58
Астық партиясының ішінде бөлінуі қиын өсімдік қоспалары бар.
Олардың ішінде қарамықша жəне қарасұлы қоспалары көп кездеседі.
Оларды бөлу үшін триерлер қолданылады. Соның ішінде цилиндрлі
триердің негізгі сызбасы 1.22-суретте көрсетілген.
Астық қоспасының ішінде минералды заттарды оның тығыздығына
байланысты бөледі. Тиімділігі жоғарғы тас бөлу машиналарының
технологиялық сызбасы төмендегі суретте берілген.
Дайындау бөлімінде су жылумен астық партиясын өңдеу ең ба-
сты технологиялық үдерістің операцияларына жатады. Бұл астықты
сумен жууды жəне оны ылғалдауды
мына маркалы су жуғыш ма-
шиналарымен орындайды. Олардың технологиялық сызбасы келесі
суреттерде берілген.
1.21-сурет.
АІ-БЗК-9 концентратының техноло-
гиялық сызбасы: 1 – қабылдау патрубогы; 2 – елек
корпусы; 3 – астық қабаты; 4 – аспирациялық ка-
мера; 5 – елек диаметрі 9 мм саңылауларымен; 6
– жеке секцияға кететін
ауа шығымын реттейтін
клапан; 7 – ауыр жəне жеңіл фракциялардың
қатынасын реттейтін клапан; 8 – елек диаметрі 2
мм саңылауларымен; 9 – тербеткіш; І – бастапқы
дəн; ІІ – үстіңгі шығатын фракция (қалдықтар);
ІІІ –
өтетін фракция; ІV – ауыр астық фракциясы;
V – жеңіл астық фракциясы; VІ – ауа.
1.22-сурет. Цилиндрлік
триердің негізгі белгіленген
сызбасы: 1 – цилиндр ұясы; 2
–
сырғағыш тақтай; 3 – қысқа
фракцияларды шығаратын
шнек; І – ұзын фракциялар; ІІ
– қысқа фракциялар.
59
1.13.2. Ұн тарту технологиясы
Ұнтақтау бөлімінің ұн тарту технологиялық сызбаларын
қарастырамыз.
Технологиялық сызба жармалау, байыту, қырғылау,
ұнтақтау үдерістерінен жəне сұрыпты ұнды құраудан жəне тексеру-
ден тұрады.
Ұн тартуға дайындалған астық автоматты таразыда өлшеніп, І
жармалау жүйесінің білікті станогіне ұнтақтауға түседі. Ұн тар-
туда астық шығымын есептеу үшін электронды аппарат пайда-
ланады. Қажетті өлшеу жиілігін 1,0-ге дейін дəлдікпен орын-
дау жоғары технологиялық тəртіппен астықты дайындау жəне
ұнтақтау үдерістерінің жабдықтарының сенімді жұмыстарының
үйлесушілігін тұрақты жүктемелер арқылы қамтамасыз етеді.
Комплекті жоғары өнімді жабдықтарды
пайдаланып жаңа техно-
логия бойынша жобаланған зауыттар айтарлықтай көп.
Шынылығы жоғары бидайдан ұн тартудың технологиялық сызба-
сы төрт жармалау, екі қырғылау, он бір ұнтақтау жүйелерінен жəне
ұнды құрастырып тексеруден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: