Математика пәні бойынша 5сынып оқушыларына тірек конспектісі 4тоқсан Сабақ нөмірі: №133
Сабақтың тақырыбы: Проценті бойынша санды табу. Берілген санның процентін табу
Сабақтың мақсаты:Берілген проценті бойынша санды табуды меңгеру,берілген санның процентін табуды және күнделікті өмірдегі проценттерге байланысты есептерді шығара алады.
Проценті бойынша санды табу үшін:
Процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеп жазу керек;
Берілген санды осы бөлшекке бөлу керек.
Берілген санның процентін табу үшін :
Мысалы:
№1. Теңіз суының 5%-і тұз. Концентрациясы 20% болу үшін 80кг теңіз суының неше килограммын буландыру керек?
Шешуі: 5%=
кг
кг
80 – 20=60
Жауабы: 60кг булану керек
№2. Массалары 80г және 120г тұз ерітіндісі берілген. Бірінші ерітіндіде 12г тұз, екіншіде 15г тұз бар. Осы ерітінділердің концентрациясы неге тең? Осы екі ерітіндіні қосып араластырса, концентрациясы қандай болады?
Шешуі: 80г – 100%
12г – x%
(1-ерітіндіде 15% тұз ерітіндісі)
120 – 100%
15 – x%
(2-ерітіндіде 12,5% тұз ерітіндісі)
г
г
200г – 100%
27г – x%
Жауабы: Екі ерітіндінің концентрациясы
Тапсырмалар: №1. Тұздың концентрациясы 3%-тен 2%-ке кеміту үшін 20кг теңіз суына неше килограмм тұщы су қосу керек?
№2. 10%-тік 200г және 20%-тік 300г қант шырынын қосып араластырса, алынған ерітіндінің концентрациясы неге тең болады?
№3. Оқушы кітаптың 27 бетін оқып бітірді. Ол барлық кітаптың 15%-ын оқыған болса, кітап неше беттен тұрады?
№4.Тік төртбұрыштың ұзындығы 20 ке,ал ені 25 ке артты.
Сонда тік төртбұрыштың ауданы неше процентке артты?
Әзірлеушілер:Регинбаева Н.А., С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі.
Әшірова А.А., С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі.
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.