«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет25/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78
Байланысты:
«?àçà?ñòàííû? æà?à æ?íå ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõû»

Бекіту сұрақтары:
1.Әбілқайырханның саяси мемлекеттік қызметі ?
2.Қазақ-Ойрат өзара қатынасының саяси сипаты туралы не білесіз?
3.Қазақ-Башқұрт қатынасы жөніндегі патша үкіметінің ұстанымы қандай болды?


Дәріс №5 ХҮІІІ-ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ қоғамы.
Негізгі ұғымдар: Ақсүйек, қара сүйек, мәслихат, керуен, хан, базарлары, қысау, жайлау, отырықшы, шекаралық сауда, шекаралық барымта, Шоқынғандар. Құң қырғыз-қайсақ.
Жоспар:
1. Қазақтардың шаруашылығы.
2. Қазақ даласындағы сыртқы сауда.
3. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Мақсаты: Ресейге қосылуына байланыста шекара саудасының пайда болуын көрсету, шекаралық барымтаның озбырлығын ашу, Орыс-Қазақ, Орыс-хиуалықтар саудасының пайда болуын алғы шарттарын көрсету.
1. Қазақтардың шаруашылығы. Қазақ жерлерін тартып алу тәсіліне қарай бөлгендегі жағдай мынадай болып шығады: казактардың әскери отарлауымен әр кезендегі әр түрлі себептермен 40,6 млн десятинаның 44,55 проценті, қоныстандыру отаршылдығымен 39,95 проценті темір жолдар мен қалалар орнына — 1 процент, ормандық саяжайлар мен айрықша мақсаттағы учаскелер үшін 14,5 проценті алынған екен.
Осылайша, егіншілікке қолайлы және ең жақсы жерлер зандық негізде қазақтардың иелігінен алынады, оның үстіне казақтын мекен- жайы қоныстандырылатын жер үлесіне түссе, байырғы халық жаңа жерге ығыстырылады, ал қазына мұндайда бұзылатын қазақтар құрылыстарына ғана төленеді. Қазақтарға ақша төлемеу үшін қоныстандыру басқармасындағы шенділер қазақтар мекен-жайын бірнеше сажын айналып өтіп, меже бағынасын олардың жер үйлерінің бір бұрышына, қазақтар су ішетін құдықтар теңірегіне және т.б. орнатады. Ал мұндай сыннан өткен әдіс қазақты тіптен құрылыс-тұрағы үшін де ақша алмай кетіп қалуға мәжбүр етеді.
Қазақ даласы қаншама кең бола тұрса да, оның ең тамаша жерлерінде қазақтардың қыстаулары — поселкелер, егістіктер мен шабындықтар орналасқан еді. Сондықтан да қоныстандыру басқармасының әкімдері де топырақ құрамын өздері дербес зерттеп, жаңа жерлер табуға ұмытылмай, қазақтардың егістік-шабындық жерлерін тартып алып және соңғылардың агрономдық біліміне сенім артты. Және жайлаған жерлер шаруалар үшін де қолайлы болуы тиіс деп ойлады.
"Жерді ата-бабадан қалған өз меншігі деп санаған қазақтар" деп жазды Ә. Бокейханов. Орыстың қоластына қарағанда, мемлекет пен жеке меншікке қол сұғуға дейін барады деп ойлаған жоқ еді. Бірақ орыс өкіметі ешбір сылтауларсыз-ақ, ашықтан-ашық және күштіні жақтайтын, барлық қазақ жерлерін мемлекеттік меншік деп санайтын заңдар жасады. Нәтижесінде қазақ даласына қарай келімсектер қозғалысы өрістеді және ең тамаша жерлер келімсектерге көшіп, ал олардың ең нашарлары — қазақтарға қалды.
Қысқасын айтқанда, патша үкіметінің қоныстандыру саясаты да оның бүкіл отарлау саясаты тәрізді реакциялық, тонаушылық сипатта болды. Патша үкіметінің қаскүнем пиғылы қазақтардың жер қатынасыңда айқын көрініс берді. Біз жоғарыда келтірілген материалдар Қазақстан тарихының кейбір теориялық-методологиялық мәселелерін айқындауға қызмет ете алады жөне қазақ халқы Ресей империясының құрамына өз еркімен қосылмағанын дәлелдейді".
Шоқан Уәлиханов сөзімен айтқанда: "Қазақтар орыс бастықтарының әрбір әрекетінен тек қана қастық бостандығымызға, тұрмысымызға қол сұғатын озбырлық деп білді"1. Бұл сөз шындық еді.
Ресейдің тарихы отарлауға негізделгенін атақты тарихшы В.О.Ключевский айтқанды. Ресейдің ұлы империялық қүдіреті отар елдердің көз жасына малынған еді, — дейді. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы бұзылды. Шаруашылықтың бұзылуы қазақ халқын күйзеліске апарар бірден бір бағыт екенін патша үкіметі білді. Патша үкіметінің көздегені қазақтарды экономикалық тәуелсіздігінен айыру болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет