Демилитаризация-Қарусыздандыру
Демография- халықтың саны, құқрылымы және динамикасы туралы ғылым
Демографиялық саясат-халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесі.
Демографиялық дүмпу-халық санының щұғылда қарқынды табиғи өсуі.
Дерек-хабар-ошар.Ғылымдағы ізденіс нәтижесі,табылған мәлімет, оқиғалар дәйегі, ғылыми дәлел.
Деректану-тарихи деректер,олардың ашылуы,зерттелуі және қолданылуының теориясымен практикасы туралы ғылым.
Диктатура-мемлекеттік билікті жүзеге асырудың күш қолдануға негізделген тәсілі.
Дипломатия-мемлекетпен үкімет басшыларының, мемлекеттің сыртқы істер органдары қызметкерлерінің сыртқы саясат саласындағы саяси іс-әркеттері.
Дипломатиялық иммунитет-елшіліктерге, олардың басшыларымен қызметкерлеріне берілетін құқықтық және басқада жеңілдіктер.
Диссертация-Ғылыми дәреже алу үшін көпшілік алдында қорғауға даярланған ғылыми еңбек.
Диаспора-өз отанынан алыс елдерде қоныстанған халықтар. Диуан (дуан)- 1)монғол мемлекетінде атқарушы билік органы; 2)Ресей империясындағы округтік приказдар.
Девальвация- (құнсыздану) лат.тіл.,-имею значение (маңызым бар),стою (тұрарлық іс, тұрамын)-ұлттық валютаның құнсыздануы, ол ұлттық валюта бағамының шетел валюталарына немесе халықаралық ақша өлшемдеріне қарағанда төмендеуінен көрініс табады.
Делимитация- (межелену,шекараны қалыптастыру) лат. тіл.,- басқа мемлекетпен бекітілген келісімге сай мемлекеттік шекараны оның өту жолдарын діл сипаттамасымен анықтау және картаға түсіру.
Демаркация- (жүргізу, өткізу)фр тіл.,-шекараны делимитациалау туралы келісімнің негізінде арнайы шекарклық белгілермен көрсетілген мемлекеттік шекара шебін орнату.
Диверсификация- әртараптандыру;ол жаңа өнімдер рыногтеріндегі қызмет аясының санын ұлғайтуға бағытталған.
Экономикалық қызметті диверсификациялау (әртараптандыру) маркетинг стратегиясының бір түрі, ол өндірісті жан-жақты дамытуға, өндірістің бір-бірімен байланысты емес көптеген түрлерін бір мезгілде дамытуға, өндірілетін бұйымдардың түр-түрін кеңейтуге бағытталған.
Дивиденд (үлесақы, үлеспайда, акциядан түскен табыс) лат.тіл.,-салық төлегеннен соң айырған қаражаттың өндірістің өсуіне, қаржы қорына т.б қажеттілікке жұмсалған кейінгі акционерлік ұйымның қарамағында қалған пайданың акционерлер арасында бөліске түсетін бір бөлігі.
Дотация (жәрдем, демеу қаржы) лат.тіл.,-кәсіпорындарға , ұйымдарға, мекемелерге шығындарының орнын толтыру үшін немесе басқа да мақсаттарға мемлекет беретін жәрдем, үстеме ақы,материалдық көмек.