«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»


Елдің ішкі саяси мәдени жағдайы



бет74/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
«?àçà?ñòàííû? æà?à æ?íå ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõû»

Елдің ішкі саяси мәдени жағдайы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының ішкі саяси -мәдени жағдайын қарастыру.

  1. Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі декларациясын жариялау

  2. Президенттік бүкілхалықтық сайлау

  3. Н.Ә. Назарбаева Қазақстанның бірінші президенті

  4. Қазақстан Республикасының құрылуы

Тәуелсіздігіміздің бастауы болған, егемендігіміз туралы Декларациядан кейін 1990 жылдың 25 қазаны — Республика күні болып жарияланды. Бүл қүжатта Қазақстанның егемендігі, оның аумағында ешкімнің қол сүқпайтындығы, ондағы жер үсті мен жер асты байлығы Қазаңстанның қүндылығы болып саналатындығы тайға таңба басқандай етіп жазылды.
Қазақстан Республикасы- егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-нің атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. Қазақ халқының тынымсыз күресінің арқасында тәуелсіздік жолындағы күресі жүзеге асты. Сонымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі« туралы конституциялық заңы қабылданып, салтанатты түрде жарияланды. 7 тарау 18 баптан түратын бүл заңның 1 бабында былай жазылған: «Қазақстан Республикасы-тәуелсіз, демократиялық және қүқықтық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленді, өзінің сыртқы және ішкі саясатын дербес белгілеп жүргізеді« делінген. Осы заң бойынша өкімет билігіне өзгерістер енгізілді.Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бекітілді. Халақ атынан сөйлеу билігі Президент билігіне берілді.
1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Назарбаев бүкілхалықтық дауыс беру арқылы түңғыш Президентіміз болып сайланды.
Тәуелсіздік тарихында 1992 жылдың өзіндік ерекшелігі бар. Бүл жыл елдік үшін де, ел үшін де айрықша сынақ жылы болды.
Бүл жылы қазақтың өзгелермен терезесі тең, керегесі кең мемлекет қүруға қабілеттілігі сынға түсті.
Бүл жылы Дүние жүзі қазақтарының түңғыш қүрылтайы өтті. Оның идеясын Президентіміз Түркияға барған сапарында айтқан болатын Осы Қүрылтайда бүкіл әлемдегі қазақ атаулы жиналып, көк тудың астында бас қосқан еді. Құрылтайға қатысушылар Елбасына ыстық ықыласын жеткізді. Осы Қүрылтайдан кейін Қазақстанды мекен еткен барша үлттар мен үлыстардың басын қосып, береке-бірлікке бастайтын форум өткізу қажеттілігі туды. Бүл форум тамыры тереңге тартылған достық пен туысқандық дәстүрлерге негізделе беретініне сенім туғызды.
30 лекция


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет