Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Ұн зауытының дайындау бөлімінің технологиясы



Pdf көрінісі
бет28/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

 
1.13.1. Ұн зауытының дайындау бөлімінің технологиясы
Комплекті жоғары өнімді жабдықтарды пайдаланып жаңа техно-
логия бойынша қуаты тəулігіне 500 тонналық ұн зауыттарының дай-
ындау бөлімінде, тəуелсіз жұмыс істейтін, тəулігіне 250 тонналық 


52
екі секция болады. Əр секцияда біркелкі жабдықтар қойылған, 
олардың жұмысын өңделетін астықтың технологиялық қасиеттерін 
дифференциалды ескеруді қамтамасыз ету үшін дайындау бөлімінде 
астық массасын салқын шартқа сəйкестендіру кезеңдерін ескеріп 
төрт жеке технологиялық желілерде дайындайды. Содан соң 
ағымдар қосарланып (əр ағымның қуаты тəулігіне 250 т), астықтан 
ұн тартуға арналған ұнтақтау бөлімінің тиісті секциясына түседі. 
Ылғалы жəне шынылығы бойынша гидротермиялық өңдеудің (ГТӨ) 
қажетті режимдерін (ылғалдау мөлшері жəне оның еселігі, бөктіру 
ұзақтығы) таңдайды.
Астықты комплекті жоғары өнімді жабдықтармен жабдықталған 
қуаты 250-300 т/тəу ұн зауытының дайындау бөлімінің 
технологиялық сызбасы 1.18-суретте көрсетілген. Технологиялық 
сызба бойынша, астықты-бидайды сұрыпты ұн тартуға дайындау 
үш кезеңдерден тұрады: бірінші – қоспалардан тазарту; екінші – 
гидротермиялық өңдеу; үшінші – тарту қоспасын құрап дəннің бетін 
өңдеу жəне ақырғы рет тазалау. Бірінші кезеңде – астықты өлшейді, 
қыс кездерінде жылытады, қоспалардан тазарту үшін сепаратор-
лар, триерлер, тас бөлгіштер жəне т.б. машиналардан өткізеді. Осы 
жабдықтардан өткенде астық массасынан бөліп алынатын қоспалар 
мөлшері, % (кем емес):
Шөп-шалаң, барлығы – – – – – – – – – – – – – – – – – ..85
Оның құрамында:
Жеңілдері – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – 90
Ұзындары – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – 70
Қысқасы – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – ..80
Майдасы – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – ..70
Минералды заттар – – – – – – – – – – – – – – – – – – – ..95
Астық тектес қоспалар, барлығы – – – – – – – – – – – ..30
Екінші кезеңде – тазаланған бидайды ылғалдайды. Егер 
тартуға арналған бидайдың шынылығы 55%-дан жоғары болса, 
құрастырылған жуғыш 9-БМА машинасын, ал шынылығы төмен 
болса ылғалдап қауыздағыш АІ-БШМ- қолданылады. Жуғыш не-
месе ылғалдап қауыздағыш машиналарынан кейін дəнді қосымша 
ылғалдау үшін ұзындығы 12-15 м араластырғыш шнегі бар суды 
бүркіп ылғалдағыш АІ-БУЗ аппаратын қолданады. Ылғалданған 
астықты 30-36 сағат бойы бөктіру үшін жеке қораптарға 
сақтайды. Ылғалданған астық қораптарға үздіксіз түсіп, үздіксіз 
шығарылады.


53
Бірінші бөктіруден кейін астықты екінші рет шартқа сəйкес тен-
діру амалы қолданылады. Астықтың бастапқы жəне ылғалдаудан 
кейінгі көрсеткіштеріне байланысты салқын шартқа сəйкестендіру 
режимдері əртүрлі болады. Салқын шартқа сəйкестендіру 
параметрлері 1.20-кестеде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет