«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет66/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78
Байланысты:
«?àçà?ñòàííû? æà?à æ?íå ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõû»

Бекіту сұрақтары:

  1. Мәскеуде КОКП-ның 20 съезі қай жылы өтті?

  2. Брежнев қай жылдары, қандай отбасында дүниеге келген?

  3. 1957 – 1973 жылдары жұмысшылардың арасында қазақтардың үлес саны неше пайызға дейін азайып кетті?

24 лекция
Экономикалық басқарудағы реформалар
Мақсаты: студенттерге ел тарихының ХХ ғғ. 60 жылдарының екінші жартысында болған экономикалық-саяси өзгерулерді оқыту, тарихи көзқарастарын қалыптастыру.

  1. Экономикалық реформалардың мәні.

  2. 1965ж. КОКП ОК-нің наурыз және қыркүйек пленумдары.

  3. Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар, ауылшаруашылығының дағдарысты жағдайы.

  4. Тілдік мәселелер.

  5. 1965ж. шаруашылық реформалары.

1960-шы жылдары халық шаруашылығын әміршіл-әкімшілдік, бюрократтық жолмен басшылық жасаудың тиімсіз екендігі сезіліп, елдің сол кездегі басшылығы оны қайта қарауға талпыныс жасады.


Ғылыми-техникалық прогресс-қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының аса маңызды факторы. 60-жылдары ғылыми-техникалық прогресстің табыстары кең көлемде еңгізілді: электрлендіру және химияландыру, кәсіпорындарды бір жолға қуаты күшті жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандыру, учаскелерді, цехтарды, кәсіпорындарды және т.б. механикаландыру және автоматтандыру есебінен өндіріс интенсивтендірілді.
Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің негізгі процесстері: қазу, құлату және тазалау забойларына жеткізу, жер астында тасымалдау және темір жол вогондарына тиеу және т.б. механикаландырылды. Республиканың жетекші кен өндіру кәсіпорындарының қазіргі заманғы еңбек құралдарымен жарақтануы, онда қолданылатын технология жөнінен олар дүние жүзінің таңдаулы кәсіпорындары дәрежесінде, ал тіпті жабдықтардың кейбір түрі түрлерінен олардың алдында болды. Жер астына кен өндірудің озық жүйесі, жоғары өнімді жабдықтар, шапшаң бұрғылау барған сайын кеңінен еңгізіле берді, тиеу-тасымалдау процесстері механикаландырылды. Металлургия кәсіпорындарында технологиялық процесстерді шапшаңдатушы фактор ретінде оттегі үлкен көлнмде қолданылды.
І965 жылғы наурыз, қыркүйек және қазан айларында өткен КОПК Орталық комитетінің Пленумдары өнеркәсіпті басқару жөніндегі шаралардың арттырылғанын және жоспарлаудың жетілдірілгенін, өндірістің экономикалық тиімділігінің күшейгендігін атап көрсетті. Соған сәйкес кәсіпорындарда өндіріс салаларында есеп айырысудың пәрменділігін кеңейте түсу мәселесі қаралды, кәсіпорын қызметінің жетімсіз жақтарын түзеу көзделді, олардың шаруашылық дербестігі кеңейтілді, экономиканың мәнді тетіктері: кіріс, баға, сыйлық, несие тиімді пайдаланылды. Жұмысшылар мен ұжымдардың материалдық қызығушылығы артты. Жоғары жоспарлық міндеттер өндіріс қорларын, жұмысшы күшін,
материалдық және қаржы қорларын өндірісте толық пайдалану,
өндіріс техникасын жетілдіру және өнімнің сапасын арттыру
көзделді. 1960-шы жылдардың соңында республикада материалдық ынталандыру мен жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізуге 1467 кәсіпорын көшті, немесе барлық өнеркәсіп орындарының 80% осы
негізде жүмыс істеуге бағытталды. Шаруашылық реформа республика экономикасын дамытуға белгілі жағдайда көмек берді. Реформаның мүмкіндіктері мен артықшылықтарын о баста іс жүзіне асыруға, жоспарлаудың жаңа принциптерін экономиканы ынталандыруды жетілдіруді жүзеге асыруда белгілі күштер толық пайдаланылмады. Жаңадан құрылған экономикалық басқару жүйесінің бағыты тұрақсыздыққа айналды(жоспарларды қайта қарау, кәсіпорын құқықтарын шектеу, орталықтың әміршілдігінің күшеюі және басқалар етек алды). Реформа кәсіпорын деңгейінде ғана нақты жұмыс орнына жетпей, екінші жағынан басқару тетіктерін нақты қозғамай бір орнында тоқырап қалды. Реформаны төменнен қозғау әрекеті экономикалық бағдарлауға ұласып кетті.
Бұл жылдары республика өзінің рөлін сақтап қалу үшін КСРО аймағындағы ірі кәсіпорынның біріне айналу үшін елеулі жұмыстар атқарды. Хром өндірудің көлемін арттыру бойынша Қазақстан Одақта алдыңғы қатарга шықты, көмір, темір, марганец рудалары бойынша үшінші орында болды. Республика бүкіл Одақ бойынша сары фосфор, шығаруда 90%, жемдік фосфор шығаруда 40% және мыс, мырыш, қорғасын өндіруде 30 дан 70% дейін көрсеткішке жетті.
Мұнай өңдеу, оны қайта өңдеу, оны іздестіру барлау жұмыстарында жаңа техникалар мен технологиялар жетілдірілді. 1965 ж. 308 мұнай скважинасы кешенді автоматтандырылды. Мұнай қазу процесінде тетіктер механизмдері жүзеге асырылды. 198 мың т. мұнай жер қабатына жасанды жолмен әсер ету тәсілі арқылы өндірілді. Машина құрылысында қаттау, техниканы жинау, ұста, пресс және т.б. цехтардың жұмыстарын прогрессті даму жолдарын жетілдіру шаралары үздіксіз қолданылды.
Электр қуатында құрал-сайманмен жабдықтау құрылымы өзгертілді. Электр станцияларында аса қуатты дара агрегаттар жұмыс істеді. Жоғары қысыммен жұмыс істейтін агрегаттар саны артты. Автоматтандыру, телемеханика, электрондық есептеуіш техникасы көбейді. Осының нәтижесінде республика өнеркәсібін қайта құруда, кәсіпорынды техникамен қайта жабдықтауда, жаңа техниканы енгізуде, прогрессшіл техниканы енгізуде белгілі табыстарға қол жеткізілді.
Осының өзінде ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізуде, сол кездегі шаруашылық механизмінің жетілмеуі салдарынан үлкен қиыншылықтар кездесті. Жоғары өнімді прогресті және технологияны енгізу өте баяу іске асырылды. Шығарылатын өнімнің құрылымында жаңа прогрессшіл материалдар - полимер, ағаш қаттамалары т.б. қолданылмады. Кәсіпорындар және оның тұтас салалары іс жүзінде өнімнің техникалық деңгейін арттыруға ынталы болған жоқ, себебі бұлардың үстінен жоспар, көлем, вал зорлап танылған еді.
Тың игерудің әлеуметтік жағдайға келтірілген зиянын айтқан кезде, аймақтық-проблемалық қайшылықтардың арасындағы шиеленісті мәселелерді көтерді. Қазақстанның өндіріс күштерін дамытудағы қайшылықтарды айтпай кетуге болмайды. Тың, өнеркәсіпті Шығыс сияқты, мемлекеттік инвестицияны тартудың негізгі орталығына айналды. Республиканың басқа аймақтары мұндай қатынаста шектеу көрді, құқықтары кемітілді. Соның салдарынан өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымда даму тепе-теңдігі бұзылды. Өндіруші күштерді пайдалануда, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде, демографиялық және экологиялық мәселелерді шешуде қолайсыздықтар туды. Осының барлығы «Солтүстік-Оңтүстік» проблемаларының туындауына, әр түрлі жобалардың көлеңкелі жақтарының шоғырлануына тиісті база болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет