Коммендация-жеке басын қорғағаны үшін феодалдың әміршіге әскери қызмет немесе басқа да жұмыстар атқаруы.
Конгресс-халықтық сипаттағы кеңес, съезд.
Конверция-соғыс өнімдерін шығаратын кәсіп орындарды бейбіт заттар өндірісіне айналдыру.
«Қара шығын»- 1868жылы «Уақытша ережелер» қабылданғаннан кейін қазақтардан күштеп жиналған жанама салық.
Құжат-материал негізінде дәлме-дәл жазып алынған, бір ізге түсіруге мүмкіндік беретін ақиқат.
Қолданбалы (нақты) деректану-әр түрлі тарихи кезеңдерге тән нақты деректерді тану.
Құрылтай-халықтық мәселелер қаралатын, көп адам қатысатын үлкен жиналыс.
Лизинг,ағыл.,аренда, имущественный наем (мүлікті жалдау)- жабдықты, машиналарды,өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімді жалға беру.
Меритократия- аса дарындылығын, ерекше қасиеттерін ескере отырып хан сайлау принципі.
Маркетинг,ағыл.,рынок (нарық), сбыт (өтім);нем.,реализация (іске асыру) ,сбыт (өтім)-өндірісті басқаруға және өнімді өткізуге кешенді көзқарас, ол өндірілетін тауарлар өткізімін ұлғайту мақсатымен нарық талаптарын ескеруге және тұтынушылар сұранымына белсенді түрде ықпал етуге бағдарланған.
Маргинал-қалыптасқан әлеуметтік шеңберде, тұрақты әлеуметтік институттарда жікке, топқа жату белгілерін жоғалтқан, олардың арасындағы жеке жағдайдағы адамдар.
Мобилизация-(лат. mobilis)- әскери міндетті адамдарды жаппай әскери қызметке шақыру ісі, жұртты белгілі бір іске жұмылдыру әрекеті.
Мәмілегер-елді келістіретін, білімдар, ақылгөй, бітімші.
Менеджмент-өндірісті және қызметкерлерді басқару қағидаттарының, нысандарының, әдістерінің тәсілдері мен құралдарының жиынтығы, онда басқару ғылымының соңғы жетістіктері қолданылады.
Мердігерлік (подряд)- бір жақ (мердігер) екінші жақтың (тапсырма берушінің) тапсырмасы бойынша оның немесе өзінің материалдарын пайдаланып, белгілі бір жұмысты келісілген еңбекақы бойынша орындауға міндеттенетін, ал тапсырыс беруші атқарылған жұмысты қабылдап, келісілген ақысын төлеуге міндеттенетін шарт. Бұл шаруашылықты, жұмысты жүргізудің үдемелі әдісі.
Монополия (дара,жеке иелік) грек.тіл –бір адамға , бір адамдар тобына немесе мемлекетке тиесілі өндірудің, сауда жасаудың, кәсіп қылудың,қызмет көрсетудің т.б айрықша құқығы.