жармашықтар жоғары сұрыпты ұнға ұнтақтау үшін 
бірінші жəне екінші ұнтақтау жүйелеріне түседі. 4 қырғылау 
жүйесіне екін ші сұрыпты заттар түседі. Сондықтан одан алынатын 
жармашықтарды 1 сұрып ұн алу үшін 4 ұнтақтау жүйесіне жібереді.
Барлық жүйелерден ұн алу үшін №46к-49к капрон електерін 
қолданады. Бірінші жəне екінші қырғылау жүйелерінде ЗРШ-М 
елеуішінің №1 сызбасын, ал үшінші жəне төртінші қырғылау 
жүйелерінде №2 сызбасын қолданған жөн. Жоғары сырғымаларда 
дəннің қабыршақтары көп болғандықтан, оны жармалау жүйесіне 
қайтарады. Қырғылау жүйесінде тісті біліктерді қолданады. 
Тістерінің 1 см-дегі кесілу тығыздығы: 1 қырғылау жүйесінде – 
9, 2-4 қырғылау жүйелерінде – 10. Тістерінің орналасуы – доғалы 
доғалына қарсы; жылдамдығы 6 м/сек; тістерінің ылдилығы 8%; 
өткірлік бұрышы 35°-65°болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет