47
заттарды кайта елеу жүйесіне жібереді. 7-9-ұнтақтау жүйелерінен
жармашықтар алынбайды. Ұнның көбін ұнтақтау жүйесінен алады.
Қазіргі диірмендерде ұнның 75%-дық жалпы шығымының 60%-
ға дейінгісін осы ұнтақтау жүйелерінен алады, тек 15 %-ын жарма-
лау жəне қырғылау жүйелерінен алады.
Ұнтақтау жүйесін толығымен күлділігі төмен жармамен жəне
жармашықтармен камтамасыз ету үшін алдыңғы жүйелерді құрып,
оларды сапалы жүргізудің үлкен мəнісі бар.
Олардың ең бастысы
– бірінші үш ұнтақтау жүйесін толығымен қамту. Бұл жүйелерге
тазаланған жармалардың 50%-дан көбі түсуі қажет. 1.15-кестеде
ұнтақтау жүйесінің технологиялық сипаттамалары көрсетілген.
Дайындалған жармаларды жақсылап,
жұмсақ қылып ұнтақтау
үшін біліктің тістерін жиі қылып кеседі (1 сантиметрде 12) сүйір
бұрышын 35°/65° қылып жəне тістерін Ө/Ө қарсы қою эндоспермнің
жақсы ұнтақталуына, күлділігі төмен ұн алуға мүмкіндік береді.
Тістерінің ылдилығы 8% болуы керек.
Қазір диірмендерде бірінші
үш-төрт ұнтақтау жүйелерінен алынатын ұнның күлділігі 0,5%-
дан аспайды. Бұл жүйелерде біліктердің айналу жылдамдықтары
арақатынасы 1,5-тен 2,5-ке дейін ұлғайту ұнның шығымын 30-35%-
дан 60%-ға дейін көбейтуге мүмкіндік береді.
1.15-кесте
Көрсеткіштер
Жүйелер
1ұ.ж. 2ұ.ж. 3ұ.ж. 4ұ.ж. Сж 5ұ.ж. 6ұ.ж. 7ұ.ж. 8ұ.ж. 9ұ.ж.
V
у
/V
а
2,5
2,5
2,5
1,5
1,5
1,5
1,5
1,5
1,5
1,5
V
ж
, м/с
6
6
6
4,5
5
5
5
5
5
5
1.17-сурет. Көп сұрыпты ұн алу тəсілінің ұнтақтау жүйесі